Презентация по музыке на тему То?ыс?ан екі ?нер (6 класс)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Сабақтың тақырыбы: «Тоғысқан екі өнер»
Мақсаты:Білімділік:  Күйшінің өмірімен шығармашылығымен таныстыру.Дамытушылық: Күйшілік өнерге қызығушылығын арттыруТәрбиелік: Музыканы сезіне білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекті құралдары: Күйшінің портреті, үнтаспа, слайд.Сабақтың түрі: ДәстүрліСабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, күй тыңдау т.б.Пәнаралық байланыс: музыка тарихы Үй тапсырмасы:Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін сұрау Жаңа сабақ:“Тоғысқан екі өнер” Сүгiр(1882-1961) Сүгір(1882-1961)Сүгір Әлиұлы Шымкент облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Сүгір-өзінен бұрынғы шертпе күй дәстүрін жалғастырумен бірге, күйшілік өнерде қайталанбас із қалдырған өнер иесі. Сүгірдің әрбір шығармасы тек сол туындыға ғана тән ерекше сипаттама. Оның лирикалық әуезді күйлері бірде Арқаның ән-әуен саздарымен үндессе, енді бірде Оңтүстік Қазақстан өңірінің күйлерімен сарындас келеді.Әр түрлі күйшілік мектеп үлгілерін бойына сіңірген Сүгір өз шығармашылығы арқылы күй өнерінің жаңа үлгісін жасады.Сүгір-өзінің «Телқоңыр», «Майда қоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры», «Назтолғау», «Кертолғау», «Қосбасар», «Аққу», «Бес жорға», «Шалқыма», т.б. күйлері арқылы қазақ күй мұрасына өзгеше үлес қосқан күйші. Күй тыңдау:Сүгір Әлиұлының “Бөзінгеннің бүлкілі” күйін тыңдау Күй дегеніміз?- қазақ халқының аспаптық музыкасы.Ал күйші дегеніміз?- домбыра аспабында күй орындаушы.Домбырада ойналатын күйлер орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар төкпе күй және шертпе күйлер деп аталады. Төкпе күй- оң қолды тұтас сілтеп, тұрақты екпінде орындалады. Ал шертпе күй көбінесе жеке дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады. Ән үйрену:“Домбырасыз сән қайда” әнін жаттап, үйрену. Домбырасыз сән қайда?Сөзі: Х.Талғаров Әні: И.Нүсіпбаев1. Елдің жырын жырлаған Қайғысында толғаған Домбырасыз ешқашан Жүрекке ем қонбаған. Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда? Домбырасыз ән қайда? Ән мен күй бар өмірде, Отта лаулап жанбай ма? 2. Құрманғазы, Тәттімбет Домбырамен сайраған. Жүрекке от жақсын деп, Елге күйін арнаған. Қайырмасы:3.Абай, Жамбыл, сал Біржан Таңғалдырып ән салған. Жүрегіңді жандырған, Естіген жан тамсанған.Қайырмасы: Қорытынды: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? “Тоғысқан екі өнер” Сүгір Әлиұлы Біздер қандай күй тыңдадық? “Бозінгеннің бүлкілі” күйі Күй дегеніміз не?Күй неше түрге бөлінеді?Төкпе күй және шерпе күй дегеніміз не? Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма:Күйшінің шығармашылығын оқу және әнді жаттап келу Назар қойып тыңдағандарыңызғарахмет!

Приложенные файлы


Добавить комментарий