?аза? тілі 4 сынып ?ыстырма с?здер саба? жоспары


Вакпаева Замзгуль Васильевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясы
Қазақ тілі: 4 сынып
Тақырыбы:Қыстырма сөздерПән Қазақ тілі 4 сынып Уақыт
Тақырып Қыстырма сөздер Сілтеме Қазақ тілі Мақсат Қыстырма сөздер туралы түсініктерін кеңейту
Білімділік:Қыстырма сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну;
Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарыына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру;
Тәрбиелік:сөз мағынасын түсіне білуге,сауаттылыққа тәрбиелеу: Міндеттер Күтілетін нәтиже Қыстырма сөздерді қолданып және оның мағынасына қарай ажырату, іс- жүзінде сауатты жазуға,сөйлеуге дағдыландыру Сабақ түрі Жаңа сабақ әдіс- тәсілі Жеке дара, жұптық, топтасу. Технология Жеке тұлғаға бағыттап оқыту. СТО ,құзреттілік Тапсырма 1.Көркем жазу (5 мин)
2. Слайдпен жұмыс. Сөйлемдерді анықтау (3 мин)
3.Синтаксис туралы сұрақ-жауап арқылы тексеру (2 мин)
4. Слайд (Синтаксис дегеніміз не?) (1 мин)
5.Сабаққа мақсат қою (2 мин)
6.1-деңгейдің тапсырмасын орындау.Бағалау.Талдау. (5 мин+2 мин)
7.2-деңгейдің тапсырмасын орындау. Бағалау.Талдау. (5 мин + 2 мин)
8.3-деңгейдің тапсырмасын орындау.Бағалау.Талдау. (5 мин + 2мин)
9.Топпен жұмыс. (5 мин+2мин)
10.Спикердің бағалауын тыңдау
11.Әр деңгей бойынша әр оқушының бағаларын анықтау, ортақ бағаларын жариялау.
12.Қорытынды. Не білдік? Не үйрендік? Нені білгіміз келеді?
13.Үйге тапсырма. Сабақтың барысы Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал 2 мин
2мин
Көркем жазу Қан сонар – бірінші жауған қар ( сонар – алғашқы қар) Сонар қар деп те айтылады. Қан  сонарда бүркітші аңға шығады.
Слайд
Талдау, сөйлем құрастырып жазу, буынға бөлу, сөйлем мүшесіне талдау. 5 мин
Тұсаукесер Аязды күні қала сыртына серуендегенге не жетсін! Қанша қымтасаң да беті-қолың домбығып, тызылдап кетеді. Сондай бір серуеннен темір жол бойын жағалап келе жатыр едім, көлденең кесілген бір ізге көзім түсті. Меніңше, мынау құс жолы ғой. Мен қуандым. Көптен бері мұндайды көрмеп едім.
Слайд
Сөйлемдерді анықтау.
3 мин
Синтаксис туралы білгендерін тексеру. Слайд
Сұрақ-жауап 2мин
Синтаксис сөйлем түрлерін,олардың жасалу жолдарын, сонымен бірге сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жолдарын қарастырады. Слайд 1 мин
Сабақтың мақсаты Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Әр баланың бүгінгі сабаққа қойған мақсатын тыңдау
3мин
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
1- деңгей
Бет 76, 58- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сыз.
Болашақта дәрігер боламын, бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмайды.Сіздіңше, менің бұл қылығым дұрыс емес. Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызады.
Тыныс белгілері жайлы тоқталады. 5 мин

Қорытынды Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын,көңіл-күйін белгілеп,бағасын қояды. 2 мин
Сергіту сәті «Қаражорға» 2мин
2- деңгей Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз.
Амал қанша сен дұрыс айтып тұрған жоқсың. Осының бәрі әрине бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Меніңше бәрі ойдағыдай болды. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Олай болса сіз осы мектептің директоры боларсыз? Біріншіден оның айтқанын саралау керекпіз. Берілген сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазып, қыстырма сөздердің астын сызады. 5 мин
Қорытынды Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын,көңіл-күйін белгілеп,бағасын қояды. 2 мин 3-деңгей Сызбанұсқа бойынша сөйлемдер құрастыр. Кестені (бет 77) қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықта.
_____ ______ _____ ______ , ______.
______ , _______ ______ ______ ______.
____ ______ ,______, ______ _____.
_______ ______ ______ ,______ , ______.
Сөйлемдерді құрастырып, қыстырма сөздердің сөйлемге қандай үстеп тұрғанын анықтайды. 5мин
Қорытынды 2мин
Қосымша 1-топ .«Фишбоун» сызбасына қыстырма сөздердің ережесін жазып шығару
2- топ. Кластерге қыстырма сөздерді мағынасына қарай жіктеу 5 мин
Топтардың жұмысын қорғау
Спикердің бағалауын тыңдау. 2 мин
Әр оқушының әр деңгей бойынша бағаларына тоқталу, ортақ бағаларын анықтау. 2 мин
Үй тапсырмасы Деңгей бойынша үй тапсырмасын таңдау.
76-77 беттегі ережелерді жаттау 1 мин

Приложенные файлы


Добавить комментарий