«?зін-?зі тану» саба?ыны? жоспары Мектеп: «К?кпекті орта мектебі»К.М.М М??алiм Аяганова А.О. Сынып 2 О?ушылар саны 16 Та?ырып : 1 – саба?. «Біз осындай баламыз» ??ндылы?: С?йіспеншілік


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О.
Сынып 2 Оқушылар саны 16 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық
Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығы-ның жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру
Міндеттері:
Білімділік:.Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру
Дамытушылық;Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа, ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар
маркерлер,плакат
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 2 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.
Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?Балалардың жауаптары тыңдалады:Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Ескерту
Балалар тыныш оты-рып, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады
Дәйексөз.
«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды міндет етпе»Ы.Алтынсарин
Сұрақтар:
1.Біреуге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіндер?
Оқушылар жауаптары
Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығынды бұлдап,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жаңашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіне ақы сұрама деген.
БекітуБалаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз. 5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
“Балалардың көз қуанышы”
В. А. Сухомлинскийдің әңгімесімен танысайық.Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала.Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай.бақыт!Сұрақтар:
Әңгімеде:- Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?- Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?- Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?
6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.1 - ТАПСЫРМА:
Қарт адам балаға қандай жақсылық жасады?
(Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)2 - ТАПСЫРМА:
Бала қайда және қандай көніл күйде отырды. Суреттеп беру.3 - ТАПСЫРМА:
Өз бойларындағы жақсы қасиеттерінді саналап жазындар.(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды) 7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар»
Сөзі: М. ӘлімбаевӘні: Ө Байділдаев 8. Үй тапсырмасы. Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар. Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені»К.М.М
Мұғалiм Абдулкаримова А.Н
Сынып 3
Оқушылар саны 16
Тақырып : «Жаным толған жақсылық»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық
Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығының жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру
Міндеттері:
1. Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру
2.Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.
3.Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа,тапсырмалар бар конверттер,ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар
маркерлер,плакат,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»(балалар диванға жайғасады, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады)Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 3 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар.Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар.Жарайсыздар.
Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?Балалардың жауаптары тыңдалады:Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Ескерту
Дәйексөз.
«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды міндет етпе»Ы.Алтынсарин
Сұрақтар:
1.Біреуге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіндер?
Оқушылар жауаптары
Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығынды бұлдап,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жаңашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіне ақы сұрама деген.
БекітуБалаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз. 5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
“Балалардың көз қуанышы”
В. А. Сухомлинскийдің әңгімесімен танысайық.Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала.Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай.бақыт!Сұрақтар:
Әңгімеде:- Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?- Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?- Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?
6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.1 - ТАПСЫРМА:
Қарт адам балаға қандай жақсылық жасады?
(Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)2 - ТАПСЫРМА:
Бала қайда және қандай көніл күйде отырды. Суреттеп беру.3 - ТАПСЫРМА:
Өз бойларындағы жақсы қасиеттерінді саналап жазындар.(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды) 7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар»
Сөзі: М. ӘлімбаевӘні: Ө Байділдаев 8. Үй тапсырмасы. Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар. Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Мектеп Каменка орта мектебі
Күні
Тақырыбы Қуаныш – жан шуағы
Құндылық Қиянат жасамау
Қасиеттер Қамқорлық,бірлік
Мұғалім Алымханова Салтанат Кабдылкамитқызы
Сыныбы 4 Оқушылар саны 6
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «қуаныш», «қуаныш сыйлау» ұғымдары туралы түсінік бере отырып,қиянат жасамау
құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік:Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық:Өзара жағымды қарым-қатнас жасау, қамқорлық,бірлік қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Өзгелерге қамқорлық жасауға,қуаныш сыйлауға тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар,дерексөздер)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтағы жағымды күйге келу: Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырып,денелеріңді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды үстелге немесе тізеңізге қоюға болады.Көздеріңізді жұмыңыздар!
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сеземіңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып ,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағаныны елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіруге тырысыңыз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
-Қандай сезімде болдыңыз? Ескертулер
2.Үй тапсырмасын тексеру: Ж.Дәуренбеков «Сурет» әңгімесі.
-Самат Азаматқа неліктен ренжіді?
-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
-Мұғалім Азаматтың салған суретін қалай мақтады?
-Сен кімнің алақанын салар едің? Оқулық кітап 58-60 бет
3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
- Кейбір адамға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі. (Ник Вуйчич)
-Қандай іс-әрекет арқылы қуаныш сыйлауға болады?
-Қуаныш пен жақсылық жасауды қалай түсінесің?
-Ата-анамыз бен мұғалімдерімізге қандай қуаныш сыйлауға болады?
Дәйексөзді дәптерге жаздыру 66-бет
4.Оқиға айту (әңгіме)Мұғалімнің сыйлығы.
«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский.
-атақты жаңашыл педагог,жазушы.
Көктемнің жайма- шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқы бөленген еді.Бақтар гүлдеп,құстар сайрады.Көгілдер көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады.Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Ал аққайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды.Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді.Ол құстардың қалай сайрағанын есімеді.Көгілдір аспан оған қара болып,ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланы өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады.Тек бір қарт қана баланы байқап ,оның қасына келіп,басынан сипады.Қарт балаға көптеген сөздер айтып,әлденелерді жеткізген болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті.Әңгіменің ақырында бала күлім қақаты.Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді.Ол құстардың қалай сайрағанын естіді.Көз алдына көгілдір аспандағы тыналардың қанатын әсем қаққаны келді. «Міне,қазір көктем екен»,-деп ойлады бала.
Біреудің көзіндегі жасты тыйып,жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!!!
Оқиғаны талдау:
-Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
-Сендердің ойларыңша қарт балаға не айтты?
-Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
62-бет
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.
-Топ бойынша «Қуаныш сыйлау» тақырыбында топтастыру жасау және қорғау .Адамдарға қалай қуаныш сыйлауға болады?
1-топ – 1 шумақ өлең жазу
2-топ- қиянат жасамау арқылы қуаныш сыйлау(сурет салу)
- Адамды,айналаңды қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?
- Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?
-Өз сыныптастарыңды қалай қуантар едіңдер? 2 топқа бөлу,топтпстыру жасау
Талдау сұрақтар
64-бет
6.Топпен ән айту :
Балдәурен
1.Балдәурен көктем,асығып жеткен шағала күндер,
Базарлы маусым,шырқалған даусым,тамсанып әсем.
Балауса балғын,көк майса шалғын,барады күндер,
Тербеліп биге,жайқалып билеп,ән салып әсем.
Қайырмасы;
Балдәурен,бақытты ән дәурен,
Келеді қанатым самғаумен.
Көңілдің ұшырып аққуын,
Балауса,балбұлақ бәлдәурен.
2.Жаныңа жылы,жүрекке ыстық,көңілге сұлу,
Ұялы көзің,балдәурен кезің бақыт-ау,бақыт.
Даламдай дархан,тауымдай биік,өмірге сұлу,
Тояма көзің ,айтшы сен өзің уақыт-ау,уақыт.
Қайырмасы: 7.Үй тапсырмасы:
-Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау. 63-64 бет
8.Сабақтың қортынды сәті: Тыныштық сәті:
Жайланып отырып,көзімізді жұмайық.Әрқайсысымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға ,айналаға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік,жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе түйіп алыңдар!Рахмет!Көздеріңді ашуға болады.
-Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар?
Дидактикалық материал
Мектеп Бобровка орта мектебі
Күні
Тақырыбы Қуаныш – жан шуағы
Құндылық Қиянат жасамау
Қасиеттер Қамқорлық,бірлік
Мұғалім Бутабаева Айжан Куангановна
Сыныбы 3 Оқушылар саны 21
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «қуаныш», «қуаныш сыйлау» ұғымдары туралы түсінік бере отырып,қиянат жасамау
құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік:Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық:Өзара жағымды қарым-қатнас жасау, қамқорлық,бірлік қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Өзгелерге қамқорлық жасауға,қуаныш сыйлауға тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар,дерексөздер)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтағы жағымды күйге келу: Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырып,денелеріңді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды үстелге немесе тізеңізге қоюға болады.Көздеріңізді жұмыңыздар!
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сеземіңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып ,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағаныны елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіруге тырысыңыз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
-Қандай сезімде болдыңыз?

Ескертулер
2.Үй тапсырмасын тексеру: Ж.Дәуренбеков «Сурет» әңгімесі.
-Самат Азаматқа неліктен ренжіді?
-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
-Мұғалім Азаматтың салған суретін қалай мақтады?
-Сен кімнің алақанын салар едің? Оқулық кітап 58-60 бет
3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
- Кейбір адамға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі. (Ник Вуйчич)
-Қандай іс-әрекет арқылы қуаныш сыйлауға болады?
-Қуаныш пен жақсылық жасауды қалай түсінесің?
-Ата-анамыз бен мұғалімдерімізге қандай қуаныш сыйлауға болады?
Дәйексөзді дәптерге жаздыру 66-бет
4.Оқиға айту (әңгіме)Мұғалімнің сыйлығы.
«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский.
-атақты жаңашыл педагог,жазушы.
Көктемнің жайма- шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқы бөленген еді.Бақтар гүлдеп,құстар сайрады.Көгілдер көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады.Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Ал аққайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды.Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді.Ол құстардың қалай сайрағанын есімеді.Көгілдір аспан оған қара болып,ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланы өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады.Тек бір қарт қана баланы байқап ,оның қасына келіп,басынан сипады.Қарт балаға көптеген сөздер айтып,әлденелерді жеткізген болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті.Әңгіменің ақырында бала күлім қақаты.Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді.Ол құстардың қалай сайрағанын естіді.Көз алдына көгілдір аспандағы тыналардың қанатын әсем қаққаны келді. «Міне,қазір көктем екен»,-деп ойлады бала.
Біреудің көзіндегі жасты тыйып,жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!!!
Оқиғаны талдау:
-Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
-Сендердің ойларыңша қарт балаға не айтты?
-Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?
62-бет
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.
-Топ бойынша «Қуаныш сыйлау» тақырыбында топтастыру жасау және қорғау .Адамдарға қалай қуаныш сыйлауға болады?
1-топ – 1 шумақ өлең жазу
2-топ- қиянат жасамау арқылы қуаныш сыйлау(сурет салу)
- Адамды,айналаңды қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?
- Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?
-Өз сыныптастарыңды қалай қуантар едіңдер? 2 топқа бөлу,топтпстыру жасау
Талдау сұрақтар
64-бет
6.Топпен ән айту :
Балдәурен
1.Балдәурен көктем,асығып жеткен шағала күндер,
Базарлы маусым,шырқалған даусым,тамсанып әсем.
Балауса балғын,көк майса шалғын,барады күндер,
Тербеліп биге,жайқалып билеп,ән салып әсем.
Қайырмасы;
Балдәурен,бақытты ән дәурен,
Келеді қанатым самғаумен.
Көңілдің ұшырып аққуын,
Балауса,балбұлақ бәлдәурен.
2.Жаныңа жылы,жүрекке ыстық,көңілге сұлу,
Ұялы көзің,балдәурен кезің бақыт-ау,бақыт.
Даламдай дархан,тауымдай биік,өмірге сұлу,
Тояма көзің ,айтшы сен өзің уақыт-ау,уақыт.
Қайырмасы: 7.Үй тапсырмасы:
-Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау. 63-64 бет
8.Сабақтың қортынды сәті: Тыныштық сәті:
Жайланып отырып,көзімізді жұмайық.Әрқайсысымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға ,айналаға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік,жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе түйіп алыңдар!Рахмет!Көздеріңді ашуға болады.
-Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар?
Дидактикалық материал
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп
Мерзiм _9.06.2016__Мұғалiм Мергазина Нургуль Муратовна_
Сыны___4__ Оқушылар саны 7
Тақырыбы: «Адалдық пен достық» Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттер: Мейірімділік, іс-әрекет,еңбек сүйгіштік
Сабақ мақсаты:
Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығы туралы білім бере отырып, ақиқат құндылығының маңызын ашу.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Жақсылықпен достықтың мәнін түсіндіру, ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
2)Дамытушылық: Өзара сыйластық, шыншылдықты дамыту
3) Тәрбиелік:достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, көрнекі құралдар, смайликтер, оқулық, жұмыс дәптері..
Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру «Менің досым» - тақырыбында ауызша ой бөлісу.
1 Достық дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Ескерту
Еркін отыру
Дәйексөз. «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» деген халық мақалының мәнін түсіндіріңдер, жаттап ал Жұмыс дәптерге жазып алу
Оқиғаларды әңгiмелеу. «Данышпан» атты өсиет әңгімені оқи отырып сабақтың тақырыбын ашу.
«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінесіңдер?-Адам көбінесі өзінің мінезіне жақын адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бір-бірінің жақсы қасиеттерін үлгі тұтады, бойына сіңіреді. Олар бір-біріне өте жақын, бір-бірін тез түсініп кететін болады. осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1. Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезінен дос. Ақылбек сабақтан келген соң тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, үй тапсырмасын орындап болғаннан кейін далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса Асылбекте ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап үйге кеш қайтты. Асылбек:
- Мен ертең сабаққа бармаймын үй тапсырмасын орындамадым. Мұғалімге мені ауырып қалды дей сал, - деп өз өтінішін Асылбекке айтты.Асылбек досының өтінішін орындап мұғалімге өтірік айтты
Сұрақ. 1 Ақылбек дұрыс істедіме?
2.Сендер оның орнында нестер едіңдер Үй тапсырмасы.
Адал достар» тақырыбындағы әңгімені үйден жалғастырып жазып келу. 6 Топпен ән айту. «Достарым» әнін бірлікте айту. «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «№25 ЖОББМ» КММ
Мұғалiм Рахмжанова Ж.К.
Сынып 1 сынып
Оқушылар саны 16
Тақырып : Достаса білейікҚұндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер: Адалдық,әділдік, қамқорлық көрсету
Сабақтың мақсаты:
Балаларға достық туралы түсінік беру, бір-біріне қиянат жасамау құндылығын дамыту
Сабақтың міндеттері:
балаларға достық, адал достық туралы түсіндіру.
балалардың бір - бірін сыйлауға деген қасиеттерін арттыру
балаларды адалдық,әділдік, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Ресурстар
1. Баяу музыка2. Үлестірмелі суреттер (жүрек, гүл, күн, ағаш т. б.),3. Мақал - мәтел4.«Достар әні»Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова,Әнін жазған: Айжігіт Асанов
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ыңғайы келсе көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ал енді ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, жарайсыңдар. Тағы да қайталаймыз, керемет жақсы. Тағы да ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, өте жақсы балалар.- Балалар музыка ырғағымен тыныс алу жаттығуын орындайды.Ал, енді көзімізді ақырындап ашамыз, жан - жағымызға қараймыз.3. Үй тапсырмасы: Өз достары жайлы әңгімелеп келу.
Достарын көп пе?
Нағыз дос қандай болу кеек деп ойлайсыңдар? 4. Дәйек сөз:«Күлме досқа - келер басқа» дегенді қалай түсінеміз?(мағынасын сұрау, талдау)Мақал - мәтел- Мақал - мәтелді мұғаліммен бірге қайталайды.Дәйексөз мағынасын аша түсу үшін ертегі оқып беремін. Ескерту
Мұғалімнің сыйлығы:Ертегі: Алты түлкіБұрынғы уақытта алты түлкі дос болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,- деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осылардың мен қалай құйрықтарын шолақ қылсам екен»,- деп көп ойланады екен. Сонда бес түлкіге айтады:- Біз бір жақсы ойын ойнайық! - деп.Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі биік бір таудың басына шығып, түлкілерге айғайлайды:- Мына жақта бүркіттер келе жатыр,- деп, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, шолақ болып қалыпты. Енді оларды да өзі секілді шолақ қылып, өзіне серік етіп алды. Алтауы бірдей шолақ болған соң ешкім - ешкімді мазақтап күлмейтін болыпты.- Көрдіңдер ме, балалар, досқа күлуге болмайды, әйтпесе өз бастарыңа түседі, дәл осы ертегідей. Досыңа жаманшылық ойлама!- Досқа күлуге бола ма?
-Түлкілердің достығын адал достық деп айтуға бола ма?- Досқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінеміз?
- Өмірде осындай достар кездесуі мүмкін бе? 6. Шығармашылық жұмыс .
Дәптерде берілген суреттер бойынша жағдаят шешу.
1.сурет «ойыншыққа таласқан бала»
2. сурет «досына көмек»
7. Сергіту сәті: (ән айту)«Достар» әні:- Бәрі бірге хормен ән айтады.8. Үй тапсырмасы: «Досқа - сый»- Балалар үйден өздеріңе ұнайтын, өз қалауларыңмен достарыңа сурет салып келіңдер.9. Қорытынды: Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. - Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Өскемен қаласы әкімдігі «Ахмер орта мектебі» КММ
Мерзiм
Мұғалiм Сарсекенова Самал Маратовна
Сынып 3 «Г» Оқушылар саны 25
Тақырып «Мақтану—мақтаншақтық емес»
Құндылық кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық
Қасиеттер кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақ мақсаты: Дұрыс іс-әрекет кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық. Оқушылардың кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Мақтану, мақтау, мақтаншақ болжау туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу, іскерліктерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Кішіпейілділікке,қарапайымдылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: үнтаспа, жұмыс дәптер, оқулық
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңi.
--Сәлеметсіздерме, балалар, бүгін мен сендермен өзін-өзі тану пәні сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мақтану—мақтаншақтық емес». Біз бүгінгі сабағымызда мақтану, мақтаншақтық туралы айтамыз. Сабағымызды бастамас бұрын мен сендерді үш топқа бөліп алайын. Әр топта смайликтер тур, (1-топ қызыл, 2-топ жасыл, 3-топ сары). Ал енді,балалар кімге қай түс ұнайды, бөлініп отыра қалыңыздар.
II Тыныштық сәтi.
Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан ақырын әуен ойналады.
Қане, балалар, қазір бәріміз өз бойымыздағы мақтан тұтарлық қасиеттерді ойланып, айтып беруге дайындалайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу болатын. (3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау).
Мәтін бойынша сұрақтар:
Алтын мүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма? Неліктен?
Ол мақтаншақтығынан қандай қиыншылықтарға тап болды?
Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
Балалардың жауаптары тыңдалады. Ескерту
IV. Дәйексөз.
«Мақтаншақ кісі- менмен кісі, менмендік адамның міні»
(Жүсіпбек Аймауытов)
1.Қандай адамды мақтаншақ адам дейді?
2.Менмендік дегенді қалай түсінесің?
3.Сенде қандай істеріңмен мақтана аласың? V. Оқиғаларды әңгiмелеу
Оқушылырға «Бақа мен өгіз» мысалын оқып беремін.
1.Бақа қалай мақтанады?
2.Мақтаншақтық неге апарып соғады?
Жағдайаттарды сахналап көрсету.
Отырған үш топқа, алдын ала дайындап қойған мәтінді таратып беремін.Әр топ өздеріне тиісті мәтіндегі оқығанын сахналап, оның мақтануғу не мақтаншақтыққа жататынын дәлелдеу.
Әр топ сахналап көрсеткен соң, пікірлерін айтады. VI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылырға өз жетістіктерін орынды мақтана білуге, дағдыландыру үшін «Жарнама» ойынын ұйымдастырылады.
1-топқа достарын, 2-топқа оқулықтарын, 3-топқа сыныптастарының жетістіктерін жарнамалайды.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі «Менің ойымша» айдары бойынша берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазыңдар.
3-4 оқушыдан жазғандарын оқыту. VII. Топпен ән айту.
«Жас дәуірдің түлегіміз» әні
(Сөзі: О.Өтетілеуұлы, әні: И.Нүсіпбаев).
Балалар, бұл өлеңде біз еліміздің Отанымыздың , орман-тауларын туған өлкемізді, ауылымызды мақтан тұтып отырмыз. VIII. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 105-беттегі «Мейірімділік—асыл қасиет»
деген тақырыбындағы, М.Төрежановтың «Сары тауық пен оның балапандары» деген әңгімесін оқып келу.
Ә.Дүйсенбаевтің «Ардақты ана» өлеңін жаттап келу.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі» КММ Мерзiм 14.06.16ж Мұғалiм: Аяганова А.О.
Сынып 2 Оқушылар саны 17 Тақырып: «Еңбек – бәрін жеңбек»
Құндылық _Ақиқат Қасиеттер: Уақытты бағалау, еңбексүйгіштік, мейірімділік
Сабақ мақсаты: Адал еңбек, риясыз қызмет ету арқылы, оқушыларға ақиқат құндылықтарының негіздерін түсіндіру
Міндеттері:
Білімділік; еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Дамытушылық; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Уақытты бағалауға, еңбексүйгіштікке, мейірімді-лікке тәрбиелеу;
Ресурстар:
а) Оқулық,дәптер
ә)«Көңіл толқыны» күй
б)Интернет желісі
в) А 3, стикерлер, түрлі қарындаштар
г)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. – Балалар көңіл – күйлерің қалай?
Тыныштық сәтi.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Жәймен көзімізді жұмып, мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіздер. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындамыз. Тек қана сізді тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайраған дауысы мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, барлық денеңізбен күннің нұрын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалусыз тұрсыз. Сіз ісіңізді, бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелерің тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алыңыз. Енді жайлап көзіңізді ашыңыз.
Осындай жақсы көңіл – күйімізбен сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» мазмұндау
Тапсырма:
1-топ: Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсады?
2-топ; Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
3-топ : «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ескерту
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу
Тыныс алу
Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың ой саяхатынан алған әсерлерін сезінуге баяу әуен қосылады.
Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту
Дәйексөз. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап»
Ақын неліктен «еңбек қуаныш» деп айтып тұр?
Ал, «жалқаулық айырылмас азап» деп неге айтқан?
Адам,ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Себебі, жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек еткең өз мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Тақтаға жазу: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» Абай
Оқиғаларды әңгiмелеу
Атасы он жасар немересімен далада келе жатып, баласынан сұрады:
Анау өрмекшіні көрермісің, не істеп жүр?
Көремін. Өрмек тоқып жүр.
Анау құмырсқаны көремісің?
Көремін. Аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
Жоғары қара. Аспанда нені көрдің?
Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
Олай болса шырағым , ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей, үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Сұрақтар:
1. Атасы неліктен немересіне кішкентай жәндіктерді көрсетті?
2. Бұл әңгімеде атасы немересіне қандай өсиет айтты?
3.
«Атасы мен немересі »
әңгімесін айтып беру
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Тапсырма:
1-топ: Өрмекшінің еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
2-топ; Құмырсқаның еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
3-топ : Қарлығаштың еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
Міне сабақ басында айтылған «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген дәйексөзімізге дәлел болып тұр.
Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізубеу, мейірімді болу керек екен.
Дәптермен жұмыс: Осы дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық. А) сұрақ – жауап
Ә) Әр топ өз жұ-мыстарын қорғау
Дәптерге жазу.
Топпен ән айту. «Болайықшы осындай»
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай. 2 рет.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай. 2 рет.
Сонымен «Еңбекқор» деп қандай адамды айтамыз? Сыныппен әнді орындау
Үй тапсырмасы. « Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбына әңгіме жазып келіңдер.
Шағын әңгіме жаздыру
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Өлең жолдарын бірге айтайық.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бар жерде.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бүкіл әлемде.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі »КММ
Мерзiмі:
Мұғалiм : Байжакупова Ш.М.
Сынып 7 Оқушылар саны ____
Тақырып: Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: «Сүйіспеншілік» құндылығы
Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, махаббат.
Сабақ мақсаты:
Жаныңда жүрген жақын адамдарға (отбасы мүшелеріне, құрбы- құрдастарына, достарына) деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Адамдардың бір- біріне деген мейірім- шапағатының мән- мағынасын түсіндіру.
Жанында жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерінің дамыту.
Жақын адамдарды сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу Ресурстар:
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі, материалдар Жабдықталуы: проектор, бейне, аудиоматериалдар, үлестірме қағаздар, түрлі –түсті карындаш, музыкалық сүйемелдеу
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi.
1.Амандасу
2.Топқа бөлу
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюға болады. Күздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі күн нұрынан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің сезіміңізді, сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздіңсіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде, оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғанаестиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәріненжақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын.Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... . Нұр менің ішімде... . Мен нұрмын.»
Осындай Нұр, махаббат және тыныштық күйіндеотыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы. Үйден оқып келген «Қарт пен бала әңгімесі» бойынша жұмыс.
- Қарт айтқан өмірде жеті жетім бар екеніне келісесіңдер ме?
- Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім. деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Осы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
Ескерту
2 мин
4 мин
2мин
ІІІ. Дәйексөз.
« Өз сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес»
М. Шаханов.
- Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасындағы сүйіспеншілік неден басталады деп ойлайсыңдар?
- Ал сендер отбасыларың үшін не істей алар едіңдер?
Дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылау, мағынасын түсіну. 6 мин
ІҮ. Оқиғаларды әңгiмелеу.
Аңыз әңгіме. «Ана мен ажал.»
...Ертеде бір әйел адам болыпты. Ол дүниеге егіз ұл мен қыз әкеліпті. Күндердің бір күнінде сол екі баласына қарап, көңілі толып отырған сәтінде, кенет үйге күннің сәулесі өтпес бір қара көлеңке кіреді. Жүрегі дір ете қалған ана алдында тұрған ажалдың тұрғанын көріпті.
Ажал: -Ей, мейірбан ана, мен сіз үшін келдім бұл үйге. Әйелдік борышыңды өтедің, дүниеге екі бала әкелдің,- дейді ажал.
Ана бұл сөзге көнбеді.
Ажал маған әлі ерте. Сен күте тұр, мен
ұлымды ержеткізіп, қызымды бой жеткізіп алайын. Олардың есейіп, өзім секілді бала сүйгенін өз көзіммен көрейін. Соның бәрін көріп, немеремді сүйген соң, ала бер,- дейді ана.
Жоқ, сенің жаның дәл қазір керек маған.
неғұрлым тез алсаң, адам жаны сонша тәтті болады,- деп айтқанынан қайтпапты Ажал.
Әлі де көндіруге тырысайын деп ойлаған ана:
Онда біз келісейік, ажал. Менің осы көремін
деп отырған нәрселерімнен айнытып көр. Тек солар үшін ғана өмір сүрудің еш қажеті жоғын дәлелдеп көрсет маған. Сосын барып мен бұл өмірден қажыған кезімде, өзім сенен өлімді сұрағанда мені алып кет,- депті.
Ажал көп ойланып, ақыры тәуекелге бел буып, келісімін беріпті:
Болсын! Мейірімді ана, қабыл алдым сенің тілегіңді деп келіседі.
Тірі қалғанына, ажалды көндіргеніне мәз болған ана, балаларының бетінен сүйіп, қалғанына қуанады.
Сөйтіп ажал берген сынақтан байқұс ананың қайғы мен қасіретке толы өмірі басталады.
Баласының бірінші істеген опасыздығына, жарының ішіп кеткеніне, адамдардың надандығына, көршінің қызғанышына, барлығына шыдады. Мұқалмады, майыспады. Бұл өмірден шаршаса да жығылмады. Балаларым жетім қалмасын, жұрт алдында асқақ жүрсін, қайда жүрсе де, қандай қиындыққа жолықса да, артымда мені күткен, сүйеніш болар анам бар ғой деп ойлап жүрсін деп балалары үшін басына түскен қиындыққа да мойымапты.
Әңгімеден не түсіндіңдер?
Не үшін ана ажалдан бас тартты деп ойлайсыңдар?
Ананың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?
10мин
Ү. Шығармашылықіс-әрекет, топтық жұмыс.
« Әке деген кім?» тақырыбына бейнематериал ұсыну. Сабақта өтілетін негізгі тақырып бойынша қойылатын сұрақ мазмұны арқылы сабақтың мақсатына жету.
І-топ
- Өзің жақсы көрген адамның саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма?
- Немқұрайдылық танытқан кезде, не сезінесіңдер?
- Ендеше біз неге өзіміздің жақын адамдарымызға кейбір кездері немқұрайдылық танытамыз?
ІІ-топ
- Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма?
- Жалпы «Аялау», «Қадіріне жету», «Қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
ІІІ-топ
Қазіргі таңда әкелердің, аналардың қадірін қаншалықты бағалай алып жүрміз?
Өздеріңе « Маған мейірім- шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істер едім?» деген сұрақ қойып көрдіңдер ме?
Оқушылар топ бойынша берілген сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындайды және өз ойларымен бөліседі. Топтарға сұрақ беру 7 мин
ҮІ.Топпен ән айту.«Кешір, ана»
Еркелеп өстік, бала да болдық
Қуалап ойын, далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей
Кей кезде көсем данада болдық.
Есейдік енді аптықты беіп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп
Піспеген әлі шала шығармын
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар
Кешіре көрші анашым бәрін
Есейдік енді аптықты беіп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп
Тағдырын білем, қояды сұрақ
Жапасын қатты есігін бірақ
Басымды иіп отырмын мұңды
Барлығы үшін кешірім сұрап
Есейдік енді аптықты беіп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысы менен бақ-құтты бөліп 5мин
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
« Ананың махаббаты» н/е «Әкешім- асқар тауым» тақырыбына шығарма.
3 мин
ҮІІІ. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен орындалып тұрады.
Бүгінгі сабақ сендерге не берді? Не түсіндіңдер? Не сезіндіңдер? Қандай қорытындыға келдіңдер?
Ендеше осы алған әсерлеріміздің барлығын жүрегімізге салайық.Бәріңізге үлкен рахмет!!!
6мин
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп «Абай атындағы орта мектебі» КММ
Мерзімі: №21-сабақ Мұғалім: Байтанбалиева К.Ж.
Сынып 4-сынып Оқушылар саны - 12
Тақырып: Батылдық пен өжеттік
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: батылдық, отансүйгіштік, өжеттілік
Сабақтың мақсаты: Батылдық, өжеттік дұрыс әрекет екендігін оқушылаға түсіндіру.
Міндеттері:
1. Білімділік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық. Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстар: (оқулық, дәптер, үнтаспа, слайд.)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Жайлы баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгіме құрастыру. ІІІ. Пікір алмасайық
Батылдық деген не?
Өжеттілік деген ше?
Өжет, батыл оқушылар бар ма арамызда?
Батылдық, өжеттілік көрсеткен кездерін болды ма?
Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
ІV. Дәйексөз.
Батыл болмай, батыр болмайды. Халық даналығыОқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы болған жөн. Ата-анасын, елін- жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам ғана батыр бола алады. Бұл мақалдың айтылуы тегін емес.
V. Әңгімелеу.
Қойшы қаһарман.
Ертегі
Баяғы өткен заманда Қайырымсыз деген хан өмір сүріпті. Ол өте мейірімсіз болыпты. Көрші елдерге соғыс ашып, басып алып, бейбіт халықты жылатады екен. Қатыгез ханнан әбден қорлық көрген жұрттың көз жасы көлге айналыпты. Күндердің бір күнінде хан әдетінше бір елді басып алуға жорыққа кетеді.
Ханның шексіз жақсы көретін бір қызы бар екен. Қыздың сұлу болғаны сонша, қараған жан көзін тайдыра алмапты. Оның көздері қарақаттай мөлдір екі беті алмадай, ал еріндері таңғы шық қонған шиедей қызыл болыпты. Хан қызын қырық уәзірге тапсырады. «Мен жорыққа кеткенде, қызыма біреу қолын тигізсе, қырқыңды да жазалаймын!»-дейді. Сөйтіп, қайырымсыз хан соғысқа аттанып кетеді. Осы уақытты пайдаланып, бір айлакер жалмауыз кемпір ханның қызы Әйгерімді ұрлап әкетеді. Сандарын соғып қырық уәзір қалады.
Хан жорықтан оралғанда, қызының жоқтығын естіп, «аһ» ұрады. «Кімде-кім менің қызымды тауып әкелсе, қалғанын беремін»,- деп жар салады. Жарлық бүкіл жұртқа тарайды. Бірақ қызды ешкім таба алмайды. Елдің ішінде бір ешкі баққан домбырашы Қаһарман деген тапқыр да ақылды бала бар екен.
Қайырымсыз хан қырық күн бүк түсіп, ешкіммен тілдеспей жатып алады. Қызынан еш хабар болмаған соң, ашуын халқынан алып, жазалай бастайды. Сонда Қаһарман ханға барып:
- Дат, тақсыр! Маған үш күн мұрсат беріңіз. Жазықсыз халқыңызды жазаламаңыз. Осы шартымды орындасаңыз қызыңызды тауып әкелемін,- депті. Хан оған келіседі.
Бала домбырасын алып, жолға шығады. Қарны әбден ашып, жалаң аяқ табанын тас тілген Қаһарман домбыраға қосылып зар-мұңын төгеді.
Әнді естіген бір қарлығаш қойшының жанына ұшып келіп: «Сен іздеген Әйгерім Алынбас таудың артында, Көзжетпес деген шыңырауда тұтқында отыр. Ол жалмауыз кемпірдің қолында. Оны жеңу үшін, «Өлмес су» бұлағынан су ішіп, күш жинауың керек»,- дейді. Қойшы , «Өлмес судан» су ішіп қанған соң, бұлшық еті бұлтиып батыр болып шыға келеді.
Ол бір қара тасты уысына алып қысқанда үгітіп жібереді. Осы жерде қарлығаш жалмауыз кемпірдің тағы бір сырын айтып береді. «Жалмауыз кемпірдің барлық күші тырнағында. Сол тырнағын шауып алсаң, ол әлсіреп қалады». Қаһарман Алынбас тауына да жетеді. Одан асып, Көзжетпес шыңырауына да түседі.
Тас қараңғы шыңырауды жалмауыз кемпірдің мысықша жанған көздері жарық қылып тұр екен. Оның артында Әйгерім ұйықтап жатыр. Жалмауыз кемпір Қаһарманды көре салып, оған ұмтылады. Екеуі алыса кетеді.
Бір күн, бір түн дамылсыз алысып, бірін-бірі жеңе алмайды. Екеуі де әбден әлсірейді. Сол сәтте Қаһарманның есіне қарлығаштың айтқан сөздері түседі. Дереу соңғы күшін жинап, бар пәрменімен қылышты жалмауыз кемпірдің қолына қарай сермейді. Оның сояудай-сояудай тырнақтарын әп-сәтте алмас қылышпен шауып түсіреді. Сол-ақ екен, әлі кеткен жалмауыз кемпір сылқ етіп құлап түседі. Бірақ шыңыраудың іші қап-қара болып түк көрінбей қалады.
Қаһарман жер сипалап жүріп, Әйгерімді оятады. Оның айдай жүзінен нұр сәуле шашырап, шыңырау іші қайтадан жап-жарық болады. Айдай сұлуды көрген Қаһарман оған ғашық болып қалады. Өзін құтқарған ержүрек бала батырға Әйгерім де бас иеді.
Екеуі қуанышпен еліне қайтады. Қызының аман оралғанын көрген Қайырымсыз хан есі қалмай қуанады. Ол бүкіл халықты жинап: «Не тілейсің? Мен сөзімде тұрып, айтқаныңның бәрін орындаймын»,- дейді. Сонда Қаһарман: «Сұрайтыным – Әйгерім, тілейтінім – жазықсыз кез келген адамға қылыш көтермейсіз»,- депті.
Хан сөзінде тұрып, Әйгерімді Қаһарманға қосып, сол күннен бастап тыныш жатқан елге соғыс ашып, бейбіт халықты жылатқанын қойыпты.
Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқайсыңдар?
Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
Батылық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма? VІ. Сыныппен ән айту.
Батыр аға
Ө. Тұрманжанов
«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: «Батыр бол!»- деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып, туған жерді қорғауды –
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
VІІ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І. Сөзжұмбақты шешу.
Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз)
Ақжолтай батыр.(Ағыбай)
Махамбеттің серігі. (Исатай)
Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рахымжан)
Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)
ІІ. Тарихтағы батырларды, олардың бойындағы қасиеттерді еске түсірейік те батылдық ұғымына топтастырайық. Схема арқылы көрсету.
ІІІ. Жағдаятты шешу
Ойын
-Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу жіп межеге белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.
жұмыс дәптер
оқулық
VІІІ. Үй тапсырмасы.
«Батыр ата» мәтін
Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме жазу. ІХ. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Преображенка орта мектебі Мерзiмі: 14.06.2016ж
Мұғалiм: Бахаева Ж.Б.
Сынып: 7 «а» Оқушылар саны: 12 Тақырып: Жақсылық – жан азығы
Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау
Сабақ мақсаты: Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Міндеттері:
Білімділік. Жақсылық жасай білу іскерліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды адалдыққа, сүйіспеншілікке, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 1.Оқушылармен сәлемдесу, оқу-құралдарын тексеру. 2.Түстер арқылы топқа бөлу. 3. 5 Т ережесін балалардың есіне түсіру. Тәртіп. Тазалық. Талап. Тыныштық. Татулық.
Тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыңыз..
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру: №16 сабақ. «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқып, талдау. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою. 1.Адам ата ұрпағын не үшін сынады? 2.Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар? 3.«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың»деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Дәйексөз. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» Ы.Алтынсарин.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Жақсылықты риясыз жасау дегеніміз не деп ойлайсыңдар? Жақсылықты риясыз жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер қалыптасады?
Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді. Оқиғаларды әңгімелеу. /мұғалімнің сыйы/
В.А.Сухомлинский «Нағыз адам»
Сусыз далада құдық бар. Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға байланған қауға тұр. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады, қана жатып атайға алғыс айтады. Бір күні арқан тозып үзілді де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай бірнеше күн су ішепді.Екеуі әбден қалжырады.Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан астында жатқан шелекті көрді. Жолаушы әуелде құдыққа, сосын немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл адам емес» - деп жауап берді атасы. Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап су тартты. Атай мен немересін суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл адам емес» - деп жауап берді атасы. Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелек пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдық басына қалдырды. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл – нағыз адам» - деп жауап берді атасы.
Сұрақтар: 1.Атасы мен немересі қайда тұрушы еді? 2.Олар қандай жағдайға тап болды? 3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен нені аңғардыңдар? 4.Үшінші жолаушыны қандай адам деп айтуға болады? Неге? 5.Жақсылық жасаудың қандай маңызы бар? 6.Қазіргі заманда «Нағыз адамдарды» кездестіреміз бе?
Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс. «Жақсылық тамшылары»
Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.
Тапсырманы орындау кезінде баяу музыка қойылады.
Оқушылардың әрқайсына алдын-ала дайындалған, тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Жазып болған соң, оқушыларға тақтадағы ақ плакатқа тамшыларды ілуді ұсынамын. Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. /Шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылау/ Тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып ілемін. Топпен ән айту «Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Жолдасова
Бал -балалық балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел , достарым , әндетіңдер, билеңдер Гүлденсін деп атамекен қара орман.} 2 рет  
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік - ұлан – байтақ елімде Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. } 2рет
Қалықтаған көгершіні көгімде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным,тілегім сол менің де . } 2 рет  
Үй тапсырмасы: №17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты әңгімесін үйден оқып келу
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма? Сабақты қорыта келе оқушылар өз ойларын айтады.
Тақтаға ілінеді:
Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатыгез болсаң-сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды.
Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары . Сабақ №23
Мектеп: «Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ Мерзiмі : 16.04.2016 жыл.
Мұғалiм: Баширова А.А.
Сынып: 3 Оқушылар саны :11 Тақырып : Еңбектің наны тәтті
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, шыдамдылық
Сабақ мақсаты: Еңбек туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:1. Білімдік – еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық – еңбекті бағалау, қадірлеу, еңбек қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік – еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер, дәптер, оқулық, интернет көзі)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды топқа бөлу. 5Т-ны еске түсіру:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
2. Тыныштық сәтi. Теңізге саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінемін. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймын. Жайлы, баяу музыка ойналып тұрады. Жанды дауысыммен оқимын). – Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кетуге келді. Ол өте әдепті шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин төмен қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқысынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! (Балалар алған әсерлерімен бөліседі)
3.Үй тапсырмасын тексеру. «Маңдай тер» мәтінін 2-3 балаға әңгімелетіп, сұраққа жауап алу.
1. Атасы Хамитке маңдай тер дегенді түсіндіре алды ма?
2. Өзіңе Хамиттің атасының бойынан қандай қасиеттерді алғың келеді?
3. Еңбектің дәмі қай кезде сезіледі?
4. Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?
ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК еңбек етуді жақсы көретін адамға тән қасиет. Адам еңбек арқылы өзін қуанта алады. Сонымен бірге еңбек өзгелерге қуаныш, бақыт сыйлайды.
2 мин
3 мин
8 мин
4. Дәйексөз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Абай
Дәйексөз тақтаға жазылады. Алдымен хормен оқиды. Ұлдар, қыздар жеке-жеке оқып, жаттайды. Түсінгендерін өз сөздерімен талдайды. – Балалар, сендер осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Адам бойында еңбексүйгіштік қасиет болғанда ғана қуанышқа, бақытқа кенеліп, жаны жай табатын жақсылыққа жетеді. Әр халық өзіне жақын бір кәсіппен, еңбек түрімен айналысады. Мысалы, қазақтар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысса, қытай халқы бұрынғы кезде жібек құртын және күріш өсірумен айналысқан. Қазірдің өзінде Қытай елінің 70% -ы ауыл шаруашылығымен айналысады екен. Бүгін мен қытай халқының ертегісін сыйлық ретінде алып келдім.
7 мин
Оқиғаларды әңгiмелеу .
Жердің алтынға айналуы (қытай ертегісі)
Ван Сю еңбексүйгіш адам еді. Ол таңның атысы, күннің батысы тыным таппай еңбек ететін. Көршілері жерді бір рет жыртса, ол үш рет жыртатын. Өзінің жер көлемі көп болмаса да, отбасын асырауға жететін.
Бірақ, оның екі ұлы да әкесіне ұқсамаған еді. Күні бойы бос сенделіп жүре беретін. Әкесінің айтқан ақылын тыңдамайтын. Егер өзі жоқ болса, олар қайтіп күн көреді деген ой Ван Сюді жиі мазалайтын.
Бір күні әкесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Өзінің жағдайының нашарлағанын біліп, ол балаларына:
- Балаларым, менің жағдайым нашар. Мен сендерге қойнауында біраз алтын жасырынған жерімнен басқа еш нәрсе қалдыра алмаймын. Оны табу үшін сендер жерді ұқыпты, әрі терең қазуларың керек, - дейді де, қайтыс болады.
«Егер біз алтынды тауып алсақ, өмір бойы еш қиналмай өмір сүреміз», - деп ойлап, олар көмілген алтынды іздеуге кіріседі.
Сөйтіп ағайындылар бүкіл жерді қазып шығады. Бірақ алтынды таба алмайды.
-Біз мүмкін терең қазбаған шығармыз, - дейді ағасы. Олар жерді бұрынғыдан да тереңірек қазғанымен алтынды таппайды.
-Біз асыққаннан тез қазып, алтынды байқамаған шығармыз, - деді тағы ағасы. Жерді қайта-қайта қазса да байлықты таба алмады.
-Әкеміз бізді алдаған тәрізді! – деген қорытындыға келді ағайындылар.
Жерді соншалықты өңдегеннен кейін себілген егін жайқалып өсті. Басқа көршілеріне қарағанда, аз жер болса да көп өнім алды. Сонда ғана олар әкесінің сөзін түсінді. Содан бастап олар жалқаулығын тастап еңбектенетін болды.
Талдау сұрақтары:
1.Әкесі қандай адам болды?
2.Балалары әкесіне ұқсады ма?
3.Әкесін қандай ой мазалады?
4.Әкесі балаларын еңбекке үйрету үшін қандай айла ойлап тапты?
5.Балалары қазынаны табу үшін қалай еңбектенді?
6.Олар әкесінің айтып кеткенін қай кезде түсінді?
7.Еңбексүйгіштіктің адам өмірінде қандай маңызы бар?
8 мин
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1. Дәптермен жұмыс. Өлеңді өз беттерінше оқу. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.
2. Әр топқа жеке тапсырма. 1-топ: Түрлі түсті қағаздан гүл жасап, гүл күлтелеріне еңбектің нәтижелерін жазу.
2-топ: Есте сақтайтын еңбекқорлық ережелерін құрастырады, оқиды.
(Музыка қосылып тұрады)
Қорыту. «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» сұраққа жауап беру.
- Өйткені өз қолыңмен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені нәтижесін көресің.
- Өйткені ол саған қуаныш әкеледі.
- Өз қолыңмен істеген еңбегің қымбат.
Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбектң бағалап, қадірлейік. 8 мин
Топпен ән айту. «Болайықшы осындай». Сөзі мен әні А.Меңжанова.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай –
Болайықшы осындай! 5 мин

Үй тапсырмасы. «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу, 104,105-бет. Өңдеген И.Хасенұлы 2 мин
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. Сабақ аяқталды. Осы айтылғандардың барлығын есімізге түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз. Рахмет. Сау болыңыздар! 2 мин
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп « Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ
Мұғалiм Егеубаева Г.К.
Сынып 3
Оқушылар саны 15
Тақырып : Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: АқиқатҚасиеттер:Шыдамдылық, төзімділік, ынтымақтастық .
Сабақтың мақсаты:«Өмір» туралы түсінік беру арқылы ақиқат құндылығцының мәнін ашу Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:• Өмір туралы түсініктерін кеңейту;• Шыдамдылық, төзімділік, , ынтымақтастық қасиеттерін дамыту.• Шыдамдылық, төзімділік, ізеттілік, ынтымақтастық жасауға тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа,дәптер,
маркерлер,плакат
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.Ал, енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасын тексеру «Ата –өсиеті»әңгімесін оқып сұрақтарға жауап беру.
Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай? - Кімге таңданып қарады? Неге?
Ата мен баланын байланыс сөзі қандай? Қария «Өмірді сүю керек»дегенді не үшін айтты? Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіндер?
Ескерту
«Ақ көбелек»
Дәйексөз..
«Өзіңді танығын келсе, адамдарға, олардың ісіне қара». Фридрих Шиллер.
Дәптерге жазу.
5.Әңгiмелеу.
Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін. -Теңіз неден құралады? Барлығ жақсылықты бірден жасауға мүмкін бе? Осындағы адаммен бала әрекетінің кайсы дұрыс деп ойлайсын?

Мульфильм : «Просто так»
1 Топ :Әңгімелеу
2 Топ: Өлең шығару 7. Топпен» ән айту.
«Біз өмірдің гүліміз» әні 8. Үй тапсырмасы.
«Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. - Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Подгорное негізгі мектебі» КММ
Мұғалiм Елемесова Злиха Зейнелхановна
Сынып 6 Оқушылар саны 8
Тақырып № 24-25 сабақ. Өмірің өз қолыңда.
Құндылық Сүйіспеншілік
Қасиеттер шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірде барлық адамның өмірі өз қолында ұғымын, сүйіспеншілік құндылығы арқылы кеңейту.
Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы адамдарға риясыз қызмет етуде екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамытуға түсінік беру;
Тәрбиелік: Еліне, халқына абыройлы шынайы қызмет етуге тәрбиелеу Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу
Тыныштық сәті.
Орманға саяхат.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру
Абайдың он жетінші қара сөзі оқулықта 87-88 бет.
Оқып өз ойларын төмендегі сұрақтар бойынша айту.
Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?
Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?
Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыздар?
Өмірде жүрекке бағынып өмір сүру оңай ма? Ескерту
Дәйексөз.
«Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ұжданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды.»
Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931)
- Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- Адам баласы өмірді мақсатсыз сүре ме?
- Дәйексөзден қандай ой түйдің?
- Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
(Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)
Оқиғаларды әңгiмелеу
Өмір туралы аңыз
Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып: - Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер , деп – тапсырма береді. Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдысты алып , ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да, шәкірттерінен : -Қараңдаршы, балалар, ыдыс толық па? - Толық, толық ,- деп шуласа кетеді шәкірттері. Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады. Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрады: - Ыдыс толды ма? Олар ыдыстың толығынан айтады. Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырды. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан еш нәрсе шықпады. Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып: - Менің осы әрекеттім жайлы және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді. Оқушылар өзара кеңесіп : - Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да әрқашанда адам өміріне мағына беріп, мінгі толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз адамның күнделікті өміріндегі ұсақ- түйектер, яғни күйбең тіршілік,-деп жауап береді. Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені: - Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты, өз өмірін кәкір- шүкірмен өткізетін болса , онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата-аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайту керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді. Данышпан ризашылықпен: - Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастарды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары –құм ғана. 
-Ұстаз қандай тәжірибе жасады?
-Шәкірттер қандай жауап қайтарды?
-Шәкірттерінің жауабы ұстазына ұнады ма?
-Шәкірттері «Өмір» мектебіне дайын ба?
-«Әр адамның өмірі өз қолында»- деген ұғымға қалай қарайсыңдар? Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» видеоролик.
Оқушыларды екі топқа бөлу:
«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» тақырыбына
I топ -«Қанағат»
II топ –«Қанағатсыздық»
сөздеріне постер құру және сол постерлерін қорғау. Топпен ән айту.
Бейбарыс Серикбаев
Неткен өмір
Жер бетінде тау-орман
Бір-бірінен нәр алған.
Мына дүние о бастан
Әділдіктен жаралған
Бірде шаттық, бірде мұң
Не боларын білмедім.
Көшкен бұлттай асығып,
Өтіп барады күндерім.
Қайырмасы:
Оу, оу, неткен өмір!
Жабырқау неге көңіл?
Оу, оу, неткен өмір,
Білмеймін алда не тұр?
Шаршатты жалықтырды
Көз салсаң бұл өмірге бір.
Қала, қала, шу қала
Әсем қала, гүл қала
Қалмады ғой бұл күнде
Ешбір қызық өзіңде
Жалған ізет, жалған сөз
Бірін-бірі алдайды
Жалған үміт, жалған күз
Бар нәсіпке тоймайды.
Қайырмасы:2р Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 90 бетінде Қ. Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер қарақтарым» деген мәтін берілген. Мәтінді оқып, мәтіннің соңында берілген сұрақтар бойынша өз ойларын дайындап келу.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде!
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде! Сау болыңдар! Мектеп : «Қарақол орта мектебі»
Мұғалiм: Жанабаева Динара Ж
Сынып:7
Оқушылар саны: 15
Тақырып : «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
Құндылық: СүйіспеншілікҚасиеттері: : Мейірімділік, Жақсылық, Қамқорлық
Сабақтың мақсаты:
 Оқушылардың бойына  жақын адамдарына деген құрметін сүйіспеншілік  арқылы ұғындыру.Сабақтың міндеттері:
 Оқушыларға мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру
 Оқушылардың мейірімділік, қамқорлық таныту, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.
 Оқушыларды мейірімділікпен жақсылық жасауға, қамқор болуға тәрбиелеу
Ресурстар:оқулық, дәптер,ватман,маркер, ән мәтіні
Сабақ барысы:
 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау.
5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық»
Балалар ережені есімізге түсіріп , сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап , бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
 Әуен 
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 65- бетіндегі
 Р.Ақдемірдің   «Ана махаббаты» атты мәтіндіүйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы әңгімедегі ерекше естеріңде қалған , риясыз сүйіспеншіліктің көріністерін суретке  салып келу тапсырылады.  (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін  талқылау).
Сұрақтар:
- Балалардың саяхаттан бас тартуларының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
- Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?
- Осы мәтіннен риясыз сүйіспеншілік қалай көрініс тапты?
- Ананың махабаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма? 4.Дәйек сөз:
«Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»
Абай Құнанбаев
-Абай Құнанбаев атамызды есімізге түсірейікші, оның қандай шығармаларын білесіңдер?
- Сүйіспеншілікпен қарау деген нені білдіреді?
- Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз. Ескерту
5.Мұғалімнің сыйлығы:
.Оқиғаларды әңгімелеу. (Сұхбат)
«Ана махаббаты» аңыз әңгіме
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
-Мынау- шырақ, ол — мен!
Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
—   Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
—  Жоқ!
-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
Сұрақтар:
1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?
2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?
3. Риясыз сүйіспеншіліктің мәні неде?
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар 3-топқа бөлінеді.
1-топ «Ана» тақырыбына арналған өлеңді толықтыру керек.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
………………… таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды ……………,
…………….. бір-бірінен көмекті.
Ауырмашы мәңгі соқсын ………..,
………….. қанша рет өтті түндерің
Сүріңгенде күш беріп …………….,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
Әрқашанда таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды адамдар,
Аямайды бір-бірінен көмекті.
Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің
Сүріңгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
2-топ Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.
Тірек сөздер:
Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор , күн шуағы, нұр шашады.
3-топ «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналап көрсету.7.Топпен ән айту.
Ана туралы жыр . Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен мағанДаланың әр гүлін жинадың сен мағанСен бердің құстардың қанатын самғағанБалалық қоштарың өзіңе арнағанҚайырмасы:Әлдилеп, аялап өсірген жемісіңСамал жел саябақ құшағың мен үшінЕсейіп кетсем де, мен саған сәбимінКөңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырымІздедім сен үшін әлемнің асылынӘлемнің байлығын сыйлар ем кеш меніСыйлар ем ай - күнін қолыма түспедіҚайырмасы:
Ете көр қанағат, әзірге берерімБалалық махаббат, балалық жүрегімБол риза анашым, қолдағы осы барӨзіңе арнаған әнімді қосып ал
8. Үй тапсырмасы
№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс.  С. Байжановтың  «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.
Дәптермен жұмыс.  «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?»  ойтолғау жазып келу.9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Қорытынды:
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
БаяумузыкақосыладыКөзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуғаболады. «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №45 бейімделген орта
Мерзiм:
Мұғалiм: Жұмажанова Айдана Ерланқызы
Сынып: 5
Оқушылар саны: 24
Тақырып: «Табиғат – тылсым дүние»
Құндылық: қиянат жасамау.
Қасиеттер: кеңпейілділік, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, қоршаған ортаны қорғау.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға «Табиғат тылсым дүние» екенін ұғындыра отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту.
2. Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту. 
3. Кеңпейілді болуға тәрбиелеу. Ресурстар:
(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.
2. Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену»
- Көз алдыларыңызға нені елестеттіңіздер?
- Ішкі жан дүниеңіз нені сезді?
3. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: 27-сабақ, 94-бет.
Ә. Ысқабаев «Бесағаш бұлағы»
- Қасымбек Бесағаш бұлағына не үшін келді?
- Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсаты неде?
- Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсатын кеңпейілділік деп айта аламыз ба?
- Кеңпейілділік пен қомқорлықтың зая кетпейтінін қалай түсінесіңдер? Сабақ барысын талқылау
1. Дәйексөз.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде
Сән түзеп көрік берсін жер бетіне
Р.Сәттімбекұлы             
                             
Сұрақ: жер бетінің көріктенуіне қажет басты нәрсе?..
Дәйексөзді оқушыларға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мәнін ашу. 4. Оқиғаларды әңгiмелеу
«Қайыңның қасіреті» Қ.Толыбаев
    Қар кетіп жердің бетін дегди бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпеген жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады
-  Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әріпін жазыпты, деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе-келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді. Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш дініндегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап-қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.
-  Обал-ай ... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер-ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..
-  Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....
- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ. Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.
- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай жан-жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың
қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
- Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол ақпақұлақтардың ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!
- Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады.
Рас, жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегіндегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.
Сұрақтар:  
1. Балалар ағашқа қандай зиян келтірді деп ойлайсыңдар?
2. Ағаштар да жылайды ма екен?
3. Неліктен ағаштағы жазуды жауынгердің тәніне түскен жараға теңеді?
4. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
5. Адамзаттың табиғат алдындағы парызы қандай?
6. Адам табиғаттың ең сенімді досы бола ала ма? 5. Шығармашылық топтық жұмыс.
І-топ: Қима суреттерден табиғатқа қиянат жасамау туралы ереже жазу
ІІ-топ: «Қиянат жасамау» ұғымына өлең шығаруҚиянат жасамайы ..................................,Қиянат жасамайық .................................Қиянат жасамайық ................................,Қиянат жасамайық ................................!
ІІІ-топ: Өлеңнің сөзін жалғастыру. «Өмір сүрейік алмасып»
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
_______________ бастасаң,
_______________ бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,
Өміріңді маған бір берші!
_______________ дүниені
_______________ бір көрші.
Дәптермен жұмыс 6. Топпен ән айту.
«Табиғат анамыз»
әні; сөзі - А. Аманжолова
1. Табиғат ол-анамыз,
  Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
2. Жазда аралап тауында,                                      
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
3. Табиғат әсем кыста да,
Соғар боран-бұрқасын.
Ақ мамыққа орайды
Әрбір бұтақ, бұта... Аудио, сөзі мен әні
7. Үй тапсырмасы.
28-сабақ 102-бет, Ы.Кененбаевтың «Аққулар мекені» мәтінін оқып келу. 8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қосылады. Бойымызды тік ұстап, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген қамқорлықтарыңды, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар! Барлығыңызға рахмет! «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп- «ОПОМ»КММ
Мерзiм -
Мұғалiм -Муканова С.С
Сынып 3-А Оқушылар саны - 15
Тақырып:Ұқыпты бала–әдепті бала.
Құндылық:Қиянат жасамау
Қасиеттер:Сыйластық, мейірімділік,қамқорлық.
Сабақ мақсаты:Балалардың біреуге қиянат жасамау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.Білімділік: Сыйластық, мейірімділік,қамқорлық туралы білімдерін кенейту.
2.Дамутышылық.Сыйластық қарым –қатынасты дамыту.
3.Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,жинақылыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Үнтаспа,оқулық,оқушы дәптері.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сабақ барысын талдау.Сәлемдесу,оқушылардың назарын сабаққа аудару жұмыс құралын түгендеу;күнделік,оқулық,жұмыс дәптері,қаламсап,қарындаш.
Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат». Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап ,орманға ойша серуендеуді ұсынамын.
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру
«Жақсы ата»Е.Шайқыұлының әнгімесін оқып келу.
1.Атасы мен әжесі Ерасылға не сыйлады?
2.Ерасылдың неліктен ызасы келді?
3.Атасы Ерасылға қандай жақсылық жасады
4.Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді?
5.Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады? Ескерту
Дәйексөз. «Ұқыптының уақыты мол» М.Әлімбаев
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мағанасын ашу.
Оқиғаларды әңгiмелеу.«Ұқыптылық» Е.Өтетілеуов
 Үшінші сыныпты  бітірген   үш   дос:  Асылан,  Беккет  және  Жомарт   бүгін  де  әдеттегісінше  жұптарын   жазбай,  кинодан    бірге   қайтты.
       Әңгімені   Асылан   бастады:
- Айтпақшы,  Бекет, атаң   келген   жоқ  па?  Қорыққа   қашан   бармыз?
- Мен   сендерге  айтам  деп  ұмытып  кетіппін   ғой.  Атам  келді.  Ертең қорыққа  қайыра   қайтады, - деді  оған  Беккет.
- Ой,  сен  де, -  деді  Жомарт  ренжи.
-  Манадан  бері  айтпайсың  ба,  жүріңдер,  атайға  тағы  бір  жалынып  көрейік.
    Олар   жүрістерін  жылдамдата, Бекеттің  үйіне  қарай  тартты.
     Бекеттің   атасы -  Қазанбай  қарт  ауылдан  көп  шалғай  Қорғалжын  қорығында  қарауыл  болып  істейді. Балалардың  естуінше  онда құс  атаулының   неше  түрлісі  бар,  әсіресе,  сол  көлді   жылда  жазда  мекен  етуші  сирек  кездесетін  құс  қызылқазды   көргендер  де  көп  деседі. Асылан  да  соны  бір  көруге   асық – ақ.  Атай  ауылға  апталап ,  кейде  айлап  бірақ келеді.  Балалар  бір – екі  рет өтініп  көріп еді,  Қазанбай   атай   қасына  да  маңайлатпаған.   Енді  олар  бақтарын  тағы  бір  сынамақшы.
    Балалар  есік  алдында  тақтай  орындықшада  отырған Қазанбай  атайға  жарыса  сәлем  берісті. 
  - Иә,  батырлар, -  деді  ол  күлімсіреп, - қорыққа  барғыларың  келеді  ғой, ә?
  - Иә, иә, ата, апарыңызшы!
   - Біз   шаршамаймыз  да  қорықпаймыз,  деді  Асылан  мен  Жомарт.
   -  Ата,  бұл  менің  достарым  ғой,  апаршы, ә? -  деп  қиыла  сұрады  Бекет  те.  
-  Болмадыңдар  ғой,  жарайды.  Апарсам,  апарайын.  Тек  күн  шығар -  шықпастан  осы үйдің  алдында  болыңдар.  Мен  ерте  жүремін, -деді.
 
    Асылан  мен   Жомарт  қуаныса  үйлеріне   жүгіріп   кетті.  Асылан  үйіне  келісімен,  ертең  қорыққа  баратынын  ансына  айтты да,  дереу  жолға  қамдана  бастады.
  -  Біз  ат  арбамен  барамыз,  апа, -  деді  ол. -  Жол  ұзақ.  Маған  бір  күндік  тамақ  дайында.  Жылы  киімдерімді   тауып  бер.  Реттеп  салып  қояйын,  әйтпесе,  таңертң  үлгермеспін. Асылан  қажетті  заттарын  реттеп  қойды да,  ерте  жатып  қалды.
    Жомарт  болса  үйіне  келіп,  ондағыларға:  « Ертең  қорыққа  барамыз.  Мені  ерте  оятыңдар», -  деді  де  өзі  есік  алдында  ойнап  жүрген  балаларға  баруға   асығып,  сыртқа  кетті.
    Таң  ата  бере,  Қазанбай  қарт  үйден  шықты.  Қараса, есік  алдындағы  орындықта  бір  бала  жайғасыпты.  Буынып -  түйініп,  жолға  дайындала  келген  бұл  кім  десе, немересінің   жолдасы  Асылан  екен.   Қарт  бұлармен  болған  кешегі  әңгімені  енді  есіне  түсіріп,  еріксіз  күліп  жіберді.  Мына  бала    ерте  тұрып,  келіп  отыр.  Енді  апармасқа  амал  жоқ.
    Аздан  соң  Қазанбай  қарт   арбасына  Беккет  пен  Асыланды  отырғызып  алып,  қарагер  аттың  делебесін  қағып  қалды.  Олар   Жомарттың  үйінің  тұсынан  өте  бергенде,  Асылан  шыдамай:
    - Ата,  мен  Жомартты  шақырып  шығайыншы,  досымыз  ғой, -  деді.
    Әуре  болмаңдар, - деді  Қазанбай  қарт, -  қорыққа  баратын  адам  бұл  уақытқа  дейін  ұйықтамайды.  Ұқыпты  бала  мына  Асылан сияқты,  манна  келетін  еді. Кеттік,  шүу,  жануар!  -  Атай  Қарагерге  қамшы  басты.
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.Ұқыпты және ұқыпсыз бала туралы өз ойларыңды кестеге жазыңдар.
Ұқыпты бала-Ұқыпсыз бала.
Топқа бөлу
Топпен ән айту. «Жас дәуірдің түлегіміз» (Сөзі :Е.Өтетілеуов,әні И.Нүсіпбаев.)
Бау-бақша,белдер,
Орман,тау,көлдер-
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тассқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл,қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гулдей-
Бақытты біздер баламыз!
Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп,толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып-
Білімді адам боламыз.
Қайырмасы:
Үй тапсырмасы.
Мақал-мәтелдер мен жаңылтпашты оқыңдар.Оларды естеріңе сақтап алыңдар .
Мақалдар:
1. Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
2. Ұқыптылық істің көркі.
Жаңылтпаш:
Ұқыпты бала- кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала- кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Тапсырма:Ұқыптылық жайлы өз ойларын жазу.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап,көзін жұмып отырады.
Мұғалім:Әрқайсымыз оң қолымызбен жұрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрекжылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік ,жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіздіжүректеріңізгетүйіп алыңыздар.Рахмет!Көздеріңді ашуға болады. «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі» КММ Мерзiм 13.06.16ж Мұғалiм: Қожабаева С.А. Сынып 4 Оқушылар саны 20 Тақырып: «Дос болайық бәріміз»
Құндылық _Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, адалдық
Сабақ мақсаты: шынай достықпен маңыздылығын түсіндіре отырып, сұйіспеншылык құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік; адам өміріндегі адал достықтың мәнін ашу, ұғындыру
Дамытушылық; сүйіспеншілік құндылығын дамыту
Тәрбиелік: шынай дос бола білуге, адалдыққа тәрбиелеу
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, қалам, түрлі – түсті қарындаш, плакат
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5Т ны естеріне түсіру, оны сыныптағы ереже ретінде көрінетін жерге іліп қою.
Тыныштық сәтi.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Жәймен көзімізді жұмып, мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіздер. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындамыз. Тек қана сізді тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайраған дауысы мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, барлық денеңізбен күннің нұрын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалусыз тұрсыз. Сіз ісіңізді, бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелерің тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алыңыз. Енді жайлап көзіңізді ашыңыз.
Осындай жақсы көңіл – күйімізбен сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтың 44 –бетінде берілген «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып келу.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Қоянның жылы сөздерінің өзінде қандай көмегі бар?
Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етеді?
Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай көңіл күйде боласыңдар?
Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?
Ескерту
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу
Тыныс алу
Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың ой саяхатынан алған әсерлерін сезінуге баяу әуен қосылады.
Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту
Дәйексөз.
«Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек»
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дәптерге жаздыру. Тақтаға жазу:
Хормен қайталау
Оқиғаларды әңгiмелеу
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенді дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:
Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, - деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.
Абыз абланның жанына келіп;
Мен қаш дегенде неге қаспадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр.
Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғаймын деп, әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.
Достар деген осындай болар, - деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп
Сұрақтар:
Аблан неліктен Абызды тыңдамады?
Қай баланың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?
Өзгелерге «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмірде осындай жағдайлар болса сендер қалай әрекет етер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
«Екі дос »
әңгімесін айтып беру
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Тапсырма:
1-топ: Адал достық жайлы мақал – мәтелдер жазу және олардың мәнін түсіндіру.
2-топ; Плакатқа адал досты бейнелеу
3-топ Достардың адалдығын, бір – біріне деген риясыз сүйіспеншілігін көрсететін жағдайды сахналау.
Міне сабақ басында айтылған «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген дәйексөзімізге дәлел болып тұр. Адам өміріндегі адал достықтың мәнін ашу, ұғындыру
Әр топ өз жұ-мыстарын қорғау
Топпен ән айту. «Достарым »
Сөзі мен әнін жазған: Н. Еспанов, сөзі: Қ.Сарин
Достарым ақ жүректі,
Қарсы алып таңғы лепті.
Жарысып өздеріңмен сан жыл өтті,
Көңілім алып ұшып.
Тәтті өмір балын ішіп,
Кездесем өздеріңмен сағынысып.
Қайырмасы: Достармен жаным бірге,
Достармен бағым гүлдеп.
Жан жүрегім ән салады,
Сендерді сағындым деп.
Сыныппен әнді орындау
Үй тапсырмасы. Оқулықтың 49 – 51 беттерінде берілген мәтінді оқып келу. Дәптердегі 2-тапсырманы орындау.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу ән қойылады.
Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректерімізге сақтап алайық. Сау болыңдар?
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Нұрахметова С.Ж.
Сынып 3
Оқушылар саны: 15
Тақырып: Дос болайық, бәріміз
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: адалдық,сыйластық,татулық
Сабақ мақсаты:сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. сүйіспеншілік құндылығының негізінде достық, сыйластық, татулық туралы түсінік беру
2. Оқушылардың бойында адалдық, сыйластық, татулық қасиеттерін дамыту.
3. адалдыққа,сыйластыққа,татулыққа тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа, Дәптер, түрлі түсті қарындаштар,Суреттер достар туралы
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі2. Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену" 3. Үй тапсырмасын тексеру
Д.Сланбетова.»Саңырауқұлақтың саясы» оқып келу.
«Әдептілікәдемілік»өлеңін жаттау.Осы өлең бойынша жағдаятты талдау.
Құрбылары Жанарға
Балмұздақ бергенді
Жанар кетті алға тез
Алдыартына қарамай
«Рахмет»деп,жалғыз сөз
Айтуға да жарамай.
.Сендер қалай ойлайсыңдар?Осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
Достықты,татулықты қалай түсінесіңдер?
Достарыңы ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едіңдер?
Ескерту
Дәйексөз. «Татулықдостық кепілі» халық мақалы.
Шын достар уәдесінде тұрады, бірінбірі ренжітпейді,қуантқысы келеді,көңіліне қарайды,бірбіріне көмектеседі.Осы айтылғандартатулық белгісі.Сондықтан шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады,деп мағынасын ашады. 5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.»Екі дос»
Ертеде екі дос болыпты.Екеуінің біреуі арырады екен. Олар орман ішінде келе жатады. Бір кезде олар аюды көріп, шошып кетеді де, сау досы ауру досын тастап ағашқа өрмелеп шығып кетеді.Ал ауру досы ағашқа шыға алмағандықтан жерге жатып, өтірік өліп қалғандай тыныс алмай жата қалады.Аю жерде жатқан адамды иіскелеп кетіп қалады.Сонда әлгі досы жерге түсіп,досынан сұрапты. Аю құлағыңа не деп сыбырлады?деп.
. Сонда «досына қиыншылық түскенде қашып кеткен адамдардан сақтану керек « деп айтты,депті.
Бұл әңгімеден қандай достықты көреміз?
Шын достар осылай әрекет жасай ма?Өмірде осындай достар бола ма?
Сендердің бастаыңда осындай әрекеттер кездесті ме?6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. .1топ:Үйге берілген «Саңырауқұлақтың саясы»әңгімесін сахналау.
2-топ: әңгіме бойынша сурет салу
3-топ:Әр кейіпкерді сипаттау.(6 оқушы болса,6 кейіпкер) 7. Топпен ән айту. Сөзін жазған:Е.ЕлубаевӘнін жазған:И.Нүсіпбаев.»Достық»
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
8.Үйге тапсырма
«Менің досым»тақырыбында әңгіме құрастыру. 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. 
Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Аманкелді атындағы орта мектеп»КММ Мерзiмі: 18.01.2016ж. Мұғалiм:Оразаева А.К
Сынып: 1 Оқушылар саны: 7 Тақырып: Қамқор болып өсемін
Құндылық: Сүйіспеншілік . Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік,махаббат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатқа, адамдарға қамқорлық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға адамдарға, табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсінік беру
Оқушылардың бойында сыйластық, мейірімділік қасиеттерін дамыту
Қоршаған ортаға қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер, интернет көзі, оқулық)
Сабақ барысы: Оқушыларды топқа бөлу:
Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»-ны еске түсіру:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәтi. Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз..
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
-Балалар, тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?Көңіл-күйлерің қандай? Ендеше, осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды жалғастырайық.
1.Үй тапсырмасын тексеру: Балапан мен мысық әңгімесінің мазмұнын 1-2 оқушыға әңгімелетіп, сұрақтарға жауап алу.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде, балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат – шадыман болып әсем әуенге басты.

-Көктем мезгілі келісімен балалар не істеді?
- Асан қайтті?
- Ол құстарға қандай қамқорлық жасады?
-Асанды қандай бала деп ойлайсыңдар?
- Өздерің қандай қамқорлық жасадыңдар?
Ескерту
2.Дәйексөз.

Қайырымдылық – жылы жүректен.
Халық даналығы.
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
3.Оқиғаларды әңгiмелеу

Мұғалім балаларға «Әжей мен балалар» атты әңгіменің мазмұнын айтады.Балалар әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді:
Әжей мен балалар
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды.
- Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?
- Ұл балалар не істеді? Қыз балалар ше?
- Әжейдің қандай әңгімелерін балалар ынтыға тыңдады?
- Балалар әңгіме сендерге ұнады ма?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
4.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.Сабақта  шығармашылық    жұмыс бойынша   оқулықта   берілген  (75бетте)  суреттерге  қарап,  оларға  қандай   қамқорлық  жасау   керектігін  айту тапсырылады.  Балалар  жұмыс  нәтижесін  сынып    алдында  жария   етеді.
Итке  қамқорлық
Гүлге  қамқорлық
Тауықтарға  қамқорлық
Кітапқа қамқорлық 5.Топпен ән айту.
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегі толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын. 6.Үй тапсырмасы.
19-20 сабақ. Жұмыс дәптерінен 27 беттегі 2- тапсырманы орындау.
-Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б) суретін салындар.
7.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен орындалып турады.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Көкжайық орта мектебі
Мерзiмі:
Мұғалiм: Орынбекова М.К.
Сынып: 4 «ә»
Оқушылар саны: 18
Тақырыбы: Адал достық
Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Адалдық, шыншылдық, сыйластық.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың адалдық, шыншылдық, сыйластық туралы түсінігін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
«Достық», «Адалдық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушылардың шыншылдық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
Оқушыларды адалдыққа, кешірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Достық туралы суреттер, кішкене жүрекшелер, достық ағашы, бейне
материал.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен сәлемдесу, оқу – құралдарын тексеру. 5 Т – ны балалардың есіне түсіру.
Тәртіп. Тазалық. Талап. Тыныштық. Татулық.
Топқа бөлу: Оқушылар өздеріне ұнаған түстері бойынша топқа бөлініп отырады.
1-топ «Достық»
2-топ «Татулық»
Тыныштық сәтi.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.
Жаймен көзінізді ашуға болады. Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру: «Екі дос» әңгімесін оқып келу.
Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар, бұлар адал дос па?
Адал дос қандай болуы керек? Дәйексөз.
«Адал достың өмірі нұсқа болады,
Амал достың өмірі қысқа болады». Халық мақалы.
Балалар, осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді. Оқиғаларды әңгiмелеу
«Нағыз дос» әңгімесінің мазмұнын әңгімелеу.
Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір – ақ нәрсе беремін. Ол өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады: маған екі көзің керек, дейді қолбасы, екі көзіңді ойып аламын!ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, дейді жігіт.Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, деп түйіпті.
Екі жауынгер қандай оқиғаға ұшырады?
Жауынгердің өзін құрбандыққа қиюына не итермеледі деп ойлайсыңдар?
Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылар топ бойынша берілген сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындайды және өз ойларымен бөліседі.
1 топ: адал достыққа тән қасиеттерді жазу.2 топ: адал достық тақырыбында мақал-мәтел жазу. Топпен ән айту
Дос болайық, бәріміз!Сөзін жазған: Х. ТалғаровӘнін жазған: И. НүсіпбаевӘрқашан дос біргемізАжырамас іргеміз.Ілгері жүріңдер,Достық жырын біліңдерТу ғып ұстап бірлікті!Еңбекті сүйіңдер!Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз,Жарасып тұр әніміз,Тыныштықты сақтаймыз,Атсын күліп таңымыз!3. Қайраттанып қарышта,Озып шыққан жарыста.Батыл бас, жас ұлан!Самға биік, алысқа,Жұлдыздарға, ғарышқа,Бойда күш тасыған. Үй тапсырмасы: 62 беттегі «Ашу дұшпан ақыл дос» мәтінін оқу. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып турады.
Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді
жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!! «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Пушкин атындағы орта мектеп
Мұғалiм :Оспанбаева А.С
Сынып:4
Оқушылар саны 15
Тақырып: Қуаныш - жан шуағы 12 сабақ
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік шынайылық, адалдық, қамқорлық, достық,
кешірімділік
Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен «бақыт», «қуаныш» «сыйластық», мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;- оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- оқушыларды мейірімділікке шынайылыққа, адалдыққа, қамқорлыққа, достыққа,кешірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар:
Оқулық, үнтаспа, слайдтар, ИБТ, гүлдің, жүрекшенің, көбелектің үлгісі.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, Өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін ұстануларын еске түсіру. Оқушылардың оқу құралын«5 затты» тексеру.
Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат».(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз
2 Үй тапсырмасын тексеру
Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау.
Сабақ барысын талқылау:
 Бір-ақ сәтте қас қағым Бүгін балабақшадан
Көршімізді кеше әлгі Ертіп келген баласын
Қуантып - ақ тастадым «Болып өс,-деп,-жақсы адам»,
Деп; «Балаңыз бес алды». Шын қуанды нағашым.
Сұрақ-жауап: Бұл өлеңде қуанышты сезімге бөленуінің себебі неде? Нағашысы қандай жақсы тілек айтты? Ескерту
3 Дәйексөз
«Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес»  В.А.Сухомлинский Сұрақтар:
Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес деген сөзді мағанасын қалай түсінесіңдер?
Тән сұлулығы мен жан сұлулығының айырмашылығы қандай?
- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді.
Оқушыларға дәйексөзді 3-4 рет қайталату және дәптерге жазу, жаттау. 4 Оқиғаларды әңгімелеу (мұғалімнің сыйы)Тақырыбы: «Отбасы ошағы» атты аңыз айту.
Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.
Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.
Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.
Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.
Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.
Талдау сұрақтары
Оқиғаның мағынасы неде?
«Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?
Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?
Қорытындылау:
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.
5 Шығармашылық жұмыс
(жағымды, жай музыка ойнап тұрады)
«Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушыларды топқа бөлу. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.
Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)
Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де өзгенің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулықты жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет. Бізде көңілді, қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.
6 Топпен ән айту
Ақ көгершін әні
Сөзі: А. Жұбановтікі
Әні: Н. Баймұханбетовтікі
7 Үй тапсырмасы: Мақтаншақ жолбарыс ертегі 63-65 бет оқу, мазмұндау.
8 Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Мұғалім: Баяу музыка қосылады.
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді сүйіспеншілікпен жүрегімізге жеткізіп сақтайық.
Енді көздеріңді ашсаңдарда болады.
Сау болыңыздар!
Өзін- өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:Привольное орта мектебі. Мерзімі:№ 23-24 сабақ
Тақырып: Жүрек жылуы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Қайырымдылық қамқорлық,кішіпейілділік, мейрімділік.
Мұғалім: Мекенева.Ж.Қ Сынып – 2 сынып Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: сүйіспеншілік құндылығын негізінде «жүрек жылуы» түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Қайырымдылық туралы түсініктерін ашу.
- Оқушылардың бойында қайырымдылық қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.
- мейірімділікке,кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы,баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1.Үй тапсырмасын тексеру.
Өздеріңнің жақсы көретің адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқыларың келеді?
Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
2.Дәйексөз
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
М. Пришвин
Осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?
Ақпарат:Адам өзін жақсы көрумен,өзгелерді шаттыққа,махаббат,жылылыққа бөлейді.Содан біз жүрек жылуын сезінеміз, слайд
3.Әңгімелеу
Маржан мен Жауқазын
Маржан бала кезінен табиғатты және оның байлықтарын сүйіп өсті. Ата бабасынан берілген қасиет шығар , атасы Есқалидің ауылдастары Мичуриннің ізбасары дейтін. Бірде Маржан серуендеп жүріп, бір жылаған дауысқа құлағын түрді. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естіледі. Маржан тасты көтеріп, қалған сәтте, жауқазын «ух!» деп тыныстады.
Мұндай жағдайға қалай тап болып жүрсің?
Жауқазын әлсіз де нәзік даусымен мән жайды түсіндіре бастады.
Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрісіп қалған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.
Жауқазын, сен налыма, менің жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, -деді.
Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап:
1.Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?
2. Тас пен Маржанның іс әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?
Маржанның орнында болсаңдар не істер едіңдер? Интернет желісінен.
Сюжетті суреттер.
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өз айналаңа қандай қамқорлық жасадың ойыңды жинақтап шағын әңгіме жаз. Жұмыс дәптері.
5.Өлең оқу
Ж. Әділжанқызы
Жүрек жылуы
Жан жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескендедостарым
Құшағынмағанкеңашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Интернет желісінен
6.Үй тапсырмасы:25-сабақ. Отан,отбасы туралы мақал-мәтел жаттап кел
оқулық
7.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет Тақтада үлкен жүрек моделі ілінген.жүрекше стикерлар
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі»КММ Мерзiмі: 14.06.2016ж Мұғалiм: Сарманова.А.Т Сынып: 4 Оқушылар саны 17 Тақырып : «Сабыр түбі -сары алтын»
Құндылық; Ішкі тыныштық Қасиеттер: Сыйластық, достық, сабырлық,

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Сабырлы ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;
Жағымды қарым- қатынас жасау ескерліктерін дамыту;
Сыйластыққа, достыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: 1.Оқулық дәптер
2. Баяу әуен
3.А3 қағазы, түрлі- түсті 4.қарындаштар, стикерлер,
5.Интернет желісі
Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тыныштық сәтi.
Балалар денелеріңді түзу ұстап, жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Үй тапсырмасын тексеру «Жан жарасы жазылмайды» ертегісін мазмұндау
Әкесі баласын сабырлы болуға қалай шақырды?
« Ашуды ақылға жеңгізе біл» дегенді қалай түсінесің?
Ал енді өздерің ашуланған кезде не істейсіңдер?
Ескерту
Сабаққа керекті құралдады дайындау. Оқушыларды топқа бөлу.
Су түбіне саяхат «Алтын балық»
Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуімен су түбіне саяхат жасауына баяу әуен қосылады.
Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту
Дәйексөз.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық
Қатты керек адамға бұл бір қылық
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық.
Шәкәрім
Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабырсыздық адамды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққа жол береді. Асығыс қабылдаған шешім, барлық уақытта орынды бола бермейді. Ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей, ойланып алу сабырлықты білдіреді. Сондықтанда Шәкәрім атамыздың бұл өлең жолында көп мағына жатыр. Дәйек сөз жазылған парақшаны көрсету.
Оқушылар өз ойларын айтады.
2 мин.
Оқиғаларды әңгiмелеу «Асыл шөп»
Зылиқа мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты – мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілденіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:
-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбемдегі жәшіктің ауырлығы ма басымнан кем емес. Өзің де менен күшті емессің .
- Мен жәшгімнің ішіне ауырд жеңілдететін бір асыл шөп садым, -депті Бәтима
- Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін – депті Зылиқа
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің ткелсе, аты «сабыр» деген – депті Бәтима.
Сұрақ –жауап:
Зылиха неліктен ашуланды?
Төбелеріндегі жәшіктің салмағы бірдей болса да Батима неге шаршамады?
Шын мәнінде «сабыр» деген шөп бар ма?
Әнгімелеп айтып беру 5 мин
Топпен жұмыс жасау
2 мин.
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
І топ; «Сабырлылар» Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсындар?
ІІ топ; «Сабырсыздар» Сендердің ойларынша сабылы адам қандай болуы керек.
ІІІ топ; «Әдептілер» Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Дәптермен жұмыс: Осы дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық Әр топ өз жұмыс-тарынын қорғау.
Дәптерге көшіріп жазу.
Топпен ән айту.
«Көңілді күн» Ұ. Жолдасов – А. Дүйсенбі
Теріп едік жемісін сезім бақтың ,
Силастықтың алауын өзің жақтың
Сенің думен тойыңның әнін естіп
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қ-сы
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3 рет
Сенің қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол жан досым
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп
Есігіңнен мен кіріп келенімде
Қуандың ау балаша мені көріп
Қ-сы
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3 рет
Сенің қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол жан досым
Сыпыппен әнді орындау
Үй тапсырмасы. Мәтінді оқу. М. Әшірбековтың «Жастарға» өлең
123 бет, жаттау
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
«Өзіммен өзім»
Баяу сазды әуен қосып қою. Қазір сендер сабырлы болу жолдарын ойлап көріңдер?
«Менің сабырлы ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, ауылда да, мектепте де өзімді ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Ақырын басып баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай тартымды, жарасымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған сондай ұнайды».
Оқушылармен тыныштық сәтін орындау.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Өскемен қаласы әкімдігі «Ахмер орта мектебі» КММ
Мерзiм
Мұғалiм Сарсекенова Самал Маратовна
Сынып 3 «Г» Оқушылар саны 25
Тақырып «Мақтану—мақтаншақтық емес»
Құндылық дұрыс әрекет
Қасиеттер кішіпейілділік, қарапайымдылық
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дұрыс іс-әрекет арқылы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Мақтану, мақтау, мақтаншақ болжау туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: кішіпейілділік, қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:Кішіпейілділікке,қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: үнтаспа, жұмыс дәптер, оқулық
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңi.
--Сәлеметсіздерме, балалар, бүгін мен сендермен өзін-өзі тану пәні сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мақтану—мақтаншақтық емес». Біз бүгінгі сабағымызда мақтану, мақтаншақтық туралы айтамыз. Сабағымызды бастамас бұрын үш топқа бөлінеміз, (1-топ қызыл, 2-топ жасыл, 3-топ сары). Ал енді,балалар кімге қай түс ұнайды, бөлініп отыра қалыңыздар. 5-Т ережесін еске түсіру.
II Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан ақырын әуен ойналады.
Қане, балалар, қазір бәріміз өз бойымыздағы мақтан тұтарлық қасиеттерді ойланып, айтып беруге дайындалайық.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу болатын. (3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау).
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Алтын мүйіз неліктен өз табынынан кетіп қалды?
2. Алтын мүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма? Неліктен?
3.Ол мақтаншақтығынан қандай қиыншылықтарға тап болды?
4.Алтын мүйіздің өз табынына оралуы.
Балалардың жауаптары тыңдалады. Ескерту
IV. Дәйексөз.
«Мақтаншақ кісі- менмен кісі, менмендік адамның міні»
(Жүсіпбек Аймауытов)
1.Қандай адамды мақтаншақ адам дейді?
2.Менмендік дегенді қалай түсінесің?
3.Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар? V. Оқиғаларды әңгiмелеу
Оқушылырға «Бақа мен өгіз» мысалын әңгімелеп беремін.
1.Бақа қалай мақтанады?
2.Мақтаншақтық неге апарып соғады?
3. Сендердің араларыңда мақтаншақ бала бар ма?
Балалардың жауаптары тыңдалады. VI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Отырған үш топқа, алдын ала дайындап қойған мәтінді таратып беремін. Әр топ өздеріне тиісті мәтіндегі оқығанын сахналап, оның мақтануға, не мақтаншақтыққа жататынын дәлелдеу.
1-топ тапсырмасының мәтіні:
Үстелдің үстінде көк қағазбен қапталып, тысына әдемілеп жазылған сынып журналын көрген мұғалім: «Енді журнал кірлемейтін, тозбайтын болды. Мұны жасаған адамға көп-көп рахмет!»--дегені сол еді. Орнынан ұшып тұрған Алмас: «Оны қаптаған мен» , --деп мақтанды. Шын мәнінде журналды қаптау керектігі ескертілген соң, қалың қағаздан Нұржан деген бала тауып әкеліп, жазуын Ерлан жазған еді. Ал Алмастың қаптағаны рас. Үш баланың тындырған ісін, Алмас бір өзі иемденіп тұр.
Мұғалім қалған оқушылырдың қатысы барын білетін. Ал олар біз де «Біз де көмектестік» деп қабаттасқан жоқ.
Мұғалім: «Менің естуімше, Нұржан, Ерлан үшеуің жаңалаған сияқты едіңдер. Әлде мен жаңылып естідім бе?», деп оқушылырға барлай қарады.
Өз қылығына ұялған Алмас: «Ия біз үшеуміз бірге жасағанбыз»,-деп кешірім сұрағандай мойындай сөйледі.
2-топ тапсырмасының мәтіні:
Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды.Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», -деп айқайлады. Сыныптастары Жадыраның жетістігіне шаттана қуанды.
3-топ тапсырмасының мәтіні:
Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Айдос достарына: «Мен ертең биік таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйреніп жүрсем де жаттықтырушым маған рұқсат берді»,- деді. Балалар оған таңырқап, күмәнмен қарады.
Жағдайаттарды сахналап көрсету.
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі «Менің ойымша» айдары бойынша берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.
3-4 оқушыдан жазғандарын оқыту. VII. Топпен ән айту.
«Жас дәуірдің түлегіміз» әні
(Сөзі: О.Өтетілеуұлы, әні: И.Нүсіпбаев).
Балалар, бұл өлеңде біз еліміздің Отанымыздың , орман-тауларын туған өлкемізді, ауылымызды мақтан тұтып отырмыз. VIII. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 105-беттегі «Мейірімділік—асыл қасиет»
деген тақырыбындағы, М.Төрежановтың «Сары тауық пен оның балапандары» деген әңгімесін оқып келу.
Ә.Дүйсенбаевтің «Ардақты ана» өлеңін жаттап келу.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Ахмер орта мектебі» КММ
Мерзiм: 15.06.2016
Мұғалiм: Сержанова Ж.С.
Сынып: 2 «В»
Оқушылар саны: 24
Тақырып: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет».
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік
Сабақ мақсаты: Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Білімділік. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластық, мейірімділік қасиеттері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық. Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет жасау іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
Оқулық, сәуле шашқан күн, ақ қағаздар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрау. 5 т ережесін еске түсіру.
Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
М.Төрежанов «Үш дос» әңгімесін оқып келу.
Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақа трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
- Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:
- Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрдыда, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:
- Кел! Ойынға сен де аралас , - деді. Қазанқаптың кешегісі түсті.
- Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.
- Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ойынға өзі араластырды. Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Ескерту
3. Дәйексөз.
«Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің».
Халық даналығы
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас, дұрыс әрекет жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық, мейірімділікке, достыққа кенеледі. Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын, өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсінеді.
4. Оқиғаларды әңгiмелеу.
«Үлкендерді сыйлауды үйренген есек» ертегі.
Жолда Алфавит деген есек келе жатты. Келе жатып жылады. Бір кезде алдынан Мармелад деген лақ кездесіп сұрады: - Сен неге жылайсың? Сені ренжіткен біреу бар ма?
Жоқ. Мені ешкім де ренжітпеді деп тіл қатты есек.
Онда не болды?
Әжем үлкендерді сыйлауды үйреніп кел деп жіберді? Ал мен қалай үйренемін егер ондайды үйретін мектеп болмаса деп жауап берді есек.
Көз жасыңды сүрт. Мен саған көмектесемін.
Рас па?
Бірақ сен бірнеше ережені есте сақтап ал. Есте сақтау қабілетін жақсы ма есек?
Иә, өте жақсы.
Онда өте тамаша! Мені мұқият тыңдап ал. Үлкендерге жол беру керек, үлкендермен сыпайы сөйлесу керек, қарсы сөздер айтпау керек, досыңдай арқасынан қақпа, ең бастысы үлкендердің ақылын тыңдауға тырыс деп ақыл айтты лақ.
Неткен көп ереже!? Осының бәрін қалай есіңде сақтап жүрсің деп таң қалды есек.
Мен бар болғаны әдепті лақпын.
Сонда мына мен әдепсіз есекпін бе деп ашулана түсті.
Мен ондай сөздер саған айтқан жоқпын деп Мармелад ренжи сөйледі. Есекпен ұрсып қалмай тұрғанда тез қоштасып алайын деп лақ өз жөнімен кете барды. Ал есек болса жолда арқасына ауыр жүк тиеген Тпру деген атты кездестіріп қалады. Қазір лақтың айтқандары дұрыс па, бұрыс па екенін тексерейін деп аттпен амандасып сұрады:
Сәлеметсіз, Тпру ат! Қорықпаңыз сізге дөрекі сөздер айтпаймын, арқаңыздан да қақпаймын.
Тағы не болды? Деп күлімсірей сұраған ат.
Сізге жол беруге тырысамын. Егер маған ақыл-кеңес айтсаңыз мен оны құлақ түріп тыңдап аламын дейді есек.
Өте тамаша! – деп мақтай түсті Тпру. Бірақ бұны неге маған айтып тұрсың?
Мені үйдегі әжем үлкен кісілерді сыйлап келуді үйрен деп жібрген. Сіздің ойыңызша мен үйреніп алдым ба үлкендерді сыйлауды деп тіл қатты есек.
Иә, үйреніп қалыпсың. Оны мен сенің әжеңе айтып барайын. Бірақ тағы бір кеңес берейін бе дейді Тпру.
Әрине деп қуанып кетті есек.
Келесі жолы үстіне ауыр жүк тиеген кәрі атты көрсең, жүгін көтерісуге көмек қыл депті.
Мақұл! Деп уәде берді есек. Біраз уақыт өткен соң есек, аттан сұрады:
Қазір сізге көмек қылсам бола ма? Жоқ па?
Сұрақтар:
1) Есек неліктен көңілсіз келе жатты?
2) Лақтың айтқан кеңестері сенің ше дұрыс па?
3) Ат есекке қандай кеңестер айтты?
4) Сенің ойыңша Алфавит деген есек үлкендерді сыйлауды үйрене алды ма?
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Ойын-жаттығу «Құрмет-ізет».
- Балалар, Алфавит деген есектің үйренген сөздерін мына ағашқа орналастырайық.
Тақтаға жапырақ ағаштардың (үлкен, кіші) суреті ілінген. Оқушыларға қағаздан жасалған таза жапырақтар таратылып беріледі. Жапырақтардың арғы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған. Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздер: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
- Балалар, енді ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.
Олай юолса үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін адамның бойында қандай қасиеттер табылу керек? Оны біз мына күн сәулелеріне жазып ілеміз.
мейірімділік
сыпайылық ұқыптылық
қамқорлықадалдық
шыншылдықжанашырлық
қарапайымдылық
Сонда қорытындылай келе біз адамға керек қасиеттерді тауып, сол қасиеттер арқылы дұрыс әрекет құндылығын пайдалана білуді үйрендік. Сонда осы қасиеттер күндей жарқырап, айналасына нұрын шашып тұрса, құрмет пен ізет көрсету де дұрыс жүргізіледі.
6. Топпен ән айту.
«Дана әжем»
Сөзі мен әнін жазған М.Керейбаев
1) Мамамыздың анасы,
Ақ жаулықты ақ әжем.
«Айналайын құлыным» -
Деп айтатын дана әжем.
Қайырмасы:
Еркелетіп өсірген
Айналайын дара әжем.
Мені жақсы көретін
Сені жақсы көретін
Ірімшігін, мейізін
Бізге сақтап беретін.
2) Ертегі айтып, әлдидеп,,
Әлпештеген, жебеген.
Көп қой бізге айтатын
Ақыл-кеңес, өнегең.
Қайырмасы:
Еркелетіп өсірген
Айналайын дара әжем.
Мені жақсы көретін
Сені жақсы көретін
Ірімшігін, мейізін
Бізге сақтап беретін.
7. Үй тапсырмасы.
«Рахмет, ата» әңгімесін оқып, мазмұндап келу. Сұрақтарға жауап беріп келу. Сыйластық туралы 2-3 мақал-мәтел жазып келу.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Тоқтарова Р.К.
Сынып 2
Оқушылар саны 21
Тақырып : Обал мен сауап
Құндылығы: Дұрыс әрекет . Қасиеттері: мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасау
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға обал мен сауап туралы білім бере отырып дұрыс әрекет құндылығын дамыту Міндеттері:1. Білімділік. Обал мен сауап туралы түсінік беру;2. Дамытушылық. Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасауға тәрбиелеу; Ресурстар: Үнтаспа, сюжетті суреттер, жыртылған кітап, интерактивті тақта т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
5 ТТәртіпТалапТазалықТыныштықТатаулық2 Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»3. Үй тапсырмасы:
“Обал деген не» мәтінін оқып, мазмұндап келу.
Сұрақтар: Нанды жерге тастау дұрыс па? Ескерту
4.Дәйексөз:«Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің».(Ұл балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет)- « Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар.
- Обал деген не? Сауап деген не?
Үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, балаларды жаман әдеттен сақтандырады. «Сауабын аласың» деп отырып жақсы істерге жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл жақсы іс істегеннің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады, сауабын аласың» деп айтқандығы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жетелейді. 5. Әңгімелеу. Жер ана
Сұрақтар: Қария неліктен тоқтады? Не айтты?
Бала қарияның айтқанына неге таңқалды?
Анасы баласына жер ана екенін қалай түсіндірді? 7.. Шығармашылық жұмыс1 - ТопОбалға қатысты іс-әркеттерді обал үйіне орнатады
2 - ТопСауапқа қатысты іс-әректтерді сауап үйіне орнатады.Екі топ осы тапсырманы орындайды. Үшінші топ олардың іс әрекетіне қадағалап, өз ойларын айтуы тиіс.
Суреттерге қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар. 8. Үйге тапсырма . Дәптермен жұмыс.20 сабақ 25 бет«Торғай»Әңгімені өз ойларымен жалғастырып жазу.«Обал және сауап» туралы мақал - мәтелдер жаттау. 9. Соңғы тыныштық сәті.Тыныштық, тыныштық бар жерде тынышты, бүкіл әлем тыныштық.Бүгінгі сабақтан ескерткіш ретінде «Мейірім гүлін» сыйлау.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Нұрахметова С.Ж.
Сынып 1
Оқушылар саны 15
Тақырып :
Құндылығы: Қамқолық
Қасиеттері: «Қамқорлық» құндылықтары ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Сабақ мақсаты: үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;Міндеттері:
- үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;- үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;- қамқорлыққа тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа, Дәптер, түрлі түсті қарандаштар,Суреттер әдептілік туралы
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі2. Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену" Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:«Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.- Жаймен көзіңізді ашуға болады.- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
3. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің сүйікті жануарым» сурет салып келу.
Ескерту
Дәйексөз. «Ит – жеті қазынаның бірі» нақыл сөз.Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекшісі екен.Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерін күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз.Сондықтан да «Ит – жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.Дәйек сөз мағынасын аша білді балалар. 5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы Балалар, сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?Балалар жауабын тыңдап қорытындылау. «Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп беру.- Ит неліктен достыққа адамды таңдады?- «Ит – адамның досы» деп неліктен айтады?Балалар әрқайсысы өзінің кішкентай достары жайлы әңгімелейді.Сұраққа жауап берді.«Шоқ гүл» қимылды ойыны.6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. Үй жануарлары суретін салу, мүсіндеу, жапсыру.-Топтық жұмыс жүргізілді. 7. Топпен ән айту. Ақ бұзауым ұнайды,«Мө - мө», - деп сүт сұрайды.Ақ бұзау жақсы фермада,Апарамын көрмеге.Келеді өсіп күн санапҚоямын ба тұмшалапТұмсығын созып қарайды,Тілімен мұрнын жалайды«Ақ бұзау» әнін топпен айтты 8. Үй тапсырмасы. Ақ бұзау өлеңін жаттау 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар, денелеріңді түзу ұста, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып. ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа толы, жақсылық, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғандарын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашыңдар.МадақтауТыныштық бар жерде, тыныштық бүкіл әлемде.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Егеубаева Г.К.
Сынып 3
Оқушылар саны 15
Тақырып : Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: АқиқатҚасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т. б
Сабақтың мақсаты:«Өзін - өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтуОқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:• Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;• Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;• Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу. Ресурстар: кітап, үнтаспа,дәптер,
маркерлер,плакат
Сабақ барысы1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.
Тыныштық сәтi. - Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.Ал, енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасын тексеру
- 2 сыныпта өзін - өзі танудан не үйрендіңдер?- Өз өзіңе, өзге адамдарға, табиғатқа деген көзқарастарың өзгерді ме?- Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңдер? Ескерту
Дәйексөз. «Өзін өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу. 5.Әңгiмелеу.
Мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс М. Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, ондағы әр - бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.
Дәптермен жұмыс Өзін - өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектерді бос жолға жазу. 6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Тақырыпқа байланысты эссе «Мен қандай баламын» жазу
7. Топпен ән айту.
«Жас ұлан» әні 8. Үй тапсырмасы. «Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына эссе жазу. 9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. - Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ Мерзiм: 14 маусым 20116 ж.
Мұғалiм: Толеубаева Ж.Т.
Сынып: 4-сынып Оқушылар саны: 8 оқушы Тақырып: Табиғатқа қамқорлық
Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік
Сабақ мақсаты:
Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. Оқушыларға табиғатқа қамқорлық ол қиянат жасамау екені туралы түсінік беру
2.Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту
3. Айналаны қоршаған ортаны сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық,дәптер, флипчарт, маркерлер,интербелсенді тақта, бейне материал
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың сабаққа қажет құралдарын түгендеу, суреттер арқылы 2 топқа бөлу.
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
Тыныштық сәтi: «Орманға ойша саяхат» Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 
2.Үй тапсырмасын тексеру
130-беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат-ана» мәтінін оқып келу. Мазмұны бойынша сұрақтар: 1. Табиғат-ананың ұлдарының бойында қандай қасиеттер бар екен?
2.Табиғат-ана ұлдарына неліктен сый жасағысы келді? 3. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Табиғат-ананың көріктеніп сұлулығының артуының сыры неде? 5. Анасы ұлдарына қандай сый тартады деп ойлайсыңдар? 6. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? Ескерту
2 мин
3 мин
8 мин
Дәйексөз.
Мәтіндегі берілген ой мен оқушылардың сұрақтарға жауаптары дәйексөзбен қорытындыланады. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».  Р.Сәтімбеков
Осы даналық сөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?
Ия, адамның өмір сүруі мен табиғат тығыз байланысты екенін жақсы білеміз. Енді сол Табиғат – анамызды қорғау, таза ұстау, болашақ ұрпаққа тапсыру – біздің басты міндетіміз. 5 мин
Оқиғаларды әңгiмелеу
- Балалар, мен сендерге Кеңес Оразбекұлының «Үзілген гүл» атты әңгімесін айтып берейін.  
«Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. -Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... -Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. -Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан... Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: -Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: - Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.»Мәтін бойынша сұрақтар қою: 1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?  7 мин
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Табиғат туралы бейнеүзінді көрсету. 
1-топ: «Табиғаттың сыйы» тақырыбына постер жасау. Мағынасына сай мақал-мәтел жазу
2-топ: « Табиғатқа сый» тақырыбына постер жасау. Мағынасына сай мақал-мәтел жазу 8 мин
Топпен ән айту.
«Ертегілер әлемі»  Әйгерім Қалаубаева  5 мин
Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтың 133-бетіндегі Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 2. «Табиғатты қорғау!» тақырыбында сурет салу 2 мин
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.(Ақырын баяу әуен қосу)
Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.
Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге сақтап,көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады.Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! 5 мин

Приложенные файлы


Добавить комментарий