?аза? тілі бойынша та?ырыбы Спорт жарыстары (3 сынып)


Сабақ жоспары:
Сынып 3 «Ж» Мерзімі: 15.03.2017жыл.
І. Сабақтың тақырыбы: Спорт жарыстары.
ІІ.Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1.Интербелсенді тапсырмалар арқылы спорт жарыстары тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру; Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру; Оқушыларға спорт түрлері, спорт жарыстары туралы таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу. Оқушыларды оқыта отырып тәрбиелеу. Мәтіндерді баяндау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу, бейнебаян арқылы елінің патриоты болуға тәрбиелеу..
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): спорт жарыстары туралы ақпараттар береді, оларды таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы спорт жарыс-тарын сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен спорт жарыстары жөнінде тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы диалог құрастырады.
Негізгі түсініктер: Спорт жарыстары, ұзындыққа секіреді, секіргіш, салауатты өмір салты.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, видеороликтер, слайдтар, А- 3 парағы мен түрлі-түсті қарындаштар, кітап көрмесі, суреттер, мақал-мәтелдер, стикерлер, бағалау парақшалары т.б.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз беттерімен жұмыс, сөз одағын құру, «постер» әдісі, «Шаттық шеңбері» тренингі, миға шабуыл, «Шағын шолу стратегиясы», «Интеллектуалды марафон» әдісі, сергіту жаттығулары, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.
Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру, тарих, қазақ әдебиеті, музыка, валеология
Дереккөздері: Әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, сөздік, ғаламтор.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
ТапсырмаМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіI. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызуЫнтымақтастық атмосфералық жағдай қалыптастыру. «Шаттық шеңберін» құру.
Балалар, бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр. Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын. Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін!
Ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер?
мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр, Рахмет!
Сәттілік!
Тек, бестік!
1-кезең
Топқа бөлу кезеңі: Жасырынған суреттерді алу арқылы екі топқа бөлінеді.
«Қысқы спорт» тобы
« Жазғы спорт» тобы
Білімдерімізді жүйелеп сарапқа салу үшін біз екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Жақсы жұмыс істеген топ «Жеңімпаз» атанады. Топ мүшелері әрбір дұрыс жауаптары үшін асық алады. Көп асық жинаған топ жеңіске жетеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

Бағалау парағы Мұғалім оқушыларға бағалау парағын таратады. Оқушылар бағалау парағын толтырады.
ІІ. Өткен сабақты тексеру: «Интеллектуалды марафон» әдісі бойынша екі топқа ортақ сұрақтар қойылады.
Спортзал деген не?
Ол қайда орналасқан?
Спорт деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Спорттың адамға пайдасы бар ма?
Қазақстанның танымал, атақты спортшыларын атап беріңдерші?
Жақсы спортшы болу үшін не істеу керек? (Слайд арқылы көрсетіледі)
Оқушылар жауап береді.
Дұрыс жауаптары үшін асық алады.
2-кезең Қызығушы-лықтарын ояту:
«Миға шабуыл» стратегиясы Балалар спорт жарыстарының қандай түрлерін білесіңдер?
«Көк тудың желбірегені» әнімен бейнебаян көрсетіледі.
Жақсы жауап берген балалар
асық алады.
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.
Оқушылар көреді, тыңдайды, талқылайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Спорт өмірді ұзартады,«Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт жарыстары, спорттың адам өміріндегі алатын орны туралы сөйлесеміз.
Сонымен балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз спорт жарыстары деп аталады.
Сабағымыздың мақсаты: Спорт жарыстары туралы терең түсінік алу, жаңа сөздерді үйрену, салауатты өмір салтын ұстауға талпыну.
Салауатты өмір салты – ЗОЖ
Күнделікті қолданыста – в повседневной жизни
Жетістіктерге жетеді – добиваться успехов
тәрбие береді - дает воспитание
Спорт жарыстары – Спортивные соревнования
Енді балалар, сіздерге мынадай сұрақ бізде жақында қандай спорттық жарыс болды? Алматы қаласында...
Дұрыс айтасыңдар! Универсияда -2017 Алматы қаласында өтті.
(Слайдпен таныстырамын) Оқушылар интерактивті тақта арқылы жаңа сөздерді оқып есте сақтайды.
Сөздік дәптерлеріне жазады.
Оқушылардың жауабы.
Оқушылар өз ойларын айтады.
3-кезең Мәтінмен жазба жұмысы
Топтық жұмыс
Дәптермен жұмыс Мұғалім дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты түсініп, қабылдауға нұсқау жасайды. Мәтін таратады. Үлестірмелі қағаздағы мәтіндер екі топқа таратылады.
Жақсы жауап берген топқа асық беріледі. Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді жазады.
Мәтінді көшіріп жазады, топпен аударады, футболшы, баскетболшы – деген сөздерді жіктейді.
Қосымша ақпараттар Балалар, енді сіздерге мынадай бір қызықты ақпараттар айтып кетейін. Спорттың түрі, спорт жарыстарының түрі өте көп. Әр елдің өз мінезіне, әдет-ғұрпына тән спорты бар. Мысалы: қазақ халқының және де басқа да халықтардың спорттары бар (таныстырамын)
«Кітап көрмесі» жайлы айтып кетемін. Оқушылар зер салып тыңдайды.
Сергіту сәті Ал, балалар енді сәл демалып алайық. Мұғалім бейнематериал қосады. Оқушылар сергітуді жақсы көңіл-күймен орындайды.
4-кезең
«Интеллектуалды көкпар» әдісі «Кім білімді?» атты ойын.
Сөйлемді дұрыс құра:
А) Мектепте спорттық біздің жарыс өтті.
Б) Барлық қатысты оған оқушылар.
Мақалдарды аяқта:
А) Денсаулық – зор ....
Б) Ауырып ем ....,
Ауырмайтын жол .... .
В) Спорт – көркі ... ,
Спорт – досың ... .
С) Спортпен ...,
Жалқаулықпен .... .

Топтар кезекпен жауап береді жеңген топ асық алады.
ІV. Бекіту: «Постер қорғау» әдісі топтар спорт тақырыбына постерлерін қорғайды.
1-топ. «Жазғы спорт» тобы. Жазғы спорт түрін қорғайды.
2-топ. «Қысқы спорт» тобы. Қысқы спорт түрін қорғайды.
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Жақсы жауап берген топ асық алады.
5-кезең
«Интеллектуалды жекпе-жек» Екі топтан бір оқушыдан шығып диалог құрастыру керек. Оқушылар тақырып бойынша диалог құрастырады.
V. Қорытынды-лау: «Ат жарысы» қазақтың ұлттық ойыны бүгінгі тақырып бойынша екі топ бір-біріне сұрақ қояды. Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Жақсы жауап берген топқа асық беріледі.
VI. Бағалау Білімдерін мұғалім бағалайды
Мұғалім жеңімпаз топты айтады. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.
Марапаттайды.
VIІ. Рефлексия Мұғалім «Бағдаршам» парағына өздеріне ұнаған түске стикер жабыстыруды ұсынады.
Қызыл түс – «сабақ ұнамады»
Сары түс – «орташа»
Жасыл түс –«сабақ ұнады»
Оқушылар стикерді жабыстырады
VIII. Үй тапсырмасын беру. Үйге «Спорт – денсаулық кепілі тақырыбына шығарма жазу» Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар! ІІІ. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Спорт шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.
Спорт өмірді ұзартады,
Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы. Ендеше бүгінгі сабағымызда спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны, Қазақстан спортының мақтаныштары туралы сөйлесеміз.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
170- бет, 5- тапсырма.
(Берілген тақырыптар бойынша оқушылардың өз ойларын айтуы)
4. Спортқа байланысты жаңалықтар дайындап келу.
( Екі тілші Қазақстан бойынша және қала байынша спорт жаңалықтармен таныстырады)
4. Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
* Балалар, біздің тілшілеріміз өз жаңалықтарында қанадай спорт түрлерін атап кетті?
*
* Оқушылардың жауабы………
*
* Өте жақсы, осының бәрі спорт түрлеріне жатады. Ендеше балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Спорт түрлері»
* Спорт — денсаулықты жақсартады, денені шынықтырады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қа түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы –дей, тырып, оқушылар біз қазір «Спорт түлері» атты мәтінмен жұмыс жасаймыз.
* Ол үшін 171- беттегі, 1 тапсырмағаға қараймыз2. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалімнің мәтінді оқып, таныстыруы.
Оқушылардың мәтінді оқуы.
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс:
Салауатты өмір – ЗОЖ
Маңызы зор – большое значение
Күнделікті қолданыста –
Жетістіктерге жетеді – добиваться успехов
4. Сұраққа жауап беру:
— Спортпен айналысудың маңызы қандай?
— Елімізде спорт қалай дамып келеді?
— Спорт түрлерін ата?
— Адам спорт түрлерімен айналысса неге жетеді?
5. Тірек сызбамен жұмыс.
6. Тақтамен жұмыс.
Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар4-тапсырма. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.
(1,2 тапсырманы екі оқушы тақтаға жазады, қалған тапсырмаларды отырған оқушылар үш қатарға бөліп орындайды)
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Мектепте, спорттық, біздің , жарыс , өтті.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзді үш шаққа қойып жаз.
Барлық, қатысты, оған, оқушылар.
Үш қатарға тапсырма беріледі.
І қатар.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Футболдан, жеңді, команданы, барлық, сыныптастарымыз, біздің.
ІІ қатарСөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзді септеңдер.
Қыздарымыз, жеңіп, баскетболдан, алды, орын, бірінші.
ІІІ қатарСөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөздер қай шақта тұрғанын анықта..
Білдірді, алғысын, жарысқа, сынып, жетекшіміз, командаларға, қатысқанІҮ. Бекіту.
1. 3-тапсырма. Ауызша орындау.
2. Сұраққа жауап алу.
ІҮ. Қорытындылау.
1. Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оқу, мазмұндау.
2.Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий