Н?лдермен ая?талатын сандарды жазбаша к?бейту т?сілдері 4 cынып


Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдеріСабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдеріСабақтың мақсаты:білімділік: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру; есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.дамытушылық: Есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.тәрбиелік: Оқушылардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым – қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа, тапқырлыққа, байқағыштыққа баулу.Сабақтың көрнекілігі: аңдардың суреті, слайд.Сабақтың түрі: саяхат сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.Пәнаралық байланыс: дүниетануСабақтың барысы:I Ұйымдастыруа) сәлемдесуә) түгендеуб) оқушылардың назарын сабаққа аударув) психологиялық дайындық1. Үй тапсырмасын тексеру№4 (3, 4 - баған)2. Өлең шумағында жылдың қай мезгілі суреттелгенін табу.Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады.Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап тоңадыАйтыңдаршы балаларБұл қай кезде болады?Күз мезгілі- Күз мезгілінде қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі? (Қысқа дайындық, егін жинау, шөп шабу, азық жинау.)- Ал, балалар, бүгінгі сабағымызда күзгі орманға саяхатқа шығамыз.- Орманға немен барған ыңғайлы? ( автобуспен)- Оны неге таңдадыңдар? (Себебі, бәріміз бірге барамыз)- Балалар, автобусты жүргізу үшін мына тапсырмаларды орындайық.3. Өткенді қайталау. «Жедел ойлау стратегиясы»«Бинго» ойынына қатысып, тапсырмаларды орындаймыз.1. 96 000/2. 96000/30053. 320 000/40304. 48 000/400488000/400II Жаңа сабақ1. Балалар, автобусты жүргізуге дайындадық және бүгінгі сабақтың тақырыбы мен түсіндіру есептері шықты. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері. Сабақтың мақсаты: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру, есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.230 2300Х 20 х 204600 460002. Оқулықпен жұмысОқулықтағы ереже оқылады.3. Дәптермен жұмысКүн жады, көркем жазу минуты210, 2100, 21000, 210 000Енді күзгі орманға саяхатқа шығайық.- Орманда кездескен қандай аң?тиін (тиіннің шашылып қалған жаңғақтары)- Мына тапсырмаларды орындап, жаңғақтарын жинап берейік.№ 3450*300 =135000 180*700=126000 460*30 =13800 530*90=47700- Бізге кездескен қандай аң?- Жайра мен Тас сусары. Олардың немен қоректенетінін білу үшін мына тапсырмаларды орындау керек.№5 а) 1 авт. ст. 1 күнде – 200б Ш: 200*3=600 б. Ж: 3 авт. ст. 22 күн-3 авт. ст. 22 күнде - ? б 600*22=13200 б. де 13200 б.ж.Б) Қаңтар айы – 50 тр., 10 А Ш: 50-10=40 Ж: ақпан айыЖелтоқсан айында - ? (50+40)/2=45тр. 45тр.Ақпан айында - ?қ, ж. Қар.жарт.- Балалар мынау не?(Ақкіс)- Балалар, ақкіс туралы білуіміз үшін мына тапсырманы орындаймыз.4. Сергіту сәті5.Өзіндік жұмыс№61900-713= 1187 1200-916= 284 1500-492=10081900-317=1583 1200-619= 581 1500-582=9181900-964= 936 1200-524=676 1500-725=7751900-825= 1075 1200-672=528 1500-924=5761900-914= 986 1200-488=712 1500-718=782- Балалар мынау не? (Орман қарақасы)Орман қарақасына жемісті бақтарға зиян келтіртпеуі үшін мына тапсырмаларды орындайық.№7 Түбірі тең болатын теңдеулерді жұбымен жаз.а) (х - 80)/40=640 б) х – 80 = 640/40ә) (х – 80)*40=640 в) х – 80 = 640*40- Балалар, мынау нелер?(Торғайлар)Күзде құстарға жем табу қиындай бастайды.Кәне, торғайларды жем шашарларға орналастырайық. Ол үшін мына тапсырманы орындаймыз.№84580км=458 000см 25036см=250 360мм 4 580м= 4км580мIII.Сабақты қорыту1.Балалар, саяхатымыз аяқталып қалды. Автобусқа отырайық.- Ой, балалар, мына қу түлкі біздің жолымызға кедергі болып тұр..Ол бізге мына тапсырмаларды орындаңдар дейді.. Қане, бәріміз бірге орындайық. Сөзжұмбақты шешу1. 100 санында барлығы неше ондық бар?2. Фигураның ұзындығы мен енін қосып, екіге көбейткенде не шығады?3. 10 дм неге тең?4. Фигураның ұзындығы мен енін көбейтсек, нені табамыз?5. 10 санының бірлігін ата?Өзекті сөз қандай болды. ОрманҚайда саяхат жасадық?Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?(Оқушылардың жауабы тыңдалады)2. Үйге тапсырма беру№ 4, 83. Бағалау, күнделікке қою.

Приложенные файлы

Добавить комментарий