Біреуі сызы?ты?, екіншісі екінші д?режелі те?деуден ??рал?ан те?деулер ж?йесін шешуге арнал?ан есептер шы?ару саба?ы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.3CТеңдеулер мен теңсіздіктер Мектеп:
Н. Дүйсенғалиев атындағы мектеп
Күні: Мұғалімнің аты – жөні:
Кадыржанова Айман Жумаевна
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Біреуі сызықтық, екіншісі екінші дәрежелі теңдеуден құралған теңдеулер жүйесін шешуге арналған есептер шығару сабағы;
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме) АУ 9.6 Біреуі сызықтық, ал екіншісі екінші дәрежелі болатын екі теңдеуден тұратын теңдеулер жүйесін шешеді
Сабақ мақсаттары Оқушылар біреуі сызықтық, ал екіншісі екінші дәрежелі теңдеу болатын екі теңдеуден тұратын теңдеулер жүйесін алгебралық қосу, алмастыру, жаңа айнымалы енгізу тәсілдерін қолданып шеше алады.
Жетістік критерийлері Біреуі сызықтық, ал екіншісі екінші дәрежелі болатын екі теңдеуден тұратын теңдеулер жүйесін шешеді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Сөйлем құрап айта алады.
Теңдеу, теңдеулер жүйесі, сызықтық теңдеу, квадраттық теңдеу, теңдеудің шешімі, жүйенің шешімі, алмастыру тәсілі, жаңа айнымалы енгізу тәсілі, алгебралық қосу тәсілі, т.б.
Equation – теңдеу
Equation system – теңдеу жүйесі
Linear equation – сызықтық теңдеу
Quadratic equation – квадрат теңдеу
Decision equation – теңдеуді шешу
Entering a new variable – жаңа айнымалы енгізу
Құндылықтарды дарыту Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу, жұптасып есептер шығара алады.
Пәнаралық байланыстар Информатика, сызу, геометрия
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация. Оқушыларға жұмыстануға жеке тапсырмалар, үй тапсырмалары, рефлексияға арналған қағаздар, стикерлер.
Бастапқы білім Теңдеулерді, сызықтық теңдеулерді, квадраттық теңдеулерді, сызықтық теңдеулер жүйелерін шешуді біледі.
Күтілетін нәтижелер Оқушылар біреуі сызықтық теңдеу екіншісі екінші дәрежелі теңдеуден құралған теңдеулер жүйесінің шешімін таба біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
8 минут5 минут
15 минут
Сабақтың ортасы
15 минут
Сабақтың соңы
5 минут І.Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)
ІІ.Өткен материалдарға шолу:
Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарын қадағалау, тексеру.
Оқушылардың өткен тақырыптардағы формулаларды естеріне сақтаулары үшін математикалық диктант жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын айтып, мақсаттары мен күтілетін нәтижені айту.
Біреуі сызықтық, екіншісі екінші дәрежелі теңдеуден құралған теңдеулер жүйесін шешу;
Оқушылардан өткен тоқсандардағы теңдеулерге, сызықтық, квадраттық теңдеулермен сызықтық теңдеулер жүйесіне қатыстыбілімдерін сұрау.
Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты есептер беру.
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (2;1), (-2;-1)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (1,6; 0,8)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (3;-1), (-3;1)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (-5;-5), (7;1)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (5;4)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (-0,5;-4,5), (4,5;0,5)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы: (7;1), (11,5)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз: Жауабы:
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (3,5; 0,3)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (-4;-2), (-4;2), (4;-2), (4;2)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: шешімі жоқ
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (0;-5), (3;4), (-3;4)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (-1;2),
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
Жауабы: (-1;2), (2;-1).
Есепті шығарып болғаннан кейін көршілерімен алмастырады.
Ослайша оқушылар тақырыпқа байланысты есептердің барлығын шығарып қойылған мақсатқа жетеді.
ІV Cабақты қорытындылау
Оқушыларға рефлекция сұралады.Тақтаға нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді деген қағаз жапсырылады. Сол қағазға стикерлерге жазып жапсырады.
Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушылар бағаланды. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларда үш деңгейден де өткен кезде печеньелер алады.
V Үй тапсырмасы:
Оқушыларғатеңдеулер жүйесін шешуге үш есептен беріледі. Квадраттық зерттеу:
http://nrich.maths.org/478Алгебра А.Әбілқасымова, т.б. ЖББМ – ның 9 – сыныбына арналған оқулық. 2009 жыл.
Алгебра
Ю.Н.Макарычев, т.б.
орта мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық.
Арнайы үй тапсырмалары жазылған қағаздар үлестіріледі.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушыларға есептер беріледі. Оқушылар тақтаға шығарып бір – бірінен түсінбегендерін сұрап алады.
Оқушылардың естеріне түскеннен кейін жұп болып есептер шығарып, жұмыстанады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылар жеке – жеке бағаланады. Сабақты түсінгендеріне байланыстыбағаланады. Оқушылар жеке – жеке деңгейлерден өтеді. Деңгейлерден өткендері жұптық жұмыста есептер шығарады. Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Приложенные файлы


Добавить комментарий