Мен де бір ж?лдыз жа?а аламын ба?


lefttop Избасарова Гулбаршын Максымовна
№3 орта мектеп мұғалімі
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Жетібай кенті
[email protected]
Мен де бір жұлдыз жаға аламын ба?
Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.
В.О.Ключевский.
Ұстаздық еткен алты жылдың ішінде алдымнан қаншама шәкірт өтті. Әрбір бала бір жұлдыз. Ал мен алдымдағы жұлдыздарды жаға алдым ба? Болашақта алдыма келген жұлдыздарды танып, олардың жарқырап жануы үшін мен не істеуім керек? Мен қандай болуым керек? Осы сұрақтар мені жиі мазалай бастады.
Мұғалім болып қызмет етіп жатқаныма 6 жыл болды. Шәкірттерімді көргенде өз еңбегіме деген ризашылығыммен қатар керемет бір сезім пайда болады. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыламын. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзі бір үлкен бақыт деп ойлаймын. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаз ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары мұғалім айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.

Приложенные файлы


Добавить комментарий