Презентация по казахскому языку на тему Шешендик онер (11 класс)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі 1-топ 2-топ 3-топТөле биҚазыбек биӘйтеке би Сұрақтар: 1.Қазыбек кім? 2.Екі әйел неге келді? 3.Бала кім? 4.Әңгіме не жайлы? 5.Қазыбек не деді? Қазыбек бидің екі әйелдің дауын шешуі Қазыбек би беріде елге белгілі болған кезде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі: -Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнімде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір, асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам, «өз балам» деп бермейді,-дейді. Екінші әйел тұрып: -Бала өзімдікі, өзі таптым. Мынау босқа жармасып тұр,- дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:-Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,-дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып:-Екеуіңе бұл баланы қақ бөліп берейін, осыған ризасыңдар ма?-дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл!- деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел: - Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз!-деп безек қағады. Сонда барып Қазыбек: -Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады. 19-жаттығу Үш бидің сөзталасындағы ортақ тақырыпты анықтап, төбе бидің қызметін айтып, ой бөлісу. Ойды жалғастыр 1-топ:Білген ерге құн жетпейтін күн болады,Күнді қанша мақтасаң да түн болады. Батырдан бақ қайтатын күні болса,Қанша тауып айтса да мін болады. 2-топ:Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білмегендерден үйрен,Үйренгеннен ештеңең кетпейді. 3-топ:Бидайдың сабанында дән жоқ,Жаманның сөзінде мән жоқ. Ата алмайтын адамға,Қойша жайылған аң жоқ. Төле би Үйге тапсырма: 21-жаттығу

Приложенные файлы


Добавить комментарий