Баяндама та?ырыбы: критериалды ба?алау


Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді. Білім – мәңгілік ізденіс, өйткені ол ешқашан таусылмайтын бұлақ. [1] Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи талаптардың бір жүйеге енуі, оның жүзеге асуы, басым бағыттарының болғаны білім берудің бағдаршамына айналды.                          
          Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалау болып отыр. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
  Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.  Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
          Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта  күнделікті жүзеге асатын,  білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз  байланысты жүзеге асырады.
          Ішкі жиынтық  бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.
          Сыртқы жиынтық  бағалау – оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
          Модерация – білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалауды мектептерге енгізудің мақсаты оқыту сапасын жоғарлатудан, мектеп  оқушыларының білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіруден туындап келді. Сондай-ақ,  оның басты ерекшеліктері белгіленді.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;
Анық, айқындылығы;
Бағаның әділдігі;
Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі.
Сонымен қатар критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
- оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. [2]
Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Ол тіл пәндерінде «тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым» деп аталады. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да ұтымды әрі нақты құру жақсы нәтиже бермек.
 Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін сралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

Баяндама
Критериалды бағалау


Приложенные файлы


Добавить комментарий