Коучинг. Белсенді ?діс — т?сілдер


Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны Даукараева Жамила Базарбаевна
Маңғыстау ауданы "Тобанияз атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы: « Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»
Жалпы мақсаттар: Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету, оларды қолдануды үйрету
Қатысушыларды ұжымдық сыйластықта, бір - біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасауға баулу
Күтілетін нәтиже: -коучингте пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;
-сынып тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлау жобасының білім алудағы маңыздылығын жақсы түсінеді.
-қатысушылар ұжымдық сыйластықта, бір-біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасайды.
Түйінді идеялар: Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту
Әдіс - тәсілдер: диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, «Түйінді сөздер», «Әліпби-әңгіме», «Тізбектелген суреттер», «Детальдарын қосу» әдісі, "Өз ойынымыз" әдістері
Ресурстар:
слайд,қима суреттер, бейнежазба, жеке сөздер, қазақ әліпбиі, жіп,сюжетті суреттер,тақырып бойынша қажетті мәтіндер, үлестірмелі қағаздар, ертегі персонажын құрастыруға арналған материалдар
Уақыт кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
10 минут Ұйымдастыру
Қатысушылармен амандасу
Танысу. «Неліктен және не үшін?»
Топқа бөлу
(сөйлем құрастырады)
Әркім өз орнында тұрып, өз есімін атай отырып "Осы семинарға не үшін келдің?", "Осы семинардан өзіңе керекті не алғың келеді?"сұрақтарына жауап береді.
Сөйлемдер құрастыру арқылы бес топқа бөлінеді
Жеңімпаз аю
Аю,түлкі, қасқыр - үшеуі бірге жарысты. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар қорбаңдаған аюды қатты шаға бастады. Араларға таланған аю тез тез жүгірді. Сөйтіп, аю түлкі мен қасқырдан озып кетті
5 минут Қызығушылықты ояту сатысы. Ой шақыру «Көпір» (бейнекөрсетілім)
Бейнекөрсетілімнің негізгі
мәнін айтады
Топтың ережесін шығарады
15 минут Мағынаны тану сатысы. 5 топқа жеке тапсырмалар беріледі
1– топ «Түйінді сөздер» әдісі ұсынылады. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрастыру.
2-топ «Әліпби-әңгіме» әдісі . Қазақ тілінің әліпбиі ұсынылады, тыңдаушылар әр әріптен басталатын сөздерден әңгіме құрастырады
3-топ «Тізбектелген суреттер» әдісі
Берілген суреттерді кір жайғыш жіпке тізіп, тізбегі бойынша әңгіме құрастыру
4-топ «Детальдарын қосу» әдісі. Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет.
5-топ. "Өз ойынымыз" әдісі
Таңдаған ертегісінің бас кейіпкері әр топтан бір кейіпкерін таңдап алады. Топтық қорғау жасайды
Іс-әрекеттер
Тыңдаушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрастырады.Аңыз әңгімеден алынған сөздерден топ өзінің әңгімесін ұсынады. Аңыз әңгіменің түпнұсқасы оқылып, топтың әңгімесімен салыстырылады.

Әліпбидегі әріптен тұратын сөздерден әңгіме құрастырып , топ атынан әңгіме ұсынады.
Қатысушылар берілген суреттер топтамасымен танысып, жіпке іле отырып, тізбек бойынша әңгіме құрастырады
Бастапқы сөйлемнің мысалы: Бүгін біз мектепке жиналдық. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - курсқа келдік. 
Қолдарына берілген материалдардан өздері қалаған бір ертегінің кейіпкерін жасап шығарады. Араларынан автор дайындайды. Автор хабарлайды. бас кейіпкер ертегідегі басқа кейіпкерлерді басқа топтардан өзі кезегі келген бойда жылдам таңдайды. Ертегі желісімен жүру міндетті емес. Әр кейіпкер өз бейнесін жасап шығаруына болады. автор ертегіні басқаша аяқтауына да болады.
5 минут Бойсергіту "Қызыл гүлім-ай" бейнекөрініс Әуенге билейді
5 минут Рефлекция «Мақсатыңа жетуге күш беретін сөздер »
видеокөрсетілім
«Соңғы сөзді мен айтайын... »
Негізгі ойы туралы айтады
Қатысушылар өздерін қалай сезінгендерін және сабақ жөнінде өз ойларын айтады.
- Оқушы ретінде – ойлау қызметінің қандай түрлерін пайдаландыңыз, не түсіндіңіз?;
-  мұғалім ретінде -  коучтың іс-әрекеттері қандай болды, пайдаланылған әдістер бойынша, оларды пайдалануда қандай сұрақтар туындады
Кері байланыс "Почта" әдісі Кері байланыс жасады
Маңғыстау ауданы "Тобанияз атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

Коучинг
Даукараева Жамила Базарбаевна
Ақтау. 2017 ж

Приложенные файлы


Добавить комментарий