Химиялы? формулалар бойынша есептеулер



Күні: ______________________ ________________________
«____»____________________201 ж
Пән: химия
Сынып 10 а,ә
Химиялық формула бойынша есептеулер
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастыру. Дамытушылық: Заттың Мr, күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: есептер шығару.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
ІІ. Сабақты үй жұмысын тексеруден бастау.
Төменде берілген заттарда элемент жайлы айтыла ма: а)оттек демалу үшін қажет; ә)оттек судың құрамына кіреді;
Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.
Таблицаны толтыру:
Формулалар 4H2 3CH4 3FeCI3 2H3PO4
Коэффициенттер        
Индекстер        
Әр атомның жалпы саны.        
 
ІІІ. Жаңа сабақ Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға есептер шығарып үйрету.
Өзірше химиялық формулаларды пайдаланып, үш түрлі тәсілмен есептеулер жүргізуді үйренейік.
 
1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Мr(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18
 
2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.
1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:
m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1 =15
 
Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.
 
3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу
2-есеп: Алюминий гидроксиді А1(ОН)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:
1) массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;
2) пропорция арқылы.
2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:
78 — 100 %,
3 •16 – у
 
 
 
 
3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 — 100 %,
3 • 1- z
 
Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) = 3,9%.
 
4.Заттың құрамына кіретін элементтердің белгілі массалық үлестері бойынша
олардың химиялық формулаларын қорытып шығару.
3-есеп. Ас содасының құрамына 27,38% натрий, 1,19% сутек, 14,29% көміртек, 57,14% оттек кіреді. Тұрмыста қолданылатын осы химиялық қосылыстың формуласын табыңдар.
 
Б-ні: Шешуі:
W(Na) ═27,38% х:у:z:u═ W(Na) : W(Н) : W(С) : W(О) ═ 27,38:1,19:14,29:57,14
W(Н)═1,19% Ar(Na) Ar(Н) Ar(С) Ar(О) 23 1 12 16
W(С)═14,29%
W(О)═57,14% 1,23:1,19:1,11:3,57═1:1:1:3
 
Т/к NaхНуСzOu — ? Жауабы: Ас содасының формуласы NaНСО3
 
Жаңа материалды бекіту мақсатында жаттығулар мен есептер жинағы бойынша есептер беріліп шығарылады.
 
Үйге тапсырма беру: § 10.
Бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий