ЕКІЖА?ТЫ Б?РЫШ, ОНЫ? СЫЗЫ?ТЫ? Б?РЫШЫ. 10 СЫНЫП


Пән: геометрия
Сынып: 10 «ә»
Күні: __________
Тақырып: Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы.
Мақсаты:
1.Білім берушілік: Екіжақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы.
2.Дамытушылық: Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру; Есеп шығару дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;
Типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
А)оқушының сабаққа қатысы
Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
Екіжақты бұрыш.
Жартыжазықтықтар екіжақты бұрыштың жақтары деп, ал олардың ортақ шекарасы екіжақты бұрыштың қыры деп аталады.
Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы
Өзара тең екіжақты бұрыштардың сызықтық бұрыштары да тең.
Екіжақты бұрыштың шамасы деп оның сызықтық бұрышының шамасы аталады.
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
1. АBC үшбұрышында бұрыш С тік, бұрыш А 300. С нүктесі арқылы жазықтыққа СМ перпендикуляр жүргізілген. АС=18 см, СМ=12 см. М нүктесінен АВ түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
А) 10 см В) 15 см С) 9 см D) 7 см Е) 6 см Дұрыс жауап: В
2. МРНК тетраэдр табанында МРН үшбұрышы орналасқан, Н бұрышы 900. НК табан жазықтығына перпендикуляр. К нүктесінен МР түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.КН=9 см, РН=24 см, МРН=300.
А) 15 В) 16 С) 9 D) 12 Е) 8 Дұрыс жауап: А
3. АВС үшбұрышы АС=ВС=10 см, В=300. ВD түзуі үшбұрыш жазықтығына перпендикуляр. ВD=5 см. D нүктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
А) 2 дм В) 3 дм С) 2,5 дм D) 1 дм Е) 1,5 дм Дұрыс жауап: С
4. Ромб АВСD бұрыш А=600, қабырғасы 4 см. АЕ түзуі ромб жазықтығына перпендикуляр. Е нүктесінен DC түзуіне дейін 4 см. Е нүктесінен ромб жазықтығына дейін қашықтықты табыңыз.
А) 5 В) 6 С) 9 D) 2 Е) 8 Дұрыс жауап: D
5. АВСD параллелограмында АВ=20 см, Параллелограмм жазықтығынан тыс М нүктесінен АВС жазықтығына ВМ перпендикуляр. МА және АВС жазықтығы арасындағы бұрыш 600 болса, М нүктесінен АВС жазықтығына дейін қашықтықты табыңыз.
А) 20 В) 21 С) 20 D) 25 Е) 24 Дұрыс жауап: С
6. Тең бүйірлі АВС үшбұрышы АС=CB=a, ВАС=300, жазықтықтан тыс М нүктесінен АВС жазықтығына СМ – перпендикуляр тұрғызылған, СМ=а. АМ және МВС жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз.
А) 450 В) 600 С) 900 D) 200 Е) 300 Дұрыс жауап: Е
Үйге тапсырма: №149, №150, сұрақтарға жауап беру.

Приложенные файлы


Добавить комментарий