«Астана –?аза? еліні? ма?танышы»Астана. Астана – ?аза?станны? т?ртінші астанасы. 1997 жылдан бастап А?мола Астана ?аласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден т?ратын монумент салынды. Ол «Б?йтерек» деп аталды. «Б?йтерек» Есіл ?зеніні? сол ж


Семей қаласы.
«№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ.
Жапықова.Г.О.
«Астана –қазақ елінің мақтанышы»
Мақсаты:
Білімділік: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, сан есімнен алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Әдісі: Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.
Көрнекілік: слайд, карта
Тәрбиелік шараның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Астанаға саяхат»
Саяхат картасы
1. Вокзал
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
5. «Думан»
6. «Хан шатыры»
7.Мешіттер.
8. «Мәңгілік ел»
III.Қорытынды.
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.
Саяхат картасы1. Вокзал
2. Бәйтерек3. Пирамида
4. Ақ Орда
5. «Думан»
6. «Хан шатыры»
7.Мешіттер.
8. «Мәңгілік ел»
1 - аялдама. Вокзал. Астана туралы қысқаша мәлімет
Астана.
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астанада 2002 жылы биіктігі 97 метрден тұратын монумент салынды. Ол «Бәйтерек» деп аталды. «Бәйтерек» Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – жер асты бөлігі, екіншісі – ұзын темірден жасалған, үшіншісі – үлкен дөңгелек шар. Ал дөңгелек шардың ішінде елбасымыздың қолының ізі бар тас орналасқан.
2 - аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру
Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
3 - аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
4 - аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
5 - аялдама «Думан»
«Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі. «Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
6 - аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
7.Мешіттер.
8. «Мәңгілік ел»
III.Қорытынды.
Қорытындылау үшін біз қазір сіздермен сөзжұмбақ шешеміз.
1. Президенттің резиденциясы.
2. 97 метрден тұратын монумент қалай аталады?
4. Елорданың сол жақ жағалауына салынған ойын – сауық кешені қалай аталады?
6. Бейбітшілік пен келісім сарайы қалай аталады?
А Қ О Р Д А
Б Ә Й Т Е Р Е К
Д У М А Н
П И Р А М И Д А

Приложенные файлы


Добавить комментарий