5-сынып. Математика Те?деу та?ырыбына саба? жоспары


«Теңдеу» тақырыбына сабақ жоспары
5-сынып, Математика
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өрнекке,теңдікке, теңдіктің түрлері және олардың қасиеттері туралы білімдерін еске түсіре отырып, теңдеу ұғымымен, теңдеудегі белгілі және белгісіз компоненттермен танысу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың теңдік, санды және әріпті өрнек ұғымдарын кеңейте отырып, теңдеу ұғымымен таныстыру, теңдеуді шешуді үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейту, натурал сандарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен қатар, ұқыптылыққа, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару, ой қорытынды
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ.Оқушылардың қызығушылығын ояту
АДАСҚАН ӘРІПТЕР
У РАНАЛТ
ЗАТЙАУ
БЕШІӨКЙТК
СНА
УЕТҢЕД
РӨКЕН
ТЕДҢКІ
ӨНЛ
ТЗУҮ
СЕУЛӘ
ЕСПЕ
ІСЕНКІД
ТӨШБТРҰРЫ
ЗЫҚАЖҚЫТ
РЯДАЗР
ІІІ Жаңа материалды игертуге дайындау
Натурал сан ұғымын кеңейтіп, оларды пайдалануда көптеген әдістер бар екендігін көрсету,натурал сандарға амалдар қолдануға болатындығын түсіндіру. Теңдеуді шешуді, мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығаруды үйрену.
ІҮ Жаңа материалды түсіндіру
Теңдеу ұғымы.
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атаймыз.
1-мысал. 54+4х=70.
Мұндағы, х – белгісіз сан.
Теңдеуді шешу - оның барлық түбірлерін табу немесе түбірі болмайтынына көз жеткізу. Шешуі: 54+4х=70
4х=70-54
4х=16 х=16/4 х=4 – теңдеудің түбірі
Теңдеудің түбірі - әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні.
1-мысал.
(45-х)*3=93.
45-х=93/3
45-х=31
х=45-31
х=14
Теңдеудің түбірі -14-ке тең
Шешуі: 45-х - белгісіз көбейткіш
Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.
45-х=31 теңдеуін шешейік. Мұнда азайтқыш белгісіз.
Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек.
Тексеру: (45-14)*3=93. – тура теңдік.
Себебі: 31*3=93
93=93.
2-мысал.
(х-20)/8=7.
х-20=7*8
х-20=56
х=56+20
х=76
Теңдеудің түбірі -76-ға тең
Шешуі: х-20 бөлінгіші белгісіз.
Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек.
х-20=56 теңдеуін шешейік. Мұнда азайғыш белгісіз.
Белгісіз азайғышты табу үшін азайтқышқа айырманың мәнін қосу керек.
Тексеру:. (76-20)/8=7. – тура теңдік.
Себебі: 56/8=7 7=7.
Есептің теңдеуін құрастырудан бұрын, ондағы шамалардың өлшем бірліктерін бір өлшемге келтіру керек.
Теңдеуді шешуге тақырыптық есептер берілген жағдайда:
Белгісіз шама таңдалып алып, ол х әрпімен белгіленеді;
Тақырып мазмұны бойынша теңдеу құрастырылады;
теңдеу шешіліп, белгісіз шама табылады;
есептің сұрағына жауап беріледі,қажет жағдайда шешімі дұрыстығы тексеріледі.
Есеп. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң олардың жастарының қосындысы 19 жас болады. Қазір қарындасы неше жаста, ағасы неше жаста?
Шешуі:
қарындасы ағасы
алғашқы х х+5
соңы х+4 х+5+4
Онда, (х+4)+(х+5+4)=19
2х+13=19
2х=19-13
2х=6, 19=19
х=3 қарындасы 3 жаста
3+5=8, ал ағасы 8 жаста
Жауабы: 3 жас,8жас.
Ү. Есептер шығару
№412 есепті ауызша шығару.
1)63+х=80
х = 17
2)х/15=0
х=0

3)23-х=15
х=8
4)18/х=6
Х=3
5)х-54=100
Х=46
6)2х+8х=90
Х=9
№413есеп. Теңдеуді шеш
х+23=41. x= 18
36+y=74. y=38
85+z=97. z = 12
x -61=17. x = 78
46-y=24. y=22
53-z=25. z=28
x+97=103. x=6
69-y=15, y=54.
132-z=84, z=48.

№415 есеп. Теңдеуді шеш:
12x=60, x=5
33y=132, y=4
51z=357, z=7
2x-15=13, x=14
7y-25=45, y=10
130-4x=70, x=15
49-3x=34,x=15
9y-89=55, x=16
74-8z=2, z=7.
№416 есеп. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
100 кг магнитті теміртас кенінің құрамындағы темірдің массасы тастың массасынан 44 кг артық. 100кг магнитті теміртас кенінде неше кг тас бар?
Берілгені: барлығы -100кг
Темір – х+44
Тас - х
Табу керек: теміртас құрамында ? кг тас
Шешуі: х+44+х=100
2х+44=100
2х=56
х =28
жауабы: теміртас құрамында 28 кг тас бар
тексеру: 2*28+44=100
100=100.
Мектеп жанындағы шаруашылықтан оқушылар екі күнде 1260 кг картоп жинады, олардың екінші күнгі жинағаны бірінші күнгіден 2 есе артық. Оқушылар 1-ші күні неше кг картоп жинады?
Берілгені: барлығы – 1260 кг
1-ші күні - хкг
2-ші күні -2х кг
Табу керек: 1-ші күні ? кг картоп жинады
Шешуі: х+2х=1260
3x=1260
x=1260/3
x =420
Жауабы: 1-ші күні 420 кг картоп жинады.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту
Жаңа материалды бекіту сұрақтары:
Қандай теңдік теңдеу деп аталады?
Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Белгісіз қосылғыш қалай табылады?
Белгісіз көбейткіш қалай табылады?
Үйге тапсырма: №414,417 есеп (нұсқау беру), тақырыптың мазмұнын оқу.
Қорытындылау: сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім деңгейін, өзіндік жұмыс нәтижесін ескере отырып бағалау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий