Урок по математике на тему Арифметикалы? амалдарды? ?асиеті


Күні:
Пәні:математика
Тақырыбы:Арифметикалық амалдардың қасиеті
Мақсаты:
Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту;
Есептеу қабілеті мен мағынасын жетілдіру;Кеңістік түсінігін дамыту;
Өзін-өзі бағалай білуге үйрету;
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: қима қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
1. Психологиялық даярлау
-«Шаттық» шеңберіне тұрайық
2. Үй жұмысын тексеру
60 бет, №7 есеп
3. Проблемалық ашу
-Арифметикалық амалдарды қалай орындаймыз?
4. Мақсат қою
- Бүгін сабақта немен айналысамыз?
ІІ. Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс 61 бет
№1 есеп а)Тіктөртбұрыштың ауданын, қораптың көлемін есепте.
А*В=В*А- көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
ә) Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлше. Үлкен тіктөртбұрыштың ауданын тап.
(а+в)*с=а*с+в*с-көбейтудің үлестірімділік қасиеті
(а*в)*с=а*(в*с)-көбейтудің терімділік қасиеті
№ 2 есеп
(190*5)*2=1900(332*4)*5=6640
5*(630*4)=12600200*(96*5)=96000
(7250*2)*5=72500(625*200)*5=625000
(639*4)*5=12780(103*50)*4=20600
№3 есеп а)Наубайханада нандарды тартпаларға салады. Бір тартпаға 6 батоннан 2 қатар сыяды. 14 тартпаға қойылатын сүйретпеге неше батон сыяды?
6*2=12 12*14=168
ә)Қоймадағы жәшіктердің әрқайсысына 16 кг-нан көкөніс салынған. Кқкқніс қоймасының әр бөлігіне 12 жәшіктен 10 қатар сыяды. Көкөніс қоймасының әр бөлігінде неше кг көкөніс сақталған?
№4 есеп Есептемей салыстыр. Тапсырманы орындауға арифметикалық амалдардың қандай қасиеті көмектесті?
7860*1500=1500*7860
5879*(2*500)>5879*800
(2368*5)*4 < 2368*(5*5)
3489+700586<700586+3490
(689+3689)*150= 689*150+3689*150
21684+(168954+3547) = 3547+(21684+168955)
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашайық,
Бесті-беске қосайық
Оқулықпен жұмыс 62 бет
№5 есеп
250*6+550*6=4800552*2+248*2=1600(356+444)*8=6400
3600*2+805*2=8810(125+875)*24=24000(176+24)*450=90000
№6 есеп а) Құс фермасында 17612 тауық бар, бұл үйректерге қарағанда 28 есе артық, ал қаздар үйректерге қарағанда 16 есе артық. Құс фермасында неше қаз бар?
ә) Бір тауыққа күніне 100 г жем қажет. 300 тауығы бар фермер бір жылға қанша жем даярлау қажет?
б) Жүк машинасы диірменнен 16 т 500 кг бидай ұнын және 7т500кг қарабидай ұнын қоймаға жеткізді. Егер жүк машинасы бір рет қатынағанда 1500 кг ұн таситын болса, онда ол неше рет қатынайды?
№7 есеп а) Нұргүл бір сан ойлады. Ол санды 12 есе арттырып, шыққан нәтижеге 12354-ті қосқанда 27870 шықты. Нұргүл ойлаған санды тап.
ә) Нұржан бір сан ойлады. Ол санды 100 есе арттырғанда, 1600 бен 24000-ның қосындысына тең болатын сан шықты. Нұржан қандай сан ойлады?
б) Әлия ойлаған санын 30985-ке кемітіп, шыққан нәтижені 15 есе кеміткенде, 12000 мен 9731-дің айырмасына тең болатын сан шықты. Әлия қандай сан ойлады?
№8 есеп Есептеп, дұрыстығын тексер.
138276/46=3006458687/229=2003382925/425=901
55590/545=102738123/123=6001172216/824=209
685828/218=3146305584/142=2152215292/132=1631
№9 есеп
(498+4578)+422=54987896+(2100+4)=10000
78987-(7887+400)=7070087896-(796+83000)=4100
399968+(4524+32)=404524 789654-(80654+9000)=700000
№10 есеп Бос орындарды толтыр.
141715/46=3080 (35 қалд.) 374699/82=4569(41қалд.)
273712/34=8050 (12қалд.)927561/203=4569 (54қалд.)
ІІІ. Бекіту
Рефлексия
Не білдік?
Не үйрендік?
Мақсатымызға жеттік пе?
Үй жұмысы
62 бет, №10 есеп
Бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий