Конспект урока по самопознанию Ата-ана?-алтын т??ыры?


11 - сынып
Сабақ тақырыбы: Ата –анаң – алтын тұғырың
Сабақ мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері.
Ата-анаға сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Әңгімелесу.
Балаға мінез қандай үш адамнан жұғады?
Бала тәрбиесіне кім тікелей қатысты? Әке ме? Ана ма?
Ата-анаңмен сырласып, ой бөлісесіңдер ме? Қандай тақырыпта?
Ата-анаң саған қай кезде риза болады?
Ата-анаңды қандай қылықтарыңмен ренжітесің?
Ата-анаңды қатал, шыншыл деп ойлайсың ба?
Ренжіткенде ата-анаңнан кешірім сұрайсың ба?
Ата-ананың үмітін адам қай кезде ақтай алады?
Ата-анаң сенің тілегіңді күнде орындай ма? Орындамаса не істейсің?
Интерпретация
Оқушылардың түстер арқылы көңіл күйлерін анықтау
Ойын.
Суретті аяқта ойыны

Дәптермен жұмыс
«Ата-анам – алтын тұғырым» тақырыбында эссе жазу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий