Ашы? саба? Графиктер 6 сынып


Мектеп: Педогог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектеп КММ
Пәні Математика,6-сынып
Сабақ тақырыбы Графиктер
Сілтеме: Блум таксономиясы, СТО, Марта Бронсон(2002ж.)өзін-өзі реттеу
Александер,2001,2008 Нұсқаулық 51 бет,6-сынып оқулығы
Жалпы мақсаты Графиктер ұғымы туралы терең түсінік беру, тәуелді шамалар арасындағы байланысты график арқылы кескіндеуін үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
-топ ережесіне бағынады;
- зерттеу, салыстыру жұмыстарын жасай біледі;
-ынтымақтастыққа үйренеді;
-тақырыптың маңыздылығын түсінеді;
-бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Негізгі мақсаттар -Топтық жұмысқа жұмылдыру
-өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру
-өзара бағалауға үйрету,
-логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ынтымақтастық атмосферасын құру:«Шаттық шеңбері» бір-біріне жақсы тілектер айтады. Координаталарымен берілген нүктелер арқылы топқа бөлу,
1 топ.Г(1;2);Р (2;6);
2 топ.А (4;6);Ф (5;2);
3 топ. И(7;2);К (8;6);
4 топ.Т(10;6);Е (11;2);Р (13;2),
Білу,тану
Тақырыпты ашу
1 тапсырмаСабақтың тақырыбын ашу мақсатында әр топқа берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп,кесінділер арқылы қосады. /Графиктер сөзі шығады./
Граф-латын тілінен аударғанда жазу,суреттеу деген мағынаныбереді.
2 тапсырма(Сұрақтар барлық топ мүшелеріне арналған, ауызша жауап)
Интербелсенді тақтадан әр сағат сайын 4 м мата тоқитын
станок 1 сағатта, 2 сағатта,3 сағатта, 4 сағатта неше метр мата тоқитынын көрсететін диаграммаберілген.
1.абсцисса осіне қандай шама салынған?
2. ордината осіне қандай шама салынған?
3. 4 сағатта қанша мата тоқылған?
4.станокта тоқылатын мата ұзындығы неге тәуелді?
5.АВ кесіндісінің ұзындығы нені білдіреді?
Түсіну 3 тапсырма/тапсырма барлық топ мүшелеріне арналған/
Қарағайдың 1 дм3 көлемінің массасы 0,5 кг.Қарағайдың 2 дм,3 дм,,4 дм,5 дм көлемінің массасын тауып,оның графигін сызыңдар.
Көлемі, V (дм3) 1 2 3 4 5
Массасы,m (кг) Оқушылар кестені толтырады, графигін салады, график бойынша бір шаманың берілген мәніне сәйкес екінші шаманың мәнін табуды түсіндіреді.
Қолдану
Талдау
4 тапсырма /тапсырма барлық топ мүшелеріне арналған/
С=a*n (С-заттың құны,а-бағасы,n-массасы немесе саны) формуласын пайдаланып сұрақ, кесте құрыңдар,графигін салып түсіндіріңден.
5 тапсырма Оқулықпен жұмыс.№1149
График арқылы шамалардың өзгерісін бақылау арқылы талдау жүргізу. Бір тәуліктегі ауа температурасының өзгеру графигі бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
-42545-1209040
1-топ. Сағат нешеде ауа температурасы 10С болады?Қай уақыт аралығында ауа температурасы 00С-тан жоғары болды?
2-топ. Қай уақытта ауаның температурасы ең төмен болады?
3-топ. Қай уақытта ауаның температурасы ең жоғары және қай уақыт аралығында ауа температурасы 00С-тан төмен болды?
4-топ. Сағат нешеде ауа температурасы 00С болады?
Жинақтау
6 тапсырма
Постермен жұмыс. Әрбір топ мүшелері өздерінің екінші тоқсан бойынша математикадан алған бағаларын график арқылы салып, түсіндіреді. (қанша «үш», қанша «төрт», қанша «бес». Ең жоғарғы баға,төменгі баға кімдікі екенін анықтау)
Бағалау критерийлері - топ ережесіне бағынуын;
-өткен сабақпен байланысын;
- график арқылы шамалардың өзгерісін,салыстыруынанықтауын;
-қойылған сұраққа нақты жауап беруін;-бірін-бірі бағалауын;
Келесі тапсырма 6,5.Графиктер,№ 1152 есеп

Приложенные файлы


Добавить комментарий