Урок. Бисер тарихы. 5 класс


Сабақтың тақырыбы: Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу.Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену.1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: ойын, ассоциация, баяндау, сарамандық жұмыс.Көрнекіліктер: схема, нұсқау карта, суреттер, мПән аралық байланыс: тарих, сызу, әдебиет т. б.Қажетті құрал - жабдықтар: тарелка, леска, ине, ұсақ және ірі моншақтар.Барысы:І. Ұйымдастыру бөліміа) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.ә) Сабаққа дайындығын, құрал жабдықтар тексеру.ІІ. Өткен материалды қайталау№1 Ілмек біздің шығу тарихы2) Шалулар түрлері№2 Шартты белгілерді көрсету.2) Үлпілдек шалу қандай(көрсету)Сонымен, оқушылар қолөнер түрі тоқу түрлерін үйренген едіңдер.ІІІ. Жаңа сабақ.(тақырыбы мен мақсатын айту.)- Біз бүгінгі сабақта бисердің шығудың тарихы және түрлері жайында, ал сарамандық жұмыста білезік тоқуды үйренеміз.(ассоциация құру).- Бисер дегеніміз не?- Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданады.Бисермен тоқу өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, фантазия, мен шеберлікті талап етеді. Ал, схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты бисер тарихы бар. Бисер қай кезден бастап пайда болды?Оқушылардың ізденіс мәліметтерін тыңдау.Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға, әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған.Оқушылардың әшекей бұйымдар жайлы мәліметтерін тыңдау.Халық әшекейлері - тәрбие тәртіпке, әдет - ғұрыпқа, салт - дәстүрге сәндіктерге көшпелі, мейірімділік, әділеттілік деген ұғымдарды жастарға осы әшекейлер арқылы жеткізіп түсіндіріп отырған.ІV. Бекіту\/. Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.1. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.2. Инені ауызыңа салма.3. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.І. Керекті құралдар:№11 бисер инесі, леска жіп, қызыл және Сары домалақ бисер, қызыл түтікше бисер.ІІ. Жұмыстың реті:1. білезік тоқу технологиясы.2. Нұсқау картасы бойынша жұмыс жасау. Білезік тоқу технологиясы: әркім өз қалауымен моншақ түрін таңдап алады.Қорытындылау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий