5-сынып, Математика. ЕКОЕ мен Е?ОБ табу?а есептер шы?ару саба? жоспары


Математика, 5-сынып

Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: ЕҮОБ мен ЕКОЕ табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың натурал санның бөлгіштерін,еселіктерін табу туралы туралы білім, білік, дағдыларын, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерін еске түсіре отырып, екі немесе одан да көп санның ең кіші ортақ еселігін,ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға ең кіші ортақ еселік,ең үлкен ортақ бөлгіш ұғымын еске түсіртіп, сандарды жіктей отырып,ең кіші ортақ еселікті, ең үлкен ортақ бөлгішті таба білуге үйрету,өз бетінше есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейту, берілген санның ең кіші ортақ еселігін,ең үлкен ортақ бөлгіштерін табуға есеп шығыра отырып, шығармашылық–танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен қатар, ұқыптылыққа,өз бетімен есеп шығаруға, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сергіту, миға шабуыл, өзіндік жұмыс, есептер шығару, рефлекция,ой қорытынды
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
Сабақты бастамас бұрын жұздызшамен бір бірімізге жақсы тілектер айтайық.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқушылар үйге берілген тапсырманы мұғалімнің алдына қояды. Үйге берілген тапсырма «Идеал тапсырма» болатын. Қай топтың үй тапсырмасына дайын келгенін жұмыс санына қарап білуге болады.
ІІІ Өткен тақырыпты еске түсіру (Миға шабуыл)
Үш топқа мынадай кесте таратылады. Кестені дұрыс әрі нақты толтырған топ оқушылары жоғары ұпаймен бағаланады. ББҮ кестесі таратылып, «БІЛЕМІН», «БІЛГІМ КЕЛЕДІ»деген жолдары толтырылады.ал сабақ соңында «ҮЙРЕНДІМ» жолы толтырылады
Анықтамасы 1-тәсіл. 2-тәсіл. мысалдар
ЕҮОБ
ЕКОЕ ІҮ Шығармашылық бөлім. Оқулықпен жұмыс.
№738 есеп.
35 с.б. 1,5,7,35.
52 с.б. 1,2,4,13,26,52.
3 с.е. 3,6,9. ...
11 с.е. 11,22,33 ..........
№739 есеп.
Кестені толтыр.
2-ге бөлінетін сандар. 3-ке бөлінетін сандар. 5-ке бөлінетін сандар.
94
108
604
710 108
207
825
615 825
615
710
№740 есеп. жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып:
9-ға еселік санды,
3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар.
83*, 2*3, 51*, 76*, 64*, 84*.
9-ға еселік сандар: 837,243,765,648,846.
3-ке еселік сандар: 831,213,510,762,642,840.
Ү. Білімді бекіту (Рефлексия кестесінің «ҮЙРЕНДІМ» жолы толтырылады.)
Үйге тапсырма: №741 есеп, ауызша нұсқау беру.
Қорытындылау: сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім деңгейін, өзіндік жұмыс нәтижесін топтық бағалау картасы бойынша бағалаймын.

Приложенные файлы


Добавить комментарий