Мастер класс по теме Рефлективті о?ыту жа?дайда сыни т?р?ыдан о?ытуды ?йретуді? тиімділігі.


Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Саумалкөл селосы
Саумалкөл №1 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Калиева Толкынай Аманжоловна
3 айлық бағдарламасы бойынша шеберлік сыныбының жоспары
Шеберлік сыныбының тақырыбы: Рефлективті оқыту жағдайда сыни тұрғыдан оқытуды үйретудің тиімділігі.
Шеберлік сыныбының мақсаты: Үш айлық курс бағдарламасы бойынша өз тәжірибеммен мұғалімдермен алмасу.
Шеберлік сыныбының міндеті: Ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру арқасында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша білімдерін жетілдіру
Модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Жұмыс түрлері: Жеке, жұптық, топтық
Жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ватмандар, маркерлер
Стратегиялар: « Миға шабуыл», байланыс кестесі, «Эйлер шеңбері», «топтастыру», «ұқсастық пен даралық», «Галереяда ой шарлау» стратегиялары
Тірек сөздер: Галереяда ой шарлау, сатылар, стратегиялар, топтастыру, сыни тұрғыдан, «Ойлан, жұптас, ортаға сал».
Шеберлік сыныбының барысы:
І. Педагогикалық тәжірибе таныстырылымы
Кіріспе: Салеметсіз бе, құрметті ұстаз қауымы, қадірменді «жана формациялы» мұғалімдер!
Уақыт өз орнында тұрмай алға қарай жылжи береді,сол уақыттың әрбір минут, секундымен бірге біз, ұстаздар қауымы да өз білімімізді жетілдіріп, қазіргі заман талабына сай білім беруде жаңашылдыққа құмартып, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгеруге тиіспіз. Осы мақсатпен алдарыңа шеберлік сыныбын өткізуге келіп тұрмын. Өзіммен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.Өзіммен таныстыру (1 слайд)
2.Мектеп жұмысымен таныстыру (2 слайд).
Оқушылардың білім сапасымен таныстыру (3 слайд)
Презентация арқылы өзіммен таныстырамын, мектептегі ахуалды жағдайларды айта кетіп, пробеламарды шешудің түйінді идеяларын ұсынамын.
3.Модуль туралы қысқаша мәлімет беру. СТО деген не?, мақсаты қандай?, стратегиялары, сатылары туралы қатысушылардың ойларын жинақтап, пікір алмасып, өз көзқарасыммен және нәтижеммен танстырдым) (4-7 слайдтар
1. Кіріспе.
Мақсаты: Қатысушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпқа байланысты ойларын жинақтау
Қадамы: « Миға шабуыл» стратегиясы арқылы «Сыни ойлау» тіркесіне ой жинақтау (ассоциация).
Уақыты нақ беріледі, қатысушылар екі минут ішінде «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы алғашқы келген ойларын айтып, ортаға салып, ойларын жинақтайды.
2. Топтарға тапсырма беру кезеңі. (2мин.)
Менің мақсатым: Қатысушылармен стратегиялық шеберлік сыныбын өткізу барысында топқа бөлу, тапсырмаларды тарату, оның орындалу барысына бағыт-бағдар беру.
Қатысушылардың мақсаты: Ұстаздарды топ бойынша бірлескен әрекетке икемдеу, әрбір қатысушының өзінің топ мүшесі екенін сезіндіру.
Қадамы: Әр топқа түрлі стратегиялар арқылы жеке тапсырмаларды үлестіру. Әр топ топ ережесімен танысып және оны сақтай отыра, өз тапсырмаларын орындайды. Тақырыптық идеяларды негізге ала отырып сабақта қолдануға болатын тиімді әрі ұтымды әдіс-тәсілдердің тізбегін көрсететін болады
Топтың ұстанымы:
«Ойлан, жұптас, ортаға сал»
Топтың ережесі:
Спикеріміз бар және алмасып отырамыз
Уақыт қадағалаушымыз бар
Бәріміз белсенді жұмыс істейміз
Әрдайым көмекке дайынбыз
Әр топтың идеясын сыйлаймыз
Жаңа мәлімет аламыз
Әр топтың іс-әрекеттері (2мин.)
І топтың іс-әрекеті:
«Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбы бойынша байланыс кестесін толтыру.
Уақыт беріледі: 2 минут
Қатысушылар кестені толтыру арқылы не білемін? Сұрағын ашып, не білгім келеді? Сұрағы бойынша сұрақ тудыртып, сұрақтарына жауапты жұмыс барысында ізденіп, не білдім? бағанасын толтырады
Байланыс кестесі
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
ІІ топтың іс-әрекеті: «Эйлер шеңберін» толтыру арқылы сабақтың үш сатысына сипаттама беру.
сабақтың қызығушылығын ояту, мағынаны тани білу, ой толғаныс сатылары туралы эйлер шеңберін толтыра отырып, мағлұмат жинақтайды

Уақыт беріледі: 2 минут

Мағынаны тани білу сатысы
Ой толғаныс
Қызығушылықты ояту сатысы

Мағынаны тани білу сатысы
Ой толғаныс
Қызығушылықты ояту сатысы

ІІІ топтың іс-әрекеті: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің стратегияларын топтастыру арқылы ашу.
Уақыт беріледі: 2 минут

ІY топтың іс-әрекеті: «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы. Сыни тұрғыдан ойлау деген не? сұрағына жауап ізденіп, ортақ ойды, пікірді ортаға жазып, әркім шетіне өз ойын, яғни дара ойын жазады
1888490678180ортақ ой
00ортақ ой
445389095885
дара ой
00
дара ой
45339001503045 дара ой
00 дара ой
25401600200 дара ой
00 дара ой
2540164465 дара ой
00 дара ой

Ү топтың іс-әрекеті: «Галереяда ой шарлау» стратегиясы. Бұл кезеңде Ү топтың қатысушылары әр топты шарлап, әр топтың жұмыстарымен таныса отырып, әр топқа сұрағын қойып кетеді және де бір түйінге келіп, қорытып, рефлексия жасайды.
3. Әр топ 2 минуттан кейін жұмыстарын қорғайды. Қорғау кезеңіне де екі минут беріледі. Екі минуттың бір минуты – жұмыстарын қорғауға жіберіледі, бір минут – пікір алмасуға бөлінеді.
ІІІ. Рефлексия.
1.«Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы Ү топ жұмысты қорытындылайды.
Ү топ автор роліне еніп, 20 минут ішіндегі « Галереяны шарлау» кезеңінде немесе әр топтың жұмысымен танысу барысында туындаған мәселелерді ортаға салып, пікір алмаса отырып, қорытындылайды.

Приложенные файлы


Добавить комментарий