Саба? ма?саты:Балаларды? с?йіспеншілік ??ндылы?ы-ны? жа?сылы? жасау ар?ылы к?рініс табатыны туралы т?сінік беру Міндеттері: Білімділік:.Жа?сылы? пен с?йіспеншілікті? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ы туралы т?сінік беру Дамытушылы?Жа?сылы? жасай білу іске


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О.
Сынып 2 Оқушылар саны 15 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық
Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығы-ның жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру
Міндеттері:
Білімділік:.Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру
Дамытушылық;Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа, ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар
маркерлер,плакат
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 2 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.
Өткенді еске түсіру
- Балалар, 1 сыныпта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы өткен болатынбыз.“Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырайық. Қанеки, кім бастап айтып береді?Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Ескерту
Балалар тыныш оты-рып, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады
Дәйексөз.
«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды міндет етпе»Ы.Алтынсарин
Сұрақтар:
1.Біреуге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіндер?
Оқушылар жауаптары
Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығынды бұлдап,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жаңашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіне ақы сұрама деген.
БекітуБалаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз. 5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
“Балалардың көз қуанышы”
В. А. Сухомлинскийдің әңгімесімен танысайық
. Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.
Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай.бақыт!Сұрақтар:
Әңгімеде:- Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?- Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?- Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?
6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.1 - ТАПСЫРМА:
Қарт адам балаға қандай жақсылық жасады?
(Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)2 - ТАПСЫРМА:
Бала қайда және қандай көніл күйде отырды. Суреттеп беру.3 - ТАПСЫРМА:
Өз бойларындағы жақсы қасиеттерінді саналап жазындар.(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды) 7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар»
Сөзі: М. ӘлімбаевӘні: Ө Байділдаев 8. Үй тапсырмасы. Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар. Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Приложенные файлы


Добавить комментарий