Открытый урок по казахскому языку на тему С?йлем


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: 
1. Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске
түсіре отырып толықтыру.Сөйлемді айтылу мақса-
тына қарай ажырата білуге машықтандыру және
сауаттылықтарын арттыру.
2. Оқушының танымдық белсенділігінарттыру, ойын, тілін, дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізіндетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: белсенді тақта, сын тұрғысынан ойлаужәне жазу стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн,достар!
Бүгінгі күн,міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.Әр топ жетекшісінің міндетімен,топ мүшелерін топ жетекшілері бағалайтынын айту.
Топтардың аты :
1топ «Ұлан»
2 топ «Қыран»
ІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу.
-Ал,балалар ребус шешіп көрейік.(сөйлем)
С
К  
-Қандай сөз шықты?
-Сөйлем.
-Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?
-Сөйлем тақырыбына байланысты.
-оқушылар 1-2 сыныптардан сөйлем тақырыбымен таныссыңдар-Ендеше сөйлем тақырыбы бойынша нені білеміз?Канеки,ойымызды жинақтайықшы.
-Ал енді айтқан ойларымызды топтастырып көрейік.(Интербелсенді тақтада топтастыру)
Ә)ТоптастыруСөйлем

left0

Сөйлем сөзден құралады.
сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады
сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты боладысөйлем тиянақты ойды білдіредіБ)Оқушы-
Оқушы сабаққа келді.
-Қайсысы сөз,қайсысы сөйлем?
-Сөз дегеніміз не? Сөз ол бір заттың атауын білдіреді.Мысалы: парта,тақта т.с.с-Ал сөйлем дегеніміз-тиянақты бір ойды жеткізіп тұр.
Сөз бен сөйлем ұғымы.
Сөз ол зат, құбылыс атауы. Адамдар бір-бірімен өзара пікір алысады, сөйлеседі, осы сөйлесу сөйлем арқылы жүзеге асады.
В)Сөйлем түрлері.
-Өріске шыққан малдар ауылдан ұзап барады-Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді-Ауа райы қандай тамашаосы сөйлемдерде не жетіспейді?
Тыныс белгілеріОл қандай тыныс белгілері?
Нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісіБірінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Нүкте
Ол қандай сөйлем?
Хабарлы сөйлемЕкінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Сұрақ белгісіОл қандай сөйлем?
Сұраулы сөйлем.
Үшінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Леп белгісіОл қандай сөйлем?
Лепті сөйлемӘрқайсысының анықтамаларын оқушыларға айтқызу.
1.Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем
дейміз.
2.Жауап алу мақсатында айтылған айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем
дейміз.
3.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкідауыспен айтылады.
Тапсырма1.Алдымен сұраулы ,екінші хабарлы, сонан соң лепті сөйлемді көшіріп жаз.
2. Екуара сөйлесіңдер.
2- тапсырма.
Ертегі.
Ерте, ерте ертеде, Қазақ тілі үлкен елінде Сөйлем деген қария өмір сүріпті. Ол қарияның үш ұлы болыпты. Үш ұлы үш түрлі болған екен. Үлкен ұлы ісіне тиянақты, тыңғылықты, екіншісі сұрағанды жақсы көреді , үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып,бірде бұйыра сөйлейтін ерке болыпты.
Қария үш ұлының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай біліпті.
Бұлар қандай сөйлем деп ойлайсыңдар? Олардан кейін қандай тыныс белгілер қойылады?
Ереже
Хабарлы сөйлем дегеніміз- бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді айтамыз. Хабарлы сөйлемнің соңына (.) қойылады.
Сұраулы сөйлем дегеніміз-жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді айтамыз. Сөйлемнің соңына (?) белгісі қойылады.
Лепті сөйлем дегеніміз- адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді айтамыз. Лепті сөйлемнің соңына (!) белгісі қойылады.
Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын.

2.Сөзді құрап, доп түземін,
Қоя салсаң, бір тары
Жаңалықты жеткіземін.
3.Ойды аяқтап, орақ тұрады.
Жауап сөзді,қалап тұрады.
4.Ұранды шаттықты,
өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың,шарға ине қадаймын.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.
2.Адамға, пайда, келтіреді, құстар көп.
3.Ол,айырылып,қалды, шанадан,абайсызда.
4.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.
3- тапсырмаОқулықтан оқып орындау. (жазбаша). Сөйлем соңына не нүкте, не леп белгісі, не сұрау белгісі қойылады деген ережені бекіту.
Сабақты бекіту.
БиС технологиясының қиылысу сұрақтары арқылы сабақты бекіту. Берілген сөйлемдердегі мәлімет дұрыс болса, онда «иә» деп жауап беріңдер, ал дұрыс болмаған жағдайда «жоқ» деп және дұрыс жауабын жалғастырып жазыңдар.
«Табиғат жақсы ма?» - бұл хабарлы сөйлем
Сөйлем мағынасына қарай 3-ке бөлінеді
Сөйлем дыбыстан тұрады
Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады
Сөйлемнен соң нүкте, леп, сұрақ белгісі қойылады
«Біз аулаға шықтық.» - лепті сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем лепті сөйлем
Бастауыш пен баяндауыш тұрлаусыз мүшелерден тұрады.
Мәтін сөйлемнен тұрады.
Сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
ІІІ.Қорытынды
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлемнің түрлері нешеге бөлінеді?
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
-Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
-Лепті сөйлем дегеніміз не?
-Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
Бағалау.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Ж.Баласағұн
IV. Үйге тапсырма:
1)4- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
2) «Мен Тәуелсіз ел тірегімін» тақырыбына әңгіме жазып келу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий