Презентация по информатики на тему Циклдік алгоритм 6 сынып


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Тақырыбы: Циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу.
Циклдік алгоритмЕсептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бәрнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдер деп аталады. Шартты тексеру блогын блок – сызбада алтыбұрышпен таңбалаймыз. Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін «иә» тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда- «жоқ» тармағы пайдаланылады. Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.Қызыл асық табылғанша берілген мысалдығы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз. Өздерің көріп тұрғандай, іс-әрекеттер тек шарт орындалғанда ғана жүзеге асады ал кері жағдайда іс-әрекеттер жүзеге аспайды. Бұндай алгоритмдер толық емес деп аталады. Практикалық жұмысОқулықтық 70 бетіндегі 4-6 тапсырмаларды орындау.
Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап келу. Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритмін және блок-схемасын құрастыру.

Приложенные файлы


Добавить комментарий