«Математика ?лемінде» 7-8 сынып


Ходжахметова Салтанат
№18 орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Жаңаөзен қаласы,
Маңғыстау облысы.
Математикалық сайыс «Математика әлемінде» 7-8 сынып
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.
Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
танымдық белсенділіктерін арттыруТәрбиелілігі:Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,
зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:    Интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Сабақтың жоспары:      
І. Таныстыру («Бұрыш» тобы-7 сынып, «Үшбұрыш» тобы-8 сынып, «Трапеция» -8 сынып тобы.ІІ. Бәйге
ІІІ. Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап.(ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР)
ІV. «Білгенге маржан» (Есеп шығару)
V. «Ғажайып үштік»
VІ. «Көргеннен көз жазбаймын»
VІІ.Қорытынды
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 7-8 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Математика әлемінде» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі қатынасатын сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар мүшелерін сайлап алайық.
Әділ қазылар мүшелері:
Математика пәні мұғалімі
Информатика пәні мұғалімі
Физика пәні мұғалімі
І-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Математика әлемінде» атты сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
 
2-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І. Таныстыру әр топ өздерін таныстырады (топ атаулары бойынша барлық білгендерін айтады: анықтама, қасиеттері тб) 10 ұпай
ІІ. «Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топтың оқушысы бірінші қол көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауап берген топқа 10 ұпай беріледі.
СҰРАҚТАР :1. 9 + 9 * 9 – 9 : 9 = ? (89)2. 80 санының 25%-і неге тең? (20)3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (1 тауық, 2 бұзау)4.Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (4 баласы бар.)5. Қарға 3 секундта 15 метр қашықтыққа ұшады. 7 секундта қанша жерге ұшады? (35)6. 8 жарым таяқтың неше ұшы бар? (18)7. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)8. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)9. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)10. Алма ағашта 8 бұтақ, әр бұтақта 5 бұтақша, әр бұтақшада 5 алма бар. Алма ағашта барлығы неше алма бар? (200)
11.Бір санның өзіне-өзінің қосындысының мәні өзіне-өзін көбейткендегі мәннен артық. Ол қандай сан. (1)
12.Арман, Айгул,Қайрат үшеуі шахмат ойнады. Егер әрқайсысы 2 партиядан ойналса, барлығы неше партия ойналды? (3 партия)
ІІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап».(ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР) Бұл бөлімде ойыншыларға логикалық есептер беріледі, жауап нақты болу керек. Егер топ шешімін таппаса қарсылас топтар жауап беруге болады. Бұл жағдайда ұпай қарсылас топқа беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпай. І топ «Бұрыш» тобы. 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3- кг болды, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг)2. Төрт қой, екі тауықтың неше аяғы бар? (20)3. Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар . Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады ? (10)
ІІ топ. «Үшбұрыш» тобы. 1.Бассейннің төрттен бір бөлігіне су құйылды, неше бөлігі қалды? (төрттен үш)2.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең.Ол қандай сан? (1,2,3 сандары)3.Төрт оқушы 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4 сағат)4. Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлм еден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққаннан соң , бөлмедегі адамдар саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған? (43;33)
5. 1 т мақта ауырма ,10 ц темір ауырма?
ІІІ топ. «Трапеция» тобы. 1.Інісінің 14 асығы бар,ағасының одан бес асығы артық. Екеуінің неше асығы бар? (33 асық)2.9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? (9)3.Отбасында жеті қыз және әрқайсысында бір-бірден інісі бар.Отбасында неше бала бар? (8)4.Айзат 2008 –жыл 29-ақпанда дүниеге келген. Қазір 8-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады? (2рет)5 . Айсұлу бір сан ойлады. Оны 5 ке бөліп нәтижесін 28 ден азайтып еді,3 шықты. Ол қандай сан ойлаған? (155)
ІV. «Білгенге маржан» сайысы. (Әр топқа есептер беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпай)І-топ 1.Теңдеуді шешіңдер. х+132:12=15 2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер. 512, 38 және 116 ІІ-топ 1.Теңдеуді шешіңдер:(х-12):11+89=100 2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер 57, 112 және 142 ІІІ-топ 1.Теңдеуді шешіңдер: 7х+43∙5=264 2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер 58, 724, және 932V. «Ғажайып үштік»
Бұл бөлімде топтар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе 10 ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі.
5 5 5
10 10 10
15 15 15
5 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:
1) Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар? (6)

2) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кессе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?  (6 минут)
3) 26 – қандай цифрмен аяқталады?  (4-бен)
15 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.
1) Ұзындығы 135 см. Сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіп екі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап.   (45 см, 90 см)
2) Шопанның барлық қойының 320 – сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар.  (400 қой)
3) |х-4|=7 теңдеуінің түбірін тап.     (-3;11)
20 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.
1) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады?     (44)
2) Шахмат турниріне 7 адам қатынасқан әрбіреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай?    (21)
3) Мәди мен Асхат екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мәди бір тоқашты 6 минутта жесе, Асхат бір тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Мәди неше тоқаш жеді. Асхат неше тоқаш жеді? (М-2, А-3)
VІ. «Көргеннен көз жазбаймын» (5 ұпай) Ата бабамыз қолданған бірліктерді табыңдар
Батпан- бабамыз ертеде  қолданған  масса өлшемі.
Аршын -бабамыз қолданған ұзындық өлшем бірлігі.
Мысқал -бабамыз ертеде  қолданған  масса өлшемі.
Саржын -бабамыз ертеде  қолданған  ұзындық өлшемі.
Кез -бабамыз ертеде  қолданған  ұзындық өлшемі.
VІІ. Қорытынды. Әділқазы армысыздар, алқалар, Талай-талай шындық сізде бар табар! Бағаларын балалардың беріңіз, Қымбат бізге-билігі бар орталар – деп сөз кезегін әділ қазыларға беріледі. Жеңімпаз топтар марапатталады. Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ. Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!


Приложенные файлы


Добавить комментарий