Саба? та?ырыбы, А?параттарды? алуан т?рлілігі ж?не оларды ??деу т?сілдері. А?парат саны, ?лшем бірлігі.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді» _____________
Оқу ісінің меңгерушісі
Топ :5 «А» 5 «Ә» 5 «Б» 5 «В»
Күні:
Пән аты: Информатика
Сабақ реті: №3
Сабақ тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпарат саны, өлшем бірлігі.
Сабақ мақсаты: оқушыларға ақпарат туралы түсінік беру, ақпарат және оның түрлерімен,өңдеу тәсілдерімен, ақпарат саны және өлшем бірлігімен таныстыру.Білімділік: Оқушылар ақпарат ұғымымен,оның түрлерімен таныстыруДамытушылық:  Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін  дамыту.Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа сабақСабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Сабақты бекіту
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?Адам ақпаратпен не атқарады?:Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?Адам қабылдайтын ақпарат нешеуге бөлінеді?Бейнелік ақпарат дегеніміз не?Таңбалық ақпаратқа не жатады?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта-қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы зор.Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады.Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығышта – дискілер мен флешкаларда сақталады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі.Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс.Реттелген ақпаратқа әртүрлі картотекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады.Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту.
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар.Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде.Ақпаратты алысқашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған.Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады. Ақпаратты жеткізу үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды.ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін. Мысалы, «Естілмейтін телефон» ойынындағыдай.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады.Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу.
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады.Мысалы, есепті шығарудың өзі- бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу.Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады.Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді.Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Word pad мәтіндік редакторын аш.Ол үшін Пуск – Все программы – Стандартные - Word pad батырмаларын басамыз.
«Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін тер.Үтір қазақша тергенде жоғарға қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін СapsLock пернесін басу керек.сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басамыз.
Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Ақпаратты қайда сақтауға болады?
Ақпаратты жөнелту арналары деген не?Мысал келтіріңдер.
Адам ақпаратты қалай өңдейді?
Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий