Шартты ба?ыны??ылы саба?тас с?йлем (8 класс)


Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемСабақтың мақсаты: білімділігі – оқушыларға шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдарын, ұғымын меңгерту,синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру,ғылымға деген қызығушылығын оятудамытушылығы – оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,дамыту; тәрбиелігі –оқушыларды іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеуСабақтың типі: Жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау,салыстыру Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба-кестелерді көрсетіп, тақырыпты ашуСабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, семантикалық кесте, схемалы кесте,ВЕНН диаграммаСабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушылармен сәлемдесуә)оқушылардытүгендеу Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру Сабақтың эпиграфы:«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі- Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.» Н.Ә.НазарбаевДыбыстық жаттығулар арқылы оқушыларды сабаққа дайындауБұл жаттығулар адамдардың жұмысқа құлшынысын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт шақыруға арналған.Оқушыларды түстерге қарай 4топқа бөлу.ІІ Үй тапсырмасын пысықтау Үйге берілген 121-жаттығуды тексеру, оқыту. ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту 1.Өткен материалдар бойынша сұрақтар. 2. ВЕНН ДИАГРАММАайырмашылығы ортақ айырмашылығыбелгісалаласс Баян.тиянақты бір-біріне бағына байланысады; өзара тең дәредеде байланысады; баян.тиянақсыз; бірнеше жай сөйлемнен құралады.мағыналық түрлері бар;VІ. Жаңа сабақты түсіндіру Жаңа сабақ:Тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемОқушылар сабақтың ережесін өздері шығарады( 4 сөйлем беру, соның ішінен шартты бағыныңқын анықтап , жасалуын түсіндіреді, кестені толтырады.)Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Қонаққа ертең не мен барамын, не сен барасың. Шығыс болмай, кіріс болмас .Жаманшылықты сезбегенде, арты жаман болар еді.( артық сөйлемді анықтатқызу)Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады? Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сөйлемдердің сызбасы 1. Шартты рай 2. Көсемше 3. Есімше (Окушылар кестені толтырғаннан кейін ережені өздері шығарады)Ережесі: Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаластың түрі.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі. Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсе? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді. Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік. ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді. б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.Тақтамен жұмысСәйкестендіру тестін қолдану.1.Қаражат бөлінбесе,... жазда шөп сұйық болады 2.Үйдің кілтің алмай,... соңы жаман болушы еді.3.Қар жаумаса,.. үйге кіре алмас еді.4.Құтқарушы тез келмегенде,... жағдай нашарлар еді.Топтық жұмыс Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз. Жаз келсе,... ; Еңбек етсең ерінбей,...; Су мол болмай,...; Көл таяз болғанда,...;Оқулықпен жұмыса) 123-жаттығу. Сатылай кешенді талдауІ топ. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.ІІ топ. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.ІІІ топ. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған. ІҮ топ. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.Бір оқушы тақтаға талдайды.Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.- сөйлемде екі тыныс белгісі бар: үтір және нүкте- айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем- құрылысына қарай: құрмалас сөйлемсабақтас құрмаласшартты бағыныңқылы сабақтас- шартты райдың -са, -се жұрнағы арқылы жасалған- екінші жай сөйлемін сөйлем мүшесіне талдаймыз:не істейді? – алар баяндауышнені алар? - өнегесін толықтауышқандай өнегесін? – жақсы анықтауыш- байланысу түрі: өнегесін алар – меңгеру, етістікті тіркесжақсы өнегесін – қабысу, есімді тіркес 124-жаттығу. Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.2. ---------- қарасаң,----------.3. ---------- берілмесе,----------.4. ---------- жарыспай,----------.Ү. Сабақты қорыту.Білімдерін тексеру:тест, дұрыс жауабын табу1.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз. А) Жай, күрделі. В) Бағыныңқы, басыңқы. С) Сұраулы, лепті. D) Лепті, хабарлы. Е) Бұйрықты, сұраулы. Дұрыс жауап: В2.Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады. А) Салалас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Жалаң сөйлем. D) Атаулы сөйлем. E) Сабақтас құрмалас сөйлем. Дұрыс жауап: Е 3.Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз. А) -са, -се. В) –ғандықтан, -гендіктен. С) –ғанда, -генде. D) –мақшы, -мекші+болып. E) –ғанмен, -генмен. Дұрыс жауап: А 4.Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз. A) Салалас, сабақтас, аралас. B) Жақты , жақсыз. C) Толымды, толымсыз. D) Жалаң, жайылма. E) Хабарлы, сұраулы. Дұрыс жауап: А5.Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз. A) –ған, -ген. B) –са, -се. C) –ып, -іп,-п. D) -у. E) –қан, -кен. Дұрыс жауап: В6.Құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Сыныпқа оқушылардың бәрі жиналды. B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді. C) Бұл мәселе сынып сағатында шешілді. D) Олар мұғаліммен ұзақ әңгімелесті. E) Нақты қорытынды жасалды. Дұрыс жауап: B 7.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті. B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық. C) Не ексең, соны орасың. D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле. E) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты. Дұрыс жауап: C 8.Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз. A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар. B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық. C) Қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы. D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын. E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы. Дұрыс жауап: D9. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.А) Жай сөйлем. В) Шартты бағыныңқы сөйлем. С) Кезектес салалас сөйлем. Д) Қарсылықты салалас сөйлем.Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.Дұрыс жауап: А10. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан.В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес. С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір. Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.Дұрыс жауап: ЕҮІ Оқушыларды бағалауҮІІ. Үйге тапсырма беру.1. 126-жаттығу. Мәтіннен шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру,талдау2. Ереже жаттау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий