Коучинг. О?ытуды? белсенді ?діс-т?сілдерін саба? ?рдісінде ?олдану жолдары


Мерзімі
26 қараша 2015 жыл Коучинг
Сабақтың тақырыбы Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану жолдары
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық, А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», ғаламтор.
Жалпы мақсаты Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс- тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу.
Оқу нәтижесі  Кейбір оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдануды үйренеді;
Өздерінің де іс-тәжірибелерін ортаға салады, талқылайды;
Оқытудың белсенді тәсілдерінің тиімдісін, қажеттісін таңдап,саралап өз сабақтарында қолданады.
Түйінді идеялар: Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері-оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.
Жұмыс мазмұны Коучтың іс- әрекеті Мұғалімдердің
іс- әрекеті Ресурстар
Топқа бөлу Есіктен кірген мұғалімдерге қош келдіңіздер айтылып, гүлдер ұсынылды.
1.Раушан гүл
2.Лалагүл
3. Түймедақ гүлі
4.Қызғалдақ Ұсынылған гүлдер бойынша 4 топқа бөлініп отырады. Гүлдер бейнеленген төсбелгі, гүлдер топтамасы
Жұмыс барысы Жұмыс «Пирамида» әдісі арқылы жүретінін түсіндіру.

Жеке жұмыс
(оқушы рөлінде)
«Арман ағашы» мәтінін беру, тапсырмалардың орындалу жолдарын түсіндіру.
Мәтінді түсініп оқып, мәтіннен кейінгі функционалдық сауаттылыққа байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.
Мәтін мен тапсырмалар жазылған парақшалар
Жұптық жұмыс
(оқушы рөлінде)
Тапсырманы жұпта талқылауға,
мәтін бойынша жұптық қорытынды түйін жазуға уақыт беру
Тапсырмаларды жұпта талқылап, түйіндерін жапырақшаларға жазып, түсіндіріп, ағашқа іледі. Ағаш суреті, жапырақтар
Топтық жұмыс
(оқушы рөлінде) «Рөлдік ойын» әдісі.
1.конверттегі пікірді рөлге бөлініп талқылау.(топ мүшелеріне рөлдер алдын-ала дайындалып, конфертке салынған)
2.конвертте дыбыссыз мультфильм берілген соны рөлге бөліп дыбыстау қажет.
(екі топқа бір тапсырма) Топтар өздері таңдаған тапсырмалар бойынша жұмыстанады.
1,3 топ «Арман» тақырыбына байланысты берілген пікірді талқылайды.
2,4 топ мультфильмді
«Арман» тақырыбына сай дыбыстап, рөлге енеді.
Тапсырмалар салынған конверттер, ноутбук
Топтық жұмыс
(мұғалім рөлінде)
Төмендегі жұмыс түрлерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы қалай ұйымдастыруға болар еді?
Жеке жұмыс түрлері
Жұптық жұмыс түрлері
Топтық жұмыс түрлері
Аудиториямен жұмыс түрлері
Әр топ берілген тапсырманы дайын картиналарға (постерге) орындап, белгіленген жерге іледі. Маркерлер, түрлі түсті бояулар, флипчарттар
«Галереяны шарлау» әдісі.
Әдістің барысын, топтардың галереяны аралау бағыты мен уақытын түсіндіреді. Әр топтан бір спикер өздерінің жұмыстарын 1 минут ішінде нақты әрі түсінікті етіп түсіндіреді. Аудиториямен жұмыс «Аукцион» әдісі.
Топтардың картиналары сатылымға аукционға қойылады. Сатып алу үшін сол картина туралы жақсы пікірлер айтылу қажет. Ең үздік пікір айтқан кісіге картина сатылады. Картинаны не себепті алғысы келетінін, маңыздылығын айтып, пікірлерін білдіреді. Түрлі түсті қағаздан жасалған таяқшалар
Кері байланыс Смартфон арқылы сұрақтар береді.
Барлығы толық жазып болған соң қорытынды шығарады. Берілген сұрақтарға жауап жазып, өз пікірлерімен бөліседі. Смартфон

Приложенные файлы


Добавить комментарий