САБА?ТЫ? ТА?ЫРЫБЫ:« МЕХАНИКАЛЫ? ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛ?ЫНДАР ТАРАУЫНА ПРАКТИКАЛЫ? САБА?»


КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ҚҰЛЫНЖОН АУЫЛЫ КММ «КАЗНАКОВКА ОРТА МЕКТЕБІ» ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ МАНКЕЙ НҰРБОЛАТ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:« МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР ТАРАУЫНА ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ»
Күні: 00.00.00ж 9 «А» сынып
Сабақтыңтақырыбы Механикалық тербелістер мен толқындар тарауына практикалық сабақ
Сабақ көрнекілігі
Презентация,таратпа материалдар, штатив, секундамер, серіппе, жүк.
Күтілетін нәтиже
Теорияны пайдалана отырып, есептерді өз беттерімен шығарулары және берілген құрал-жабдықтардан зертқаналық жұмыс құрастыра алулары.
Сабақтың мақсаты
  Оқушылардың механикалық тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, осыған дейін алған білімдерін бір жүйеге келтіріу. Оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру және оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздылықтарын дамыту.
Сабақтың міндеті
● механикалық тербелістер мен толқындар тарауы туралы оқушы білімдерін жинақтау, жүйелеу, тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
● Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту;
● Алға қойған мақсатқа жете білуге, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі 
  Оқушылар механикалық тербелістер мен толқындар тарауларын қайталайды;
Түсінбеген жерлерін толықтырады;
Тәжірибелерді бақылай отырып кейбір зандарды физикалық мағынасын түсінеді;
Қиял армандарын жүзеге асырады.(үй жұмысында)
Негізгі идея Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың физикаға танымдық қызығушылығын арттыру. Механикалық тербелістер мен толқындар тарауында қиындық туғызатын есептерді шешу жолдарын анықтау. Дарынды және қабілеті жоғары оқушылардың танымын кеңейтіп жаңа есептер шығаруға дағдыландыру.
Сабақтыңөту барысы
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру 1 мин Сәлемдесу. Оқушылардың тізімдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныптың психологиялық көңіл-күйін көтеру.
Амандасып, кім жоқтығын айтады.
 
Сабақтың мақсатымен танысу2 мин Слайд 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Слайд 2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мұғалімді мұқият тыңдап, бүгінгі күнді дәптерге жазу.
Бағалау критерилерімен танысу 1мин Слайд 3. Оқушыларды бағалау критерилерімен таныстыру. Бағалау критерийлері әрбәр тапсырма астында тұрғандығын ескерту.
Есептің дұрыс шығарылуы;
Уақыттың үнемділігі;
Сұраққа толық және дұрыс жауап берілуі;
Топтың белсенділігі;
Оқушылар бағалау парағымен танысады.
Үй жұмысын тексеру
Топпен бірлескен жұмыс
8 мин
Үйге берілген макеттерін қорғау
(Тербеліс және толқын тарауына жасаған) Макеттерін қорғайды
Жекелей жұмыс №1 5 мин Сәйкестендіру тесті (миға шабуыл)
Сәйкестендіру тестін орындайды
Жекелей жұмыс №2 Негізгі идеяны ашу. 5 мин Мағынаны ашу. «Деңгейлік есептер шығару»Дарынды оқушылардың есеп шығару шапшаңдығын арттыру мен қатар теорияны практикамен ұштастыра алуларына жағдай жасау
Есеп шығарады.
Топпен жұмыс 3 мин Шығарған есептерін топта талдату (жаңадан құрылған топтарымен бірлесе отырып) есептерінң дұрыс қателіктерін анықтап, астында көрсетілген крийтерий бойынша бағалауларын қадағалау.
Шығарған есептерін талдайды
Топтық жұмыс. 10
мин Шығармашылықпен жұмыс
Зертханалық жұмыс құрап шығарту. Зертханалық жұмыс жасайды
Бағалау 2 мин Әр кезең бойынша бағалар жазылады. Есептелініп шығарылады.
Оқушылар бағалау
парақтарын толдырады
Сабақты қорытындылау 3мин Сабақта мақсатыма жеттім бе?Сабақ мені қызықтырды ма?Сабақта мен нені түсінбедім?
Оқушылар өз ойын қағаз
бетіне түсіріп кетеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сыныптағы жағымды орта орнату - «Атомдар»
Қатысушылар шеңберге тұрады. Көздерін жұмған қалпы әр түрлі бағытта жүреді.Жүргізуші кез-келген санды атайды.Қатысушылар көздерін жұмған қалпында топ құрау керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады.
Ұсыныс:
* қарым-қатынастағы кедергілерді жоюда
* топтарға бөлуде
* қатысушылардың өзара әрекеттесуіне
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларын тексеру.
Ә) топтық жұмыстың нәтижесін тексеру(макет)
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
Жекелей жұмыс №1 СӘЙКЕСТЕНДІР
Оқушының аты-жөні: .
№ Формула атауы
1 Т=2πlgТолқын ұзындығы
2 Т=2πmkЖиілік
3 Т=2πLCТербеліс периоды
4 T=tnМатематикалық маятниктің периоды
5 T=1νЦиклдік жиілік
6 ω=2πTЖаңғырық қашықтығы
7 λ=TυГук заңы
8 S=tυ2Жиілік
9 ω0=2πνТербеліс теңдеуі
10 ν=1TТербеліс теңдеуі
11 ω0=1LCТомсон формуласы
12 x=xmaxcosωtБұрыштық жылдамдық
13 ν=ntСеріппелі маятниктің периоды
14 F=-kxТербеліс периоды
15 x=xmaxsinωtЦиклдік жиілік
Ескерту:Белгілеуді дұрыстасаң ұпай қосылмайды
Әрбір дұрыс белгілеу 1 ұпайдан.
Уакыт 5 минут
Бағалау критерийі:
«5» - 14-15 ұпай
«4» - 12-13 ұпай
«3» - 8-11 ұпай
«2» - 1-7 ұпай
Жекелей жұмыс №2 Негізгі идеяны ашу.
№1 есеп
Т, с , Гц хmax. м х(t)-? max, м/с amax, м/с2
Әр есептің балдары: 1 1 1 2 2 2
№3 есеп
Т, с , Гц хmax. м х(t)-? max, м/с amax, м/с2
Әр есептің балдары: 1 1 1 2 2 2
№2 есеп
Т, с , Гц хmax. м х(t)-? max, м/с amax, м/с2
Әр есептің балдары: 1 1 1 2 2 2
№4 есеп
Т, с , Гц хmax. м х(t)-? max, м/с amax, м/с2
Әр есептің балдары: 1 1 1 2 2 2
ІV. Топпен жұмыс: Шығарған есептерін топта талдату (жаңадан құрылған топтарымен бірлесе отырып) есептерінң дұрыс қателіктерін анықтап, астында көрсетілген крийтерий бойынша бағалауларын қадағалау.
V Зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Зертханалық жұмыстың мақсаты: Құрал-жабдықтар: Жұмыс барысы:
№ 1 2 3 Есептеулер:
Қорытынды:
Ескерту:
тақырыбын құру – 1 ұпай
мақсатын құру – 1 ұпай
жұмыс барысын жазу – 1 ұпай
кестелік мәнді толтыру – 1 ұпай
есептеулер жүргізу – 1 ұпай
қорытынды жазу – 1 ұпай
Барлығын жасауға 7-8 минут
VI. Бағалау. Әр кезең бойынша бағалар жазылады. Есептелініп шығарылады. Оқушылар бағалау парақтарын толдырады. Мұғалім мен оқушылардың бағалауларының орта бағасы қойылады
Үй тапсырмасын беру: §24,25 21-жаттығу (3,4). Оқулықтағы 92 беттегі тапсырма
VIІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабақта мақсатыма жеттім бе?
Сабақ мені қызықтырды ма?
Сабақта мен нені түсінбедім?

Приложенные файлы


Добавить комментарий