Саба? жоспары Халы?ты? н?сілдік, тілдік, ?лтты? ??рамы


ІІ санатты география пәнінің мұғалімі:Досмағұлова Толқын Сапарбекқызы
Сынып:10
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Халықтың нәсілдік,тілдік,ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға халықтың нәсілдік,тілдік, ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер жөнінде түсініктер беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілетін,дүниетанымындамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушылардың ой –өрісін дамытып,бірлікке, адамгершілікке,өз бетінше ізденугееңбектенуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың тегі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі:Дүние жүзінің саяси картасы,оқулық, жұмыс дәптері
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақтың формасы:Жеке, ұжымдық
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1.Зымыран сұрақтар
1.Д.ж бойынша орташа есеппен 1км кв жерге неше адамнан келеді?/52
2.Халық тығыз қоныстанған 1 км кв жерге 100 адамнан артық қоныстанған аудандар қатарын ата/Батыс еуропа,Үнді ганг ойпаты,Оңтүстік Үндістан,Шығыс Қытай,Жапон аралдары,Ява аралы,Ніл аңғары,Нигер өзенінің төменгі ағысы,АҚШ-тың солтүстік- шығысы,Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы
3.Халық сирек қоныстанған аудандарды ата/Сахара, орталық Азия,Арабия, Аустралия шөлдері,Канада ,Ресейдің,Еуропаныңсолтүстігі,қалың орманды ,батпақты Амазония
4.Халқы тығыз шоғырланған елдер қатарына қандай елдер кіреді?/Бельгия,Ұлыбритания,Германия,Жапония,Бангладеш,Индонезия
5.Халық тығыздығы ең жоғары елді ата/Бангладеш 1062 адамнан келедіКорея Республ.491,Нидерландыда 404
6.Иммиграция деген не?/елге басқа мемлекет азаматтарының көшіп келуі
7.Эмиграция деген не?/елден адамдардың көшіп кетуі
8.Шығыс жарты шарда халықтың қанша пайызы келеді?/ 85
9.Оңтүстік жарты шарда халықтың қанша пайызы тұрады?/10
10.Көші –қонның себептерін ата/ табиғи жағдайы,діни,экономикалық,саяси,отбасы-тұрмыс
2.Үй тапсырмасын бекіту. Тест 1.Д 2.е 3.е 4.а 5.с 6.а 7.в 8.в 9.в10.д
1. Халқы ең тығыз орналасқан ел:
а) Иран; в) АКШ; с) Жапония; д) Бангладеш; е) Бутан.
2. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар:
а) тарихи жағдай; в) табиғи өсу;с) ғылым ; д) өнеркәсіп, мәдениет; е) тарихи, табиғат жағдайы, экономикалық жағдай;
3. Халқының саны басқа елден көшіп келушілердің есебінен өзгеруін...........дейміз:
а) көшіп-қону; в) урбандалу; с) табиғи қозғалыс; д) демографиялық жарылыс;е) механикалық қозғалыс.
4. Жаңа индустриалды елдер:
а) Корея, Сингапур; в) Вьетнам, Пакистан; с) Тайланд, Чили; д) Қытай, Монголия; е) Индонезия, Замбия
5. Федерациялық мемлекет:
а) Франция;в) Өзбекстан; с)Мексика; д) Непал; е) Украина.
6. Халық ең көп қоныстанған дүние бөлігі:
А) Азия; в) Америка; с) Еуропа; д) Африка.
7. Қай елдер « қоныс аудару капитализміне» жатқызылады?
А) Бразилия, Мексика; в) ОАР, Жаңа Зеландия; с) АКШ, Канада; д) Германия, Дания.
8. Қай елде әйелдерге қарағанда ер адамдар саны басым?
А) Жапония, Тмд;в) Қытай, Үндістан; с) Польша, Германия; д) Канада,АКШ; е) барлығында бірдей9. Халықтық механикалық қозғалысы деген не?
А) халықтың ұдайы өсуі; В) миграция ( көшіп-қонуы); с) көліктік шығын; д) бюджет; е) сауда қатынасы.
10. Экономикалық дамуынан артта қалған елдер қай аймақта?
А) Азияда; в) Австралияда; с) Солтүстік Америкада; д) Африкада; е) Евразияда.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Балалар осы біз басқа жерге яғни шет елге барсақ өзіміздің қазақ халқын көрсек кәдімгідей қуанамыз,бірақ ол адаммен біз сөйлеспей – ақ оның қазақ екенін сеземіз, сонда біз оны қандай ерекшелігі арқылы білеміз? Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, біз олардың сырт бейнесі арқылы танимыз.
Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет – бейнесінің ұқсас белгілері(түсі,шашының сипаты,бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні,дене тұрқы және т.б) бойынша біріктірілетін топтары.Антропологиялық белгілер ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нәтижесінде қалыптасқан.
Жер шары халқы 3 үлкен нәсілге Еуропалық,монғол тектес,экваторлыққа жатады.
Нәсілдердің сыртқы айырмашылықтары болғанмен , нәсілдердің биологиялықжәне әлеуметтік- мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген.
Ұлттық құрамы.Этнос немесе халық дегеніміз-тілі мен ата қонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы.
Ғалымдар этностар санын 3-4 мыңдай деп болжайды.Қазіргі кезде әлемдегі аса ірі этнос-қытайлар.Жер шары халқының 43%-ға жуығын ірі 10 этнос құрайды.
Д.ж мемлекеттердің жартысынан астамы ұлттық құрамы жөнінен бірұлтты,көпұлтты болып саналады.Бір ұлтты елдер қатарына: Дания,Швеция,Жапония,Корея
Көпұлтты елдер:Үндістан,Нигерия,Индонезия,Ресей,АҚШ,Қазақстан
Тілдік құрамы.д.ж 7 млрд адам бар.Олардың қанша тілде сөйлейтіндігі әлі нақты анықталмаған, кейбір ғылыми деректерде3 мыңнан асады десе,ал кейбір ғылыми деректерде тіл саны 5 мың деп шамалайды.Олардың 1000-нан астамы жойылып бара жатырған немесе әлі толық қалыптасып бітпеген тілдер болып табылады. Қазіргі кезде Аустралияда аборигендердің 250,С.Америкада үндістердің 170 тілі жойылу алдында тұр.Тілдердің ¾ бөлігі ауыз екі сөйлесуге ғана пайдаланылады,яғни жазба үлгісі жоқ.Д.ж. тілдерд і45-тен астам тіл тобына, оларды өз кезегінде 20 тілдік семьяға топтастырады.Сонымен қатар ешқандай тіл семьясына, тобына енгізілмеген, шығу тегі белгісіз оқшау тілдер де бар.Олар:жапон,корей,Испанияда тұратын басктердің тілі.
Қазіргі кезде д.ж кең таралған 12 тілде халықтың 60%-дан астамы сөйлейді.Кең тараған 6 тіл:ағылшын,француз,орыс, испан,араб,қытай.БҰҰ-ның жұмыс тілдері болып саналады.
Әлем діндері.Саны жағынан христиандар басым.Христиан діні-католиктік,протестант, православие ағымдарына жіктеледі
Ислам – д.ж.120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.Мұсылмандар, негізінен Азия жерінде шоғырланғанмен, олардың саны Еуропа мен Африкада едәуір.Мұсылмандардың жалпы саны жөнінен Индонезия(160млн),Пәкстан126 млн),Үндістан (100 млн адам) д.ж. алдыңғы орындарды алады.
Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі болғанымен, бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз. Буддизм – Қытай, Жапония, Корея кеңінен таралған; Мьянма,Шри- Ланка,Тайланд,,Монғолия,Бутан,Вьетнам,Камбоджа,Лаоста басым дін болып табылады.
Сабақты бекіту.
1.Географиялық диктант
1.Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет – бейнесінің ұқсас белгілері(түсі,шашының сипаты,бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні,дене тұрқы және т.б) бойынша біріктірілетін топтары.
2.Антрополпологиялық белгілер ұзақ жылдар бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу жағдайына байланысты қалыптасқан.
3.Жер шары халқы 3 үлкен нәсілге . Еуропалық,монғол тектес,экваторлыққа жатады.
4 Этнос немесе халық дегеніміз дегеніміз тілі мен ата қонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы.
5.Әлемдегі аса ірі этнос - қытайлар.
6.Бір ұлтты елдер - .. Дания,Швеция,Жапония,Корея
7.Көпұлтты елдер - .. Үндістан,Нигерия,Индонезия,Ресей,АҚШ,Қазақстан
8.Оқшау тілдер- . жапон,корей,Испанияда тұратын басктердің тілі.
9.шаманизм қандай дін? ...Дәстүрлі діндер
10. Буддизм орталығы ...Қытайда таралған.
2. Диаграммалар сөйлейді.
1- топ
1.18- сызба нұсқаны талдау. Дүние жүзіндегі аса ірі этностардың өзгеру диаграммасын салыстыру.
2.Термин сөздер: унитарлы,федерациялы,отарлар,теократтық
2-топ
1.20 – сызбанұсқа. Ірі тілдердің таралуы арасындағы айырмашылық.
2.Дәстүрлі діндер туралы сипатта
3 – топ
1.22 – сызбанұсқа. Д.ж діндердің таралуын бір – бірімен салыстыру
4-топ
Иудаизм,Индуизм,даосизм,синтоизм,конфуцийлік туралы түсінік беріңдер
5 – топ
1.16 – суретті талда, сипаттаңдар
2.Ислам діні туралы баянда
Бағалау.
Қорытынды
Кескін картамен жұмыс Дж нәсілдердің таралуын кескін картаға түсіру
Үйге тапсырма:§23 оқу2. Дж нәсілдердің таралуын кескін картаға түсіруді аяқтау

Приложенные файлы


Добавить комментарий