Ашы? саба? Теледидар Математика таным


Тақырыбы: Теледидар
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Теледидар Мақсаты: балаларды өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып, атай білуге үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу; санау дағдыларын арттыру; Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: теледидар үлгісі, геометриялық пішіндер, үнтаспа, Леопольд мысығының, тышқандардың суреттері, құлып, кілт, доптар мен текшелер, ірімшіктің суреті. Билингвалды компонент: құлып-замок, кілт-ключ, ірімшік-сыр, мысық-кошка, тышқан-мышь.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Рефлексивті-түзетушілік
Үнтаспадан көңілді әуен естіледі. Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Тікрейіп құлағы, Бізден бұрын тұрады. Беті-қолын жуады, Тышқандарды қуады.
–Леопольд туралы мультфильм көрдіңдер ме? Ол сендерге ұнай ма? Мысық қандай? Оған нелер зиян жасап жүрді? Ал, сендер дос бола білесіңдер ме? -Леопольд мысықтың жақсы көретін қандай сөздерін білесіңдер? «Қонаққа барамыз» ойыны -Қазір біз сиқырлы таяқшамен Леопольд мысықтың үйіне барамыз. Үшке дейін санатып, ойын бұрышындағы алдын ала жасалған үйшікке алып барады. Мынау Леопольдтің үйі, шуламай, ақырын кіреміз. Мүмкін ол ұйықтап жатқан шығар. «Құлыптың кілтін тап» дидактикалық ойыны Балалар, Леопольд мысық үйінде жоқ, бірақ та кілтін тастап кетіпті. Құлыптың кілтін көлеміне, түсіне сай тауып алуды ұсынады. «Доптар мен текшелер» дидактикалық ойыны Еденде доптар мен текшелер шашылып жатыр. Балалар, қараңдаршы бәрі шашылып , былығып жатыр, тышқандар бүлдірген ғой, олар нені шашып тастаған? Қане, бірін орнына қойып келтірейік. Текшелерді қызыл қорапшаға, ал доптарды көк қорапшаға салуды тапсырады. Сұрақтар қояды: Доптар қандай пішінге ұқсайды? Текшелер қандай пішінге ұқсайды? Сергіту сәті: Оң қолымды көтерем, Оң қолымды түсірем. Сол қолымды көтерем, Сол қолымды түсірем. Оңға бұрыламыз, Солға бұрыламыз. Бір отырып, бір тұрамыз Орнымызды табамыз. Балалар екі топқа бөлінеді. Мысық тобы және тышқан тобы. Мысық-кошка-кәт Тышқан-мышь-маус «Теледидар» дид. ойыны Балаларға дөңгелек, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді беріп үлгіге қарап теледидар құрастыруға ұсынады. «Қанша болса сонша» дидактикалық ойыны
Біздің тақырыбымызды естіп, тышқандар жүгіріп келіпті. Леопольд оларды ылғи кешіріп жүреді, біз де оларға тәтті ірімшік берейік. Қанша тышқан болса, сонша ірімшік беруді ұсынады. Бір тышқанның ірімшігін алып қойып, сұрақ қояды: Тышқан көп пе, әлде ірімшік көп пе? Тышқан мен ірімшік саны бірдей болу үшін не істеу керек? Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады: Қандай жануармен таныстық? Біз не істедік? Қандай ойын ұнады? Балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды. Жарты шеңбер бойы тұрады, көңілді әуен тыңдайды, жұмбақты шешеді.
(Мысық)
Сұрақтарға жауап береді.
Тату өмір сүрейік!
Тәрбиешімен бірге ойын бұрышына барады.
Түсіне, көлеміне қарап, құлыпқа кілтті тауып береді.
Доптар мен текшелерді жинап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.
Дөңгелек, үшбұрыш, шаршыдан теледидар құрастырады.
Жолақшаның бірінші жолына үш тышқан, екінші жолына үш ірімшік қояды.
Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: екі топтағы заттарды салыстыру. Нені игереді: санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіруді. Нені біледі: геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратуды.
МҚКК «Айналайын» балалақшасы
Ашық сабақ
ҚМҰҚ
«Теледидар»
ll кіші топ
Орындаған: Рахимова А.Ж.

Приложенные файлы


Добавить комментарий