Ж?здіктерді, онды?тарды бір та?балы сандар?а б?лу, к?бейту та?ырыбында саба? жоспары



Сыныбы:3
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Жолдасова Күнзира
Сабақтың тақырыбы: Жүздіктерді бір таңбалы санға, ондықтарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту. Есептер шығарту.
Күтілетін нәтижесі: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын біледі, есептер шығаруда қолдана алады.
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой шақыру», «Тақырыптың түйісуі», деңгейлік тапсырма, «Кел, құрайық!», кері байланыс
Құрал-жабдықтар, көрнекілік: кеспе материалдар, электронды оқулық, стикерлер, маркер, плакат
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушынның іс-әрекеті Мақсаты
Кіріспе
(3-5 мин) Білу, түсіну деңгей
Шаттық шеңбері.
«Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді. Оқушылар тілекті бір – біріне жалғастырып, тілек айтады. Оқушылардың сабаққа дайындығын білу.
Мұғалім оқушыларды "ондықтар", "жүздіктер","нөл" деген таратпалар арқылы топтарға бөледі.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Оқушыларды топтарға бөле отырып, жаңа тақырыпқа бағыт жасау.
Тұсау кесер
(5-10мин) Ой шақыру.
10 • 4 40 : 4
1 онд. • 4 = 4 онд. 4 онд.: 4=1 онд.
10 • 4 = 40 40 : 4 = 10
4 • 10 = 40 40 : 10 = 4
100 • 4 400 : 4
1жүзд.• 4=4жүзд 4жүзд.:4=1жүзд.
100 • 4 = 400 400 : 4 = 100
4 • 100 = 400 400 : 100 = 4 Оқушылар жаңа тақырыппен танысып, талқылап, жүздіктерді және ондықтарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді меңгереді. Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту.
Жұптық тапсырма.
«Тақырыптың түйісуі»
4 – мысал
Амалдарды орындап, мәндерін табады.
Бағдаршам арқылы бағалау Оқушылар жұптасып отырып амалдарды орындап, мәнін табады. Жұптар жұмыстарын өзара бағалайды. Логикалық ойлау қабілеттері дамыту. Өзара бағалай білуге дағдыландыру.
Негізгі бөлім
(15-20) Талдау, қолдану деңгей Топтық тапсырма.
«Кел, құрайық!»
6 - есеп.
Есептерді шығар.
Критерий арқылы бағалау Оқушылар топтаса оты-рып, есептің шартын құ-рып, шығарылу жолда-рын көрсете отырып, жа-уабын табады. Мұғалім анықтаған критерий арқылы бағалайды. Оқушылардың сөй-леу шеберлігін анық-тау, ынтымақтастық қабілеттерін қалып-тастыру. Ой қоры-тындыларын жасауға дағдыландыру.
Деңгейлік тапсырмалар
1 - тапсырма
10 • 6 10 • 7 100 • 7
6 • 10
60 : 6
60 : 10
2 - тапсырма
Теңдеу құр және оны шеш.
-егер белгісіз санды 3-ке көбейтсе, онда 30 шығады.
-егер 10-ды белгісіз санға көбейтсе, онды 10 шығады.
-егер 600-ді белгісіз санға бөлсе, онда 6 шығады.
3- тапсырма
Жарысқа Қуат, Бауыржан және Ғалым қатысты. Қуат 2 м 70 см секірді және бұл Бауыржанның секіргенінен 3 дм ұзын болды. Бауыржанның секіргені Қуаттың секіргенінен 20 см қысқа болды. Жарыста қайсысы нешінші орын алды? Өрнекті жалғастырып жазып, мәндерін табады.
Теңдеулерді құрып, шығарады.
Логикалық тапсырманы орындайды. А, В, С деңгейлі балаларды анықтау.
Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Сергіту сәті

Қоры-тынды
(5-10 мин) Бағалау деңгей Үйге тапсырма
7- мысалды шығарып келу. Кері байланыс.
Бүгін сабақ ұнады. Несімен?
Ұнамады. Несімен?
Сабақта қиналдым. Неден?
Сабақта оңай болды? Не жасау? Оқушылар кері байланысты ауызша айту арқылы қайтарады. Оқушылардың рефлексивті ойларын дамытады, тақырып бойынша түсінгені, түсінбегенін анықтау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий