?аза? ?дебиетінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары Махамбет Тарланым


Уақыты: Тексерілді:
Сабақ тақырыбы: Махамбет. «Тарланым» өлеңі
Жалпы мақсат: М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу;
Мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту;
Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: М. Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігін түсіндіру, ақын өмір сүрген дәуірдегі түрлі қайшылықтардың ақын шығармашылығына әсері туралы мағлұмат беру, Исатай портретінің шебер жасалуын, теңеу ерекшелігін білдіру, өлеңді мәнерлеп оқыту, өлеңді талдай білуге үйрету, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Электронды оқулық, слайдтарОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
сәлемдесу, түгендеу, сыныпты дайындау, деңгейлік тапсырмалар беру, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру
Оқулықтар арқылы төрт топқа бөлінеді, топпен жұмыс жасайды
ІІ. Қызығушылықты ояту 1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінен сұрақтар қою «Мен саған, сен маған» әдісі.2. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңін жатқа оқу.Әр топтан 3 оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айту1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінің тақырыбы қандай?2. Өлеңге арқау болған не жағдай?3. «Аягөз кімнің жері еді?»деген өкінішін қалай түсінесіңдер?4. Өлеңнің түйіні қандай? Талдау,жинақтау,қорыту
ІІІ. Жаңа тақырып Ой қозғау үшін оқушыларға қойылатын сұрақ:М. Өтемісұлы кім?Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?Дауылпаз ақынның 200 жылдығы қай жылы Юнеско көлемінде аталып өтті?«Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?Білемін Білгім келеді Үйрендім1804 жылы Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмында туған. Махамбет беріш руынан. Арабша, орысша хат таныған. Оның 70 шақты өлеңі және бірнеше күйлері бар. Батырдың сүйегі Алматы, Гурьев, Мәскеуді 17 жыл шарлап, 1983жылы 15 мамыр күні туған жері Қараойға жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды. Исатай туралы толық мәлімет алу. Тарланым сөзінің мағынасын ашу. Өлеңді жазудағы мақсатын түсінуОлай болса, туып - өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М. Өтемісұлы батырдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Тарланым» атты өлеңіне кеңінен тоқталамыз.Оқушыларға бұрыннан таныс «Соғыс»өлеңін естеріне түсіру. Махамбет өмір сүрген дәуірдегі соғыс картинасын жасау.(Өлеңнің қанды соғысқа арналғанын, Исатайдың ерлік бейнесін еске түсіреді)- М. Өтемісұлының өлеңдерінде даналық сөздер көптеп кездеседі. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы ерлік, батырлықты жырлайды. Сондай - ақ, 1836 - 1839жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысты. Оларды уақытына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Өлеңдері азаматтық, ел мен жер, азаматтық парызды, рух қайсарлығын жырлайды. Оның көптеген өлеңдері көтеріліс басшысы Исатайға арналды. Махамбеттің «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай сөзі», «Ей, Махамбет жолдасым!», «Исатай деген ағам бар», «Есіл ер»,«Тайманның ұлы - Исатай!», «Исатай сөзі»т. б өлеңдері бар. Махамбет осынша көп өлеңдерін арнаған Исатай кім? (Исатай туралы мәліметтермен таныстыру) Осылайша аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сыйынып өткен адамы – Исатай. Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты, күңіренте егілтті.- Исатай батырдың киген киімдеріне, ұстаған қару - жарағына назар аударайық.(дулыға, сауыт киген, қалқан, садақ, жебе, адырна сөздерінің ерекшелігін ай айтады) «Тарланым» өлеңін үнтаспадан тыңдатамын (оқушылардан алған әсерін сұрау) «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқыту.- Өлеңдегі сөз қолданыстарынан ақынның күйзелісте екенін сеземіз.Өлеңді терең талдау мақсатында оқушыларға өлеңнің өн бойында бір өкініш, қимастық бар екендігін ескерте отырып, дауылпаз ақынның бұл өлеңінің қандай өзгешелігі бар екендігі сұралады.(жоқтау сарынында жазылғандығы айтылады. Қазақ әдебиеті тарихында жоқтау жырлары ерекше орын алатыны сөз болады)Сөздікпен жұмысКермиық, кербез - паң, сұлуТарлан - 1) биікті мекендейтін еркін құс; 2) тұлпар.Керіскедей - дардай, алпамсадай.Керіске – көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен жорғалаушы.(слайд)Фәни - өмірЖебе - садақ оғыСусар - аңАдырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысыШандоз - асыл, ардақтыАкадемик. З. Қабдолов пікірімен түйіндеу.(«…Махамбеттің есімі — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең - жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.»)Өлеңді мазмұнын ашу үшін талдауға қойылатын сұрақтар:- Исатайдың батырға тән бейнесін, ақылдылығын қандай жолдардан көреміз?(кермиығым, кербезім, тебіренбес ауыр мінезім)- Ал ерлік ісін қандай жолдардан көруге болады?(садағына сары жебе салдырған…, көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан)- Табиғат халқына тіреу болуға жаратқан сегіз қырлы, бір сырлы туысы бөлек тұлға екенін қандай жолдардан білуге болады?- Сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығын қалай суреттейді?- Исатайдың батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастықтары бар ма?- Енді ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады?(таудан мұнартып ұшқан тарланым, саған да менің арманым, Арыстан еді – ау Исатай!…)- Өлеңнің батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын қалай білуге болады?(өткен шақта айтылған сөйлемге қараймыз. «Арыстан еді – ау Исатай!…»- Елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған.
IV.Шығармашылық жұмыс 1 - топтың тапсырмасыЭлектронды оқулықтан «Тарланым»өлеңін ашып көрсетіп, өлең құрылысына талдау.2 - топтың тапсырмасыАқын өлеңіндегі метафора, эпитет, теңеулерді теріп, олардың бейнелік мәнін түсіндіріңдер.Көркем тіл МысалдарМетафора Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Арыстаным, көп болды - ау,Саған менің арманым!Тарланым, арыстаным, мүйіздім т. б..Эпитет Ащы дауыстым, терең ақылдым, ауыр мінездім, сұр жебеТеңеуАллитерацияҚұландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім!Қырмызыдай ажарлым!Хиуадай базарлым!Теңіздей терең ақылдым! т. б.Құландай ащы дауыстым,Құлжадай айбар мүйіздімҚырмызыдай ажарлым!3 - топтың тапсырмасыМахамбет пен Исатайға мінездеме жазу. Венн диаграммасыАлуан сөз образдарын сәйкестендіре отырып, Исатай бейнесін сомда.Нұр сипатты, келбетті, көркем сымбатты — кермиығым, кербезім,қырмызыдай ажарлымЖауының құтын қашыратын қаһарлы – құландай ащы дауыстыЗор тұлғалы айбарлы — құлжадай айбар мүйіздіОтырған жері сәнді - думанды, сері — Хиуадай базарлымСабырлы, ойлы, парасатты жан - теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездімИсатайдың ерлігі — Арыстан еді - ау Исатай…-«Тарланым»өлеңінде Исатайдың «жұртына құрбан болсам» деген мақсатының ірі де ізгілігім ғажап тартымды суреттелген. Махамбет - күйші. Оның бізге жеткен 7 күйі болды. Атап айтсақ, «Шілтерлі терезе»,«Исатайдың Ақтабаны - ай»,«Жайық асу»,« Қиыл қырғыны»,«Жұмыр қылыш», «Қайран, Нарын!». «Өкініш»күйі Махамбеттің бұл күйлерінің барлығы көтерілісті немесе көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қайтыс болып, Махамбет өз елінен безіп, қудалауға түсіп жүрген кезінде шығарылған екен.«Өкініш»күйін таспадан тыңдайық.
V.Қорытындылау 102235830580 Міне, біз «Тарланым» өлеңін талдап шықтық. Сонымен Махамбет Өтемісұлы кім?Топтастыру стратегиясы1804 - 1846 ж Исатай - Махамбет көтерілісі тарихта айтулы оқиғалар қатарына кіреді. Көтеріліс жеңіліс тапқанымен, халыққа қысым көрсеткен хан - сұлтандар тағында тұра алмады. Халқы үшін құрбан болған ұлдардың бүгінгі ұрпағы Қазақстанның тәуелсіздігіне куә болып отыр.Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны, оның батырлығы бір жекпе - жектегі қайратты емес, жалпы адам бойындағы қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр – толғауы бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны. Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.
VI. Үйге тапсырмасын беру «Тарланым»өлеңін жаттау.«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ойтолғау жазу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «мен үйрендім»

Приложенные файлы


Добавить комментарий