Поурочный план урока алгебры, 8 класс Интервал ?дісі


Сыныбы: 8 Күні:
Сабақтың тақырыбы Интервалдар әдісі.
Мақсаты Білімділік: Оқушылар интервал әдісінің алгоритмін біледі, квадрат теңсіздіктерді, бөлшек түрінде берілген теңсіздіктерді шығаруды үйренеді;
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелік: топпен және өз бетінше еңбек етуге, өзіне сенуге тәрбиелеу.
Табыс өлшемдері Оқушылар квадрат теңдеуді тиімді тәсілмен шығарады,
теңсіздіктің қасиеттерін біледі,
теңсіздіктің >, <, ≥, ≤ белгісіне байланысты интервалды сызбада кескіндейді.
Күтілетін нәтиже А) Теңсіздікті интервалдар әдісімен шығара алады.
В) Рационал теңсіздіктердің шешімін табады.
Әдіс- тәсілдер
«Блум Таксономиясы» әдісі, СТО, деңгейлік тапсырма
Керекті жабдықтар Оқулық: Алгебра 8- сынып . Әбілқасымова .Алматы «Мектеп» 2012ж
Интербелсенді тақта, стикер, бағалау парағы, смайликтер.
Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І кезең
(12 минут)
а) ұйымдастыру; 1.Сыныппен амандасу.
2)Сабақ тақырыбын айту.
3) Сабақ мақсаттарын анықтау
Оқушылар сабақ тақырыбын тақтадан көшіреді, сабақ мақсаттарын өздері қояды.
б) үй жұмыстарын тексеру: 
Барлығы 6 есеп
3,4 есеп дұрыс- «3»
5 есеп дұрыс – «4»
6 есеп дұрыс – «5» Есептердің жауаптарын сұрайды,
аралықтарды дұрыс оқуларын бақылайды.
Бағаны ашық журналға қояды
Графиктік тәсілмен теңсіздікті шешу үшін нені білу керек? Оқушылар бір-бірден жауаптарын оқиды.
Басқалары жасыл, қызыл карточка арқылы
«дұрыс», «дұрыс емес» деп тексереді.
Әр оқушы дәптерде +,- қояды.
Қандай қателіктер болды? Нені ескермедім?
Оқушылар жауап береді.
Оқушылар табыс өлшемдерін айтады
в) „Көпір“ тапсырмалары.  Осы табыс өлшемдері жаңа тақырып меңгеру үшін де қажет, сондықтан ендіігі кезең – қайталау.
1.Оқушылар тірек сызба арқылы
І - «Квадрат теңдеулер»,
ІІ -«Виет теоремасы,
ІІІ-«Квадрат теңсіздікті графиктік тәсілмен шешу» тақырыптарды қайталап (дайындық-1мин), топтан 1 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді(әрқайсысы -1мин)
Топпен жұмыс.
Сәйкестендіру тест:
1.х2 -4х+3=0 1.(-8;-3)
2. х2 -23х-24=0 2.(-8;3) 3.х2 -11х+24=0 3.(1;3)
4.х2 +11х+24=0 4. (8;3)
5. х2 +14х+24=0 5. (24;-1)
6.х2 +5х-24=0 6.(-12;-2)
Теңдеу шешу х(х-5)(х+4)(х+18)=0 Оқушылар жауап береді.
Жауаптары
13
25
34
41
56
62
бір-бірін тексереді.
ІІ кезең
синектикалық бөлім
(15-18 минут) а) өз бетімен жаңа
тақырыпты
меңгеру Тапсырма 1: 1 мысалды оқып, топта талқылау.
Тапсырма 2: 2,3 мысалдарды оқып, топта талқылау. Топпен алгоритмді флипчартқа жазады.
Теңсіздіктерді интервелдар әдісімен шешу үшін келесі алгоритм қолданылады:
Берілген теңсіздікті Р(х) <0, Р(х) >0, Р(х) ≤0, Р(х) ≥0 түрлерінің біріне келтіреміз;
Теңсіздіктің сол жағын нөлге теңестіріп, шыққан теңдеуді шешеміз, яғни сәйкес функцияның нөлдерін табамыз;
Теңдеудің түбірлерінің мәнін сан осіне белгілеп, сан осін интервалдарға бөлеміз;
Интервалдың кез-келген біреуінде функцияның таңбасын анықтап, осы интервалға анықталған таңбаны қоямыз;
Теңдеудің түбірі қайталанбаған немесе тақ рет қайталанған жағдайда қалған интервалдардағы таңбаларды кезекпен қоямыз; ал егер жұп рет қайталанса, осы түбірдің екі жағындағы интервалдардың таңбаларын бірдей етіп аламыз;
Таңбасы теңсіздік таңбасына сәйкес интервалдарды жауап ретінде аламыз.
б) Жұмыс нәтижесін
мұғаліммен бірігіп
талдау Сұрақтар:
Интервал әдісінің графиктік әдісімен ұқсастығы неде?
Айырмашылығы?
Қандай әдіс тиімді? Неліктен?
В) Алған жаңа теориялық
білімді практика
жүзінде бекіту
Тақтада есептер шығару:№297,302,312-1 есеп ІІІ кезең
кері байланыс
(12 минут)
  Деңгейлік тапсырмаларды
орындауІ нұсқа ІІ нұсқа
А деңгейі А деңгейі
(х-2)(х+5)(х-6)>0 (х-5)(х+6)(х+2)0
(х+1,5)(х+9)0 (х+0,7)(х-3)0
х(х-4)0 х(х+5) < 0
В деңгейі В деңгейі
х2 -6х-16<0 х2 +2х-8>0
С деңгейі С деңгейі

Есеп шығарады
І деңгей әр есебі-1 балл
ІІ деңгей әр есебі-2 балл
ІІІ деңгей есебі-3 балл
Рефлексия
3мин Смайликтар таратады. Үйге: №296,298,312(2,3есептер) тапсырма береді.
Смайлик бойынша сабақтан алған әсерін бағалайды.

Т.А. Үй жұмысы
0-5 А деңгей есептері
3 В деңгей есептері
2-4 С деңгей есептері
3 Топ жұмысына қатысуы
0-3 Барлығы Баға
Бағалануы: 7-10ұпай - «3»,11-14 ұпай - «4»,15-18 ұпай - «5».

Приложенные файлы


Добавить комментарий