Тема: Химиялы? реакцияларды? типтері


Химиялық реакциялардың типтері.
Сабақтың тақырыбы Химиялық реакциялардың типтері.
Сабақтың мақсаты Химиялық  реакция  типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
 Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Ұқыптылыққа, өз еркімен, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері Маршрут қағазы, «Ойлан – жұптас – бөліс», «Қатесін тап», «Мен кіммін?» «Химиялық лото», «Шатасқан реакциялар» топпен жұмыс
Көрнекіліктер Үлестірмелі қағаздар, плакаттар, смаиликтер, түрлі түсті қағаздар
Қолданылған әдебиеттер Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина  Химия – 8сынып Оқулық;
Г. Е. Рудзитис, Ф. Г. Фельдман,  Химия – 8 сынып Оқулық;
Ә. Е. Темірболатова, Есептер мен жаттығулар жинағы – 8 сынып
Н. Б. Мұхаметжанова, Қ. Қ. Сәдуақасова, Сатылай кешенді талдау технологиясы
О. Н. Сускина, Н. П. Шишкина, Химия сабақтарында оқушылардың білімі мен біліктіліктерін бақылау тәсілдері
Күтілетін нәтиже Оқушылар химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, реакция типтерін анықтай білу,
Сабақтың жүру барысы
Уақыт Жоспаз мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушыдан іс-әрекетінен күтілетін нәтиже
3 мин Ұйымдастыру кезеңі/смаиликтер арқылы тренинг /
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеру Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу. Түрлі түсті ұзын-қысқа қағаздар арқылы топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің аттарын құрастырады. Смаиликтер тарату. Берілген смаиликтер арқылы оқушылар өз эмоцияларын көрсетеді. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, сабаққа қызығушылығы артады.
10 мин Үй тапсырмасын тексеру кезеңі /маршрут қағазы/
Мақсаты:Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылар маршрут қағазын алып, берілген бағыт бойынша әр топ  тапсырмаларын орындайды.
№23287 қағазы: ЗМ – 23; АС – 2; М – 8; К – 7.
ЗМ – 23: Массасы 49 г күкірт қышқылының H2SO4  зат мөлшерін табыңдар.
АС – 2: Масасы 10 г неон газында қанша атом болатынын табыңдар.
М – 8:2 моль көмірқышқыл газының СО2 массасын табыңдар.
К – 7: Массасы 40 г мыс(ІІ) оксиді сутекпен әрекеттескенде, реакция нәтижесінде 32 г мыс пен 9г су түзілді. Реакцияға түскен сутектің массасын табыңдар
№78223 қағазы: К – 7; М – 8; АС – 2; ЗМ – 23.
К – 7: Сынап оксиді ыдырағанда 4г оттек пен 50,2г сынап шықты. Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасын табыңдар
М – 8: 1,5 моль натрий сульфаты берілген. Осы тұздың массасын табыңдар.
АС – 2: Алюминий гидроксидінің құрамындағы заттардың массалық үлесін есепте
ЗМ – 23: Зат мөлшері 2 моль иіс газының молекула санын табыңдар Оқушылар берілген тапсырмалардан:
 
 
 
Зат мөлшерін есептеуді;
Авогадро санын есептеуді;
Заттың массасын есептеуді;
Заттың көлемін есептеуді біледі. 
20 мин Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі / «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі Оқушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты мәтін беріледі. оқушылар мәтінді оқып, бір-бірімен бөліседі.
Мәтін
Қосылу реакциясы:
А – а: Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі  затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.
Fe + S =FeS
CaO + H2O = Ca(OH)2
CaO + H2O + CO2 =Ca(HCO3)2
2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)2
Айырылу реакциясы:
А – а: Бір заттың бірнеше затқа айналып, ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.
2H2O             H2 + O2
CaCO3 = CaO + CO2
2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2
(CuOH)2CO3 =2CuO + CO2 + H2O
Орынбасу реакциясы:
А – а: Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция – орынбасу реакциясы деп аталады.
Fe + CuCl2 = Cu + FeCl2
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
2Fe + H2O = Fe2O3 +3 H2
Zn + CuCl2 = Cu + ZnCl2
Алмасу реакциясы:
А – а: Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция  - алмасу реакциясы деп аталады.
CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O
Fe2O3 + 6HNO3 = 2Fe(NO3)2 + 3H2O Оқушылар мәтінді оқып, бір-бірімен бөліседі.
5 мин «Қатесін тап!» теңестірілмеген теңдеуді теңестіру Оқушыларға оқулықта берілен 6-есептен реакция теңдеулерін теңестіру қажет. Оқушылар химиялық реакция теңдеулерін теңестіруді біледі.
2 мин Жаңа сабақты бекіту/Химиялық лото/ Әр топқа квадраттарға бөлінген, сұрақтар жазылған карта беріледі. Ойыншыларға бір жағында жауабы бар, ал екінші жағында суреті бар кесілген карточкалар да үлестіріледі. Топтар сұрақтары бар картаның үстіне жауаптары бар карточкаларды суретін жоғары қаратып қоюы керек. Тапсырма толық орындалғанда тұтас сөз шығады.
Сұрақ карточкалары:
Айырылу реакциясы деген не?
Орынбасу реакциясы деген не?
Алмасу реакциясы деген не?
Қосылу реакциясы деген не?
    
Жауаптары бар карточкалар
Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі  затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды. 
Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция  - алмасу реакциясы деп аталады. 
Бір заттың бірнеше затқа айналып, ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.
Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция – орынбасу реакциясы деп аталады.
 
Бұл тапсырмада оқушылардың логикалық ойлау, жылдам әрекет ету қабілеттері артылады.
3 мин «Шатасқан  реакциялар» әдісі Оқушыларға әр түрлі түсте жазылған реакция теңдеулерінің жартысы және жауабы жазылған тапсырмалар үлестіріледі.
Оқушылар жарты реакция теңдеуінің дұрыс жауабын жазып, теңестіріп қандай реакция типіне жататынын айту керек.
Al + Cl2 = AlCl3
NaHCO3 = Na2CO3 + H2O + CO2
Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2
CaO + HCl= CaCl2 + H2O Оқушылардың реакция теңдеуді құрастыра біледі. Онымен қоса жылдам логикалық ойлану қабілеттері дамиды. Сөздік қоры көбейеді.
1 мин Үйге тапсырма §19 оқу, 49-53 беттер
№8,9 тапсырмалар, 53 бетте.  
1 мин Бағалау    

Приложенные файлы


Добавить комментарий