Толымсыз квадрат те?деулерге есептер шы?ару. 8 сынып


Мерзімі 20.11.15ж
Сынып 8А
Пәні алгебра
Тақырыбы Толымсыз квадрат теңдеулерге есептер шығару.
Мақсаты Білімділік: Квадраттық теңдеулердің түбірлерінің формуласын пайдалану, толымды, толымсыз квадрат теңдеуді шешу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды есептер шығаруда коэффициенттерді ажырата алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз беттерінше есептер шығарта отырып, жеке жұмысын қалыптастыру, еңбекке баулу.
Міндеттері 1. Квадрат теңдеудің түрлерін пайдаланып есептер шығара білу бейімділіктерін дамыту.
2. Есеп шығара білу бейімділіктерін қалыптастыру
3.Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Күтілетін нәтиже 1. Квадрат теңдеудің түрлерін пайдаланып есептер шығара біледі.
2. Есеп шығара білу бейімділіктерін қалыптасады.
Жеті модульдің қамтылуы Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, оқуды бағалау
Сабақтың типі Біліміді жүйелеу
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері Кіріспе сұрақтары, миға шабуыл, бағалау сұрақтары, проблемалық ой шешу.
Сабақтың көрнекілігі Жеке жұмыс тапсырмалары; топтық жұмыс тапсырмалары,плакаттар постер дайындауға
Пән аралық байланыс Логика, тарих, әдебиет
Сабақ жоспары Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі,
психологиялық дайындық (2м) Оқушыларды топқа бөлу Топқа бөлініп отырады
Үй тапсырмасын тексеру (10м) № 235
1) 0; 2,5 2) 0; -1,4 3) 0; 0,4 4) 0; 3\4 5) 0; 4 6) 0; 2
№ 236
1) ∅ 2) ±2 3) 0 4) 0; 1\3 5) ∅ 6) ∅Миға шабуыл
1.Квадрат теңдеу деген не?
(aх2+bx+c = 0 (а≠ 0) түріндегі теңеуді квадрат теңдеу)
2. Теңдеуді шешу дегеніміз не? (түбірін, шешімін табу)
3. XXI ғасыр қашан басталды? ( 2000 жылы)
4. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?
( Бірінші коэффициенті бірге тең квадрат теңдеу )
5. Білімге қойылатын ең төмен баға? (екі)
6. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп атайды? (Толық емес квадрат теңдеулерді) 
7. Күн жылына неше рет шығады? (365 рет)8.Толымсыз квадраттың үш жағдайын көрсет
(1) aх2+bx = 0, c =0; 2) aх2+c = 0, b = 0; 3) aх2 = 0, b=0, c=0)
9.Кез келген сөзде, өсімдікте болады. Ал ол теңдеуде бола ма? ( болады түбір). Оқушы ой пайымын туғызу
Есептер шығару (25м) 1. Біліміңді тексер (Ауызша)
Берілген теңдеулердің арасынан толық және толымсыз квадрат теңдеулерді атаңдар
а) х2 + 3х – 19 =0,                    б) х2-7х+11=0,
ә) 4х2+5х=0,                            д) 2х2-5х+1=0,
в) 8х2=0,                                 г) 3х2-21х=0.
ғ) 8х2-3х=0,                             е) х2-25=0,
ж)  х2-4х=45                             з) 18-2х2=0
и) 4х2-28х+49=0                      к) 2х2-5х+3=0
2. Оқулықпен жұмыс, есептер шығару(топпен жұмыс)
№ 237
1- топ. 1 ж\е 3; 2- топ. 2 ж\е 4
3- топ. 5 ж\е 7; 4- топ. 6 ж\е 8
Есеп шығаруда нұсқаулықтар беріп отыру. Есеп шығарып, өздерін бағалайды.Топпен жұмыс. Постермен жұмыс және қорғау.
3. Сергіту сәті
Теңдеудің шешуі бойынша сандық мақал - мәтел айту.
1) (1;2) «Бір елі ауызға, екі елі қақпақ».
2) (8;1) « Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы»
3) (6;4) «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
4) (7;1) «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»
5) (1; 10) «Бір тал кессең, он тал ек»6) (1; 8) «Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы»7) (30; 40) «Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю»8) (7; 7) «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал».
4.Деңгейлік тапсырмалары.
1 деңгей.
5х²+17х-6=0 коэффициентін анықтандар.
2 деңгей.
1) х²-0,16=0; 2) 2х²-72=0 теңдеуді шешіңдер.
3 деңгей.
1)Теңдеуді aх2+bx+c = 0 түрінде жазыңдар.
(2х-1)(2х+1) = x(2x+3)
Жауаптары:
1 деңгей. а=5; в= 17; с= -6. 2 деңгей. 1) ±0,4; 2) ±6
3 деңгей. 2x2 – 3x - 1 = 0
4.Тест тапсырмалары.
1-нұсқа
1. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін жазыңдар:
7x2 – 8x + 15 = 0
А) а=7; в= -9; с=15      Б) а=7; в= -8; с=15       В) а= 3; в=8; с=4
2. Теңдеудің түбірін табыңдар: х²- 64=0
А) -8         Б) -64 B) 64 D) ±8 
3. 8x + 2 = 0 мына теңдеу квадрат теңдеу бола ма?
А)    иә      Б) жоқ
4. Теңдеуді шешіңдер: x2 + 2x = 0
А) 0; -2.      В) Түбірлері жоқ.        С) 0.         D) -2. 
5. Келтірілген квадрат теңдеуді көрсет:
1)x2 – 6x + 1 = 0 2)7x2 – 3x + 2 = 0
А)2 В) 1,2        С) 1     
Тест жұмысының жауаптары.
Сұрақтың нөмері 1 2 3 4 5
ЖауаптарыАты- жөні: Баға: 
  Тесті дұрыс жауабы бойынша өзара оқушылар тексереді№ 1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа 4-нұсқа
1 Б В D C
2 D C C D
3 Б Б D А
4 А D В В
5 С В В D
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сабақты бекіту (3м) Сыпайы сөйлеу арқылы жинақтау. Есіңде сақта Әр топ бір- біріне сұрақтар қояды
Бағалау (2м) Сабаққа оқушының ой түйіні. Топта бір- бірін бағалайды
Кері байланыс (2м) Бүгінгі сабақ туралы пікірім
1.Бүгін мен не үйрендім ?
2. Маған не ұнамады ?
3.Бүгінгі сабақ бойынша сұрағың немесе пікірің
Оқушылар өз ойларын жазып тақтаға іледі
Үйге тапсырма (1м)
№ 239, 240 Үйге тапсырмасын жариялау
Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алу


Приложенные файлы


Добавить комментарий