Презентация на тему Ата-анамен ж?мыс


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Мектеп-оқушы-ата-ана ынтымақтастығы «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берген білім- адамзаттың хас жауы» Әл -Фарабиstyle.colorfillcolorstroke.colorfill.type Мақсаты: Мектеп, ата -ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді? Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.
Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.
Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.
Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.
АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.
Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.
Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.
Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.
Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата-анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.
Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.
Отбасы – сапасы бір қатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Ата-ана міндетінің үлгісі.Болу керекБілу керекІстей алу керекТаныс болу керекНақты түсінігі болу керекБар болу керек “Біздің балаларымыз-біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие-бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие-бұл біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” А.С.Макаренко Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны ерекше. Тәлім- тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Ата-ана баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігі екендігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Ата-ана баласына дұрыс тәлім- тәрбие беруде кездесетін қиыншылықтарға бағыт-бағдар, кеңес беруші болып табылады. Ұстаз бен ата-ана бірлесе жұмыс жүргізсе тәрбиелі, саналы, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыра алады. Бала-ата-ананың игі ісінжалғастырушы Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі. -Бала тәрбиесіндегі отбасы ықпалы басқа тәрбиеге қарағанда басым болу керек.-Болашақ ұрпақтың бойындағы ең құнды қасиеттерді қалыптастыратын басты тірек болады.-Баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.-Баланың еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші.-Отбасы ұлттық дәстүрді жалғастырушы.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны демеуші- ата-ана. -Баланың оқуына, тәрбиесіне тек мектептегі тәрбие мен оқудың арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.-Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланы сабақ үлгерімін қадағалаңыз.-Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз, оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз.-Егер бала үй тапсырмасына қиналған болса, көмектесіңіз, өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз.
Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, беделімен басыну,санаспау.Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру керекті деңгейде қажетін өтеу.Баланың ырқына көну, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, орынсыз кінәлау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету.Қолдау,орынды көтермелеу, дәлелдеу, баламен санасу, пікірлес болу. Ықпал ету әдістері Өзіне сенімі артады.Ықпал ету арқылы тежеу Тартын-шақ қорқақ, ырықсыз, жігерсіз, жалтақЫқпал ету арқылы қуаныш сезімін оятуКөңілі өсіп марқаяды, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы , қабілеттері ашылады.Қырсық, өзімшіл, жалқау, ұқыпсыз, бірбет-кей, қатыгез, рақым-сыз.Нәтижелері Отбасының балаға теріс ықпалыАта-аналық міндеттерін орындамайтын отбасыларӨзарақарым-қатынас мәдениетітөмен отбасылар Баланың жеке дамуына көңіл бөлмейтінотбасыларБалаға шамадан тысқатал тәрбие беретінотбасыларБалаға шектен тыс қамқорлық көрсететінотбасыларБаланықоғамдық нормалардысыйламауғатәрбиелейтінотбасылар
Сіз көбіне қандай сөздерді қолданасыз?“Мен саған айттым ғой, ал сен тыңдамайсың”, “Сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді!”, “Әпкең саған қарағанда жақсы оқыған”, “Сен-өте жалқаусың”, “Сенен ешнәрсе шықпайды” немесе “Оқасы жоқ, қиындықтарға мойымасаң, міндетті түрде жеңіске жетесің”, “Бұл сенің қолыңнан келеді”, “Мен сенің қайратыңа, сана-сезіміңе сенемін”. Балаңызға қалай сөйлейтініңізді ойланып көріңіз, себебі баламыздың қандай тұлға болып қалыптасуы осыған байланысты:Ол өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын батыл азамат немесе айналасындағы адамдардың пікіріне жалтақтап қарайтын, өзіне сенімсіз адам болып қалыптасадыБала кезінде адам өзінің шағын ортасындағы көзқарастар мен құбылыстарды тез қабылдайды да, оның “өмірлік сценарийі” қалыптасады. Ал осы баланың бойына сіңірген көзқарастар жүйесі әдетте өмірдің күрделі кезеңдерінде шешім қабылдауға ықпал етеді. Ата-ана жадына:Ата-аналар баласына “Сен өскенде президент боласың” десе, енді біразы “Сенен адам шықпайды” дейді. Бұл сөздер баланың әрі қарай дамуына және тағдырына тікелей әсер етеді.Кішкентай сәби ата-анасы оны қалай бағаласа, ол өзін солай сезінеді. Баланың өзін-өзі бағалауы ата-ананың (ересек адамның) ықпалымен қалыптасады.Бала бір жарым жасқа толғаннан бастап баланың өзін-өзі дұрыс бағалауы қалыптасады.Көптеген ата-аналар өз балаларының өзін-өзі бағалау дәрежесін төмендетіп, бәсеңдетіп тастайды. Өйткені үнемі қайталана беретін жағымды немесе жағымсыз сөздер мен әрекеттер баланың санасында орнығып, кейін жүзеге асады. Өз күшіне деген сенімділікті төмендететін сөздер:Мен саған мың рет айттым.Киіміңді былғама.Қайтадан құладың ба? Аяғыңның астына қарап жүрсеңші.Қашан сенде жауапкершілік пайда болады?Егер мені тыңдасаң ғой.Көршінің баласындай пысық болу саған қайда! т.б.Осындай сауатсыз әрекеттеріміз бен ойланбай жасаған ескертулеріміз балаларымыздың өзіне деген сенімділігін жойып жіберіп, олардың ұяң, тұйық болуына әкелетін шығар? Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата – ананың ролі Бала “5” алғанда ата –ана не істейді, бала не істейді?{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}АТА - АНАБАЛА Бала “5” алғанда ата –ана не істейді, бала не істейді?{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}АТА - АНАБАЛАҚУАНАДЫМАҚТАНАДЫРИЗА БОЛАДЫҚУАНАДЫМАҚТАНАДЫКӨҢІЛ – КҮЙІ КӨТЕРІЛЕДІ Бала “2” алғанда ата – ана не істейді, бала не істейді?{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}АТА - АНАБАЛА Бала “2” алғанда ата – ана не істейді, бала не істейді?{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}АТА - АНАБАЛАРЕНЖИДІҰРСАДЫКҮЙІНЕДІ ҚОРҚАДЫЖЫЛАЙДЫКӨҢІЛ – КҮЙІ ТҮСЕДІ СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ “2”АЛЫП КЕЛСЕ, СІЗ НЕ АЙТАСЫЗ? БІРАҚМАҚТАУ КЕРЕКСЕНУ КЕРЕКСЕНБЕЙМІЗМАҚТАМАЙМЫЗАТА – АНАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУМҰҒАЛІММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛУ КЕРЕКЕРІНЕМІЗКӨМЕКТЕСУ КЕРЕК
Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз?Баршы, қазір қолым бос емес!Қарашы, тағы бүлдірдің!Дұрыс емес!Сенің бірдеңе үйренетін күнің бола ма?Сен мені жындандырасың!Әкең (немесе шешең) екеуіңнің менсіз күндерің қараң қалар! {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктерБаланың астар санасында қабылдануыДұрысыЖылама! Жаман балалар ғана жылайдыМен әлсіз, жаман баламын!Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың!Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүймірейіп тұрғанын қарашы!Әкемді (шешемді) жек көредіСенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру).Ой, ақымақ – ай!Менің ақымақтығымды жақсы көреді.Бала менің ақылды, әдемі...Біз сені жақсы болсын деп...Сен болсаң...Мені ата – анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумінБіз сені жақсы көреміз, түсінеміз. Әлі – ақ бәрі орнына келеді“Бәленбайдың баласын қарашы...”Мен одан кеммін“Менің ойымша ондайды сен де, жасай аласың! ”“Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің!”Келесі жолы өздері істесін. Енді ештеңе істемеймін!“Әрбір адамның қателесуге құқығы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!”“Сенің ақылың жететін іс емес...” үлкендердің ісіне араласпай жайыңа отырМенің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байқұспын.Менің ойым ешкімге қызық емес.Араластыруға болатын іс болса: “Қане, сенің ойың қалай?” – деп, болмаса, “Бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!” - Жаным менің! Қуанышым менің!- Сенің қолыңнан бәрі келеді!Сен болмасаң, біз қайтер едік?Ботам келді! Неге көңілсізсің? кел, көмектесіп жіберейін. ақылыңнан айналайын!- Балам өсіп қалыпты ғой! сенің көмегің керек болып тұр! 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.Ата – аналарға арналған этикалық кодекс 6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, ауыл көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Мектеп басшысы Жағдаяттар Ашу үстінде балаңыз сізге қатты сөйлесе...Жылда үздік оқып, балаңыз биылғы жылы үштік алып жатса...Балаңыздың достары сізге ұнамайды...Сіз күні – түні балаңызға сын айтасыз ...Жағдаяттар Кез келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып, балаңызға көңіл бөлесіз бе? Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?Балаңызбен арадағы қарым – қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба?Балаға берген уәдеңізді мойындай аласыз ба?Балаңыздың достарын білесіз бе?Сізді және балаңызды қызықтыратын ортақ істерді білесіз бе?Сабақтарын орындалуын тексересіз бе?Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?Балаңызды қандай баламен жолдас болғанын қалайсыз?Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?Сұрақ - жауап
Аңыз. Өз мақсатыңа берік бол! Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты. Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады.Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын. Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады... Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: “Бұл өте қиын! Олардың шыңға шығуы мүмкін емес!”Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады... Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді... Көрермендер сонда да “Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыға алмайды!” –деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап, құлай берді... Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле береді... Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды! Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш-қуатты қайдан алды! Сөйтсек жеңімпаз бақаның құлағы естімейді екен! Ол көпшіліктің кертартпа пікірін естімеген. Балаңызды өзгелердің кертартпа сөзі мен пікіріне құлақ салмауға және өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз! Егер сіз балаңыздан тек жақсылық күтсеңіз, бұл оның тағдырына айналады да, балаңыздың өз-өзіне сенімділігі артады. Сондықтан әрдайым позитивті болыңыз. Ежелгі даналарымыз айтқандай: Адамның өзін, оның өмірі мен тағдырын оның өз ойлары мен көзқарастары қалыптастырады. “Адамның қандай болуы оның өзі туралы көзқарасы мен ой-пікіріне байланысты, барлығы соған тәуелді” Бұл ежелден-ақ белгілі болған.Егер мұғалімнің көзқарасы түсінігі дұрыс болып, оқушыларға сенім артса, оқушылардан жақсы нәтиже күтуге болады. Сіз қандай ата – анасыз? «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»Сухомлинский Отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.Педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай
Назарларыңызға рахмет!!!

Приложенные файлы


Добавить комментарий