8 Наурыз сайыс Сынып арулары


Құрметті аналар ендігі кезекте «Сынып арулары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Ал құрметті халайықМерекені бастайықАруларды әуенменҚошеметпен қарсы алайық
1.Мунашева Анель2. Аубакирова Даяна3. Болат Сабина4. Садырбекова Айсауле5. Нұрғали Айша6. Жанатай Мәруар7. Кариполлаева Милана8. Салимова Аяулым9. Ұзақбай ХанымЖүргізуші:Кімдер жүйрік өнерпазды білейікшіСынып аруы деп жүрейікшіӘділқазы алқасынан әділдіктіАл аруларға сәттілікті тілейікші,‒дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.1. Ата-аналар комитеті Айгүл Елюбаевна2. Калиев Хантемир,Исаев Ырысбек,Курбанов Еркеш.Құрметті көрермендер сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.1.«Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)2.«Өнерлінің өрісі кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)5. Сән үлгісін көрсету.Жүргізуші: Бар әлем сүйіп ұнатқан,Шапағат нұрын шұбатқан,Қаймықпай шыққан жайраңдап,Қыстайғы суық - сынақтан,Көктем таңы бұл атқан.Көктем аруы қош келдіңіз.
І Бөлім.Өнер қуып арулар өтер деймізБір басына өнері жетер дейміз.4 «Ә» сынып аруларымен кездесіпТаныстырып өздерін өтсе дейміз.(Арулар өздерін реттік номері бойынша таныстырады)Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніміз.Бақытты да ұзақ өмір сүріңізҚуанышты жүзіңізбен әрдайымБұл өмірде күліп қана жүріңіз.Ән: «Біз өмірдің гүліміз» АрманІІ Бөлім. «Өнерлінің өрісі кең»Ал кімнің өнері бар қаншалықтыБи билеп, ал біреулер ән салыпты.Бүгінгі сайыста бәйге алуғаАрулар аянбай‒ақ жан салыпты‒дей келе аруларды өз өнерін көрсетуге шақырамыз.ІІІ Бөлім. «Сән үлгісін көрсету»Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,Көрінер толған айдай жүзі жарқын.Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,Халқының сақтай білген ізгі сәнін,‒дей келе аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.Жүргізуші: Әділқазылырымыз аруларымыздың бағасын шығарып болғанша ортаға барлық қыздарымызды «Көктем» биіне шақырамын.Өнерімен өрге жүзіп шарықтадың,Мақсатыңды талаппен анықтадың.Сан қырлы таза гауһар секілденіп,Қуантады өзіңді танытқаның.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына ұсынамыз. Сайысқа қатысқан арулар марапатталады.1. Өнерлі ару.2. Шебер ару.3. Биші ару.4. Нәзік ару.5. Инабатты ару6. Көктем аруы7. Сымбатты ару.8. Әнші ару9. Сыпайы ару.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі «Сынып арулары» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңзға көп - көп рахмет.

Приложенные файлы


Добавить комментарий