Алтын к?з Сыныпты? іші мерекеге арналып ?сем безендірілген. Орта?а ?демі киінген Алтын к?з шы?ады. Алтын к?з: -С?леметсіздер ме ??рметті ?она?тар! Сіздерді «Алтын к?з» мерекесімен ??тты?таймын. К?з мерекесі мол ?азына ,ырыс алып келсін. -Сіздер білесізде


Алтын күз
Сыныптың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.
Алтын күз: -Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына ,ырыс алып келсін.
-Сіздер білесіздер ме,бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым,достарым келу керек еді,соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі,мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып,залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп айнала тұрады)
Жүргізуші:-Салеметсің ба,Алтын күз! Туған күнің кұтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән,би,такпақтарымызды ала келдік, Енді Алтын күз өзіңе арналған «Жапырақтар» биін қабыл ал.
Би «Жапырактар»
Орындайтындар: Малика,Назерке,Жансая,Сабина,Әдема,Аяулым,Рузагүл,Шырайлым
(Қыздар билеп болған соң қолдарындағы жапырақтарды Алтын күзге сыйлайды )
Хор: Қошақаным
Алтын күз: -Рахмет достарым
Алтын күз: Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз
Бүгін менің мерекемде
Той тойлайық бәріміз
Жүргізуші: - Енді біз балалар Күз ханшайымына тақпақтарымызды айтып берейік
Малика : Біздің елге келіпті ғой алтын күз
Жомарттығын бақылайық бәріміз
Кім табады ,кім айтады
Қандай екен Алтын күз?
Назерке: Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырайды Алтын күз
Сайраңдадық күліп,ойнап
Келді міне ,Алтын күз
Жансая: Дала сары секілді
Самал соқты салқындау
Қырманға дән үйілді
Алтын астық ,алтын тау
Алишер:Қамбы толы астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап қауын алдық біз
Нұрсұлтан:Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Алма пісіп албырап
Көзді тартқан Алтын күз
Сабина:
Темирлан : Қызыл түсті жапырақ
Сары түсті жапырақ
Ағаштардың басынан
Жерге түсті шашырап
Мирас:Жаздың думан базары
Жыл құсындай ауысты
Күздің әсем ажары
Алуан түспен қауышты
Марат: Берекелі күз келді
Мерекелі күз келді
Жеміс жидек мол пісіп
Қуантады біздерді
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі мерекеге арналған «Кукарелла» биін тамашалаңыздар
Орындайтындар: Латифа,Айсана,Гүлдана, Аружан, Аймара,Наира,Алуа,Амина.
Алтын күз:- Кане тыңдайықшы,есік жақтан бір дыбыс естіледі.Сірә,біреу келіп тұау деймін.
(Осы кезде есікті біреу қағады,есік ашылып .үш кірпі және жемістер кіреді.Осы үш кірпі жұмбақтар жасырады)
1-кірпі: Доп домалақ сары
Ішінде бар дәніКәрім
Қызығасың көріп
Оның аты .......\өрік\
Өрік: Көктем келе бүрлеймін
Ең алдымен гүлдеймінӘдема
Шілде болмай пісемін
Дастарханға түсемін
2-кірпі: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбеНұрали
Аузыңнан кетпес бал жұзі
Оның аты .......\жүзім\
Жүзім: Мен жұзіммін,жұзіммін
Моншақ болып тізілдімЛатифа
3-кірпі: Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйдеЕсенжан
Санап қара жие
Оның аты.......\шие\
Шие: Біз моншақты шиеміз
Құмарсыңдар білеміз
Кетіп қалып жүрмесінАймара мен Наира
Тамаңызға сүйегіміз
Жүргізуші: -Рахмет балалар,сіздермен бірге достарыңызда келіпті ғой
-Келіңдер достар
Алма: Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмімАйсана
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайың
Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды Гүлдана
Қараса егер салғырт кім
Қарбыз: Теңбіл-теңбіл қарбызды
Тентек Серик жарғызды
Сонан соң оны жедіСанжар
Жеді де былай деді:-
-Сүйегі болмаса ,еті
Неткен тәтті –деді
Құлпынай: Піскен кезде құлпынай
Қандай тәтті шіркін-айАружан
Қарай бергің келеді
Дүркін,дүркін,дүркін-ай
Жүргізуші: Рахмет балалар енді ойын ға да кезек келді
Ойын: «Кім тез жинайды картопты»
Хор: Күз келіпті көнілсіз
Жүргізуші: Алтын күз ,жеміс –жидектермен бірге көкөністер де келіпті енді соларды тыңдап көрейік
Фархат: Біздің елге келіпті ғой Алтын күз
Жомарттығын бақыладық бәріміз
Кім табады,кім табады келіңдер
Көкөністер өнерін бір көріңдер


Приложенные файлы


Добавить комментарий