Желілер типіне жалпы сипаттама. ?андауырша — басс?йексіздер ?кілі. ?андауыршаны? тіршілік ортасы ж?не ??рылысыны? ерекшеліктері. Таби?атта?ы р?лі ж?не практикалы? ма?ызы


Бекітемін
Күні:3-4.02.2017 ж.
Сыныбы: 7 «В», «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Желілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша - бассүйексіздер
өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының
ерекшеліктері.Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
Сабақтың мақсаты: Желілер типі. Қандауырша - бассүйексіздер өкілі. Желілерге тән белгілерді
нақтылай түсіндіру, қандауыршаның құрылыс ерекшелігін, тіршілік
әрекетін ашып көрсету және оқулық мәтінімен, ондағы суреттер бойынша
жұмыс істеуге дағдыландыру.Қандауыршаның құрылыс ерекшелігі, тіршілік
әрекеті туралы түсініктерін қалыптастыру. Сабақтың міндеттері:
Білімділігі:оқушыларға желілер типіне,қандауыршаның бассүйексіздер өкілі туралы тусінік беру.
Дамытушылығы: пәнге,тақырыпқа байланысты қызығушылығын дамыту.
Құрал - жабдықтар: плакат
Сабақтың типі:Сұрақ – жауап,баяндау
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Жәндіктердің неше класс тармағы бар?
2.Жәндіктердің ең басты ерекшелігі?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
left20955000ІV. Жаңа сабақ
Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.ЖелілерЕң кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі– тұйық. Желілердің тип тармағы. Бассүйексіздер Қабықтылар ОмыртқалыларҚандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи» – сырты, «дерма» – тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.
Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады. Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәр шығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.
Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.
Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.
V. Бекіту
1. Желі қандай қызмет атқарады?
2. Желілілер қандай тип тармағына бөлінеді?
3. Қандауырша қалай көбейеді?
VІ. Қорытынды
Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.ЖелілерЕң кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі– тұйық. Желілердің тип тармағы. Бассүйексіздер Қабықтылар ОмыртқалыларҚандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.
VIІ. Үйге тапсырма
Желілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша- бассүйексіздер өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері.Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
VІІІ .Бағалау

Приложенные файлы


Добавить комментарий