Поурочный план по живописию на тему Гризайль ?дісімен натюрморт


Технологиялық карта №
Пән: Сыршырай негізі
Топ: 28 «ә» Мерзімі:______
Сабақтың тақырыбы: Гризайль әдісімен натюрморт.
Сабақтың түрі: практикалық.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гризайль терминімен таныстыру. Жарық-колеңкені айыра білулерін үйрету.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының қабілетін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру.
Пән аралық байланыс: Сурет, сызу, дизайн.
Әдебиет:
Гинзбург Н., Как писать масляными красками.
Көрнекілік: Майлы бояу техникасымен жазылған суретшілер туындылары.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Сабақтың мақсатын қою.
II.Білім, дағды, іскерлікті тексеру.
ІІІ. Жаңа білім негіздерін игерту.
ІҮ. Сарамандық бөлім.
Ү. Қорытынды, бекіту сұрақтары.
ҮІ. Үйге тапсырма, бағалау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру:
Пән кабинетінің гигиеналық талапқа сайлығын тексеру, құрал-жабдықтарының толықтығын тексеру, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу (кезекші түгендеп, тізімін мұғалімге өткізеді).
II. Білім, дағды, іскерлікті тексеру: Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою. Үйге салуға берілген суреттерін тексеріп, бағалау.
ІІІ. Жаңа білім негіздерін игерту: Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Кескіндемені қылқаламмен және бояқтармен орындайды. Түс сурет салғанда, гравюра жасағанда кеңінен қолданылады. Суреттегі түс сурет салатын материалдармен орындалады: бистро, сия, тушь, сангина, бор, сонымен қатар олардың бір - бірімен үйлесуі және қара фонның қатысуымен шешіледі. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ақ бояуды өзіне жағылған бояудың арасында ағарып көрінетін ақ қағаз түсі ауыстырады. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала палитра бетінде араластыру арқылы да, алуға болады. Мейлінше ақшыл көрінетін әсер туғызу үшін, мысалы, ең жарық нүктелерде қағаздың тиісті жері мүлде боялмайды немесе аздап қана боялады. Мұндайда шығарманың колориттік шешімін табуға көмектесетін бояу ретінде ақ қағаздың өзі пайдаланылады. Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі – жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу үстіне жаңа бояу жағу арқылы жұмысты одан ары жалғастыра беруге болады, яғни кенеп бетіне жағылған бояуларды жаңа түскен күйінде дымқыл кезінде өзгертуге немесе суретті бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, қатайған бояу қабатының үстімен жалғастыруға болады.
Алғашқы боямалау бір түсті бояумен, мысалы, охрамен жасалынады.Суретті бояламағанда сұйылту үшін майдың, лак пен скипидардың қоспасы алынады. Олардың арақатынасы тәжірибеге қарай белгіленеді. Жалпы ақ түсті бояуды есептемегенде, үш бояудан артық араластырмаған жөн. Барлық кезде жарықтануы бойынша көлеңкені көлеңкелермен, жартылай өңді жартылай өңдермен, ашық өңді ашық өңдермен салыстырып отырған абзал. Боямалар кепкен кезде, оны тағы да маймен сүртеді де, суретті бірден жазуға болады.
ІҮ. Сарамандық бөлім: Гризайль техникасындағы қарапайым натюрморт салу.
Ү. Қорытынды, бекіту сұрақтары:
ҮІ. Үйге тапсырма, бағалау: Жұмыстарын қарап, бағалау. Үйге ойдан натюрморттық композиция құру.

Приложенные файлы


Добавить комментарий