Доклад для учителей Формативти багалау


Формативті бағалау үдерісін сауатты жүргізу
Бағалау оқу нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтау үшін қажет. Оқушының қаншалықты жетістікке жеткенін көрсететін бағалау үдерісін дұрыс және сауатты жүргізудің оқу сапасына ықпалы зор. Соның ішінде формативті бағалау немесе қалыптастырушы бағалау оқытудағы әдістерді жақсартудың мүмкіндіктерін қарастырады. Формативті бағалаудың кезінде жалғыз мұғалім ғана бағалаушы тұлға болып табылмайды. Оқушылар өздерін және сыныптастарын бағалау арқылы оқу үдерісіне белсенді қатысады.
Оқушының жеке жұмыстарына мұғалім жай ғана баға қойғаннан гөрі өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың маңызы зор. Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау сіздің өз жұмысыңыз және басқалардың жұмысы туралы пікір қалыптастыру дегенді білдіреді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтырып, ынталандырады, оқу сапасын жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім жұмысын жеңілдетеді. Оқыту үдерісі үшін мұғалім ғана жауапты емес екенін жақсы түсінеді. Баға оқушыға қатысты емес, оның орындаған жұмыстарына қойылуы тиіс. Оқушы жұмыстарының 25 пайызын мұғалім бағаласа, өзара бағалау жұмыстарды бағалаудың қалған бөлігін жабады.
Өзін- өзі бағалау мен өзара бағалаудың тиімділігі неде?
-Қажетті кері байланыс орнатуға көмектеседі.
-Оқушылардың бір-бірімен ашық сөйлесуіне, тақырыпты талқылауға, бір-біріне түсіндіруге, бір-бірлерін сыни бағалауға мүмкіндік береді.
-Алға ұмтылуға, жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.
Әрине, дәстүрге айналған мұғалімнің бағалауынан гөрі өзін-өзі бағалауға көшу қиындау қадам болып есептеледі. Өзін-өзі және өзара бағалау оқу үдерісін жеңілдетуге көмектеседі. Оқушыларды ынталандырады, мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады. Осы тұрғыда, мұғалім үдеріске араласпай, жай ғана бақылау жасайды. Диалог барысында өздерінің мықты және осал жақтарын айта отырып, өздерінің мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін дұрыс анықтай алады. Кері байланыс арқылы сыныптастарының айтқан ескертулері мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы мүмкін.
Өзінің нақты білім алуына, жауапкершілікті сезінуіне бағалаудың рөлі зор. Басқа ешкім олар үшін ештеңе істемейді. Оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы тиіс. Осы тұрғыда оның үздіксіз дамуына ықпал ете аламыз. Оқыту үдерісін сезінеді. Оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңызға ие болады. Өткенді саралау, неге қол жеткізді, нені оқығаны жайлы формативті бағалау арқылы еске алуға, түсінуге ұмтылыс жасайды. Айта кететін жайт, оқушы бағалау кезінде қолданылатын критерий мен стандарттарды нақты біліуі тиіс. Формативі бағалау үдерісі нәтиже беру үшін оқушыларға ойлануға мүмкіндік беру, өз қателері мен қиындықтарын мойындау, өзіне деген сенімін жоғалтпау үшін мұғалім тарапынан қолдау қажет.
Бағалаудың бұл түрлері үш негізгі үдерістерді қамтиды:
-Жауап арқылы сыныпта сөйлеу дағдыларын дамытады;
-Кері байланыс ұсынады;
-Табыс критерийлерін анықтайды.
Табыс критерийлері онша көп емес түсінікті тілде құрылуы тиіс.
Мысалы, әдебиет сабағында ақындардың шығармашылықтарына арналған тақырыптар бойынша табыс критерийлерін былайша құруға болады:
Бағалау парағы
Өмірі жайлы толық білемін Шығармаларын толық атай аламын Әдеби- теориялық талдау жасай аламын. Ақын шығармала-
рын жатқа білемін Қорытын-
ды балл
1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы
Формативті бағалаудың құралдары:
1.Оқушылар сұрақ құрастырады
2.Оқушылар сұрақ қояды
3.Түсініктеме арқылы бағалау
4.Блок ортасында бағалау
5.«Мүмкін»
6.Күту уақыты
7.Ашық және Жабық
8.Жұмыс үлгісі
9.Оқушылардың бағалауы
10.Айқын мақсат қоя отырып
11.Сабақтың мақсаты
12.Мұғалім шолуы
13.Оқушылар шолуы
14.Бағдаршам
15.Өзін- өзі бағалау мақсаты
16.Екі жұлдыз, бір тілек
17.Құрастыр, сосын жауап бер
18.Атмосфера орнату
19.Көршіңізге айтыңыз
20.Идея туралы пікір
21.Серпілген сауал
22.Күтіңіз және түйіндеңіз
23.Дұрыс емес пікір
24.Сұрақ құрастыру
25.Оқу күнделігі
26.Қайтадан құрастыру
27.Негізгі сәттер
28.Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
29.Түсініктемелермен жұмыс
30.Топтық кері байланыс
31.Сыныптастарды бағалау
32.Бас бармақ
33.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру
34.Қайталау Бағдаршам
35.Құрастыр және жауап бер
36.Оқушылардың бағалау сызбасы
37.Топтық жауаптар
38.Сөйлеу арқылы ойлану
39.Сұрақты төңкеріңіз
40.X және Y
41.Білетініңіздің барлығы
42.Түзетулер
43.Үлдірленген критерийлер
44.Прогресс білдіру
45.Сөздерді талқылау
46.Қарым-қатынас
47.Парасатты диалог
48.Кері байланыс бутерброды
49.Не жақсы?
50.Өзін өзі бағалау
51.«Жақсы» сұрақ деп нені айтады?
52.Графикалық органайзерлер
53.БББ
54.Әңгімелесетін әріптестер
55.Стикер
56.Жауап беретін әріптес
57.Қолыңды төмен ұста
58.Жақсы сұрақ негіздері
59.Оқуды реттеу
60.А Ә Б В
61.Неліктен бұл үздік?
62.Көрсет және әңгімеле
63.Белсенді оқушылар
64.Ұзақ мерзімді және Қысқа мерзімді
65.Минуттық шешім
66.Жауап алу
67.Смайликтер
68. Шаршылар
69.Түсініксіз тармақ
70.Бір сөйлеммен түйіндеу
«Бағдаршам»
Қызыл- түсінбеймін
Сары –көмек керек
Жасыл - барлығы түсінікті
Тақырыпты өтіп болғаннан кейін немесе тақырыпты, тарауды қайталағанда мұғалім оқушылардан бағдаршамның тиісті түстері арқылы көрсету қаншалықты түсінгендіктерін сұрап, түрлі салалармен жұмыс істеуге болады. Соңынан қайталауды байыппен қарап, жазбаларды оқып қана қоймай, оған белсенді қатыса алады. Бағдаршам арқылы өздерін бағалайды. Мұғалім көрсетілген бағалауды күнделіктеріне жазуға болады.
«Бас бармақ»
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
«Құрастыр және жауап бер»
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады, соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!

«Білетініңіздің барлығы»
Оқушылар тарауды оқуға кірісу барысында тарау жайында не білетіндерін постер бетіне түсіреді. Мұғалім қайталауға жол бермей, алынған ақпараттарды пайдалана отырып, тиісті жұмыстарды жүргізеді.

«Қолыңды төмен ұста»
Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді.
Қорыта айтқанда, формативті бағалауды қолдану арқылы оқушы қандай нәтижеге қол жеткізеді?
Оқыту дәлелдемелерін жинайды;
Өз жұмыстарын салыстырады;
Өзгерістер мен түзету енгізеді, жаңа мақсаттар қояды;
Ағаттықты жояды, түзетілген мақсатқа қол жеткізеді;
Тапсырмаға қатысты өз күшін бөлуді ойластырады. (Құштарлық)

Приложенные файлы


Добавить комментарий