Сыныптан тыс іс-шара «Ардагер ?стаз?а бас иеміз»


Сыныптан тыс іс-әрекеттердің жоспары
Мектеп: Байет ЖОББМ
Мерзімі:
Мұғалім: Алпемаш Е.
Сынып: 6
Оқушылар саны: 13
Тақырып: «Ардагер ұстазға бас иеміз»
Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: жанашырлық, қайырымдылық, жақсылық жасау.
Оқудан тыс іс- әрекеттердің өткізу орны: кбинетте, содан соң ардагер ұстаз Ахметова Рысты Иманқызы (жалғыз басты ардагер ұстаздың үйіне бару)
Мақсаты:
Қарт  адамдарға үздіксіз көмек  көрсету,  үлкендерді  құрметтеу,  ата әжелердің ақыл-кеңестерін  тыңдап,  ақ  тілек,  ақ  батасын  алу және оқушылардың қамқорлық пен жанашырлық сезімдерін ояту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1) Оқушыларға үздіксіз қоғамға қызмет ету арқылы қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптастыру.
2) Көмекке мұқтаж, жалғызбастытұратын ардагер ұстаз адамдмен оған көмек көрсету барысында, оқушылардың жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3) Оқушылардың көмекке мұқтаж адамдарға деген қамқорлық көрсетуге, жасы үлкен, қарт ардагер ұстазға деген құрметпен қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, оларды бағалай білуге және мейрімділікке, сүйіспеншіліккетәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
Оқудан тыс іс- әрекеттің өткізудің жоспары:
Оқушылармен әңгіме өткізу; «Қайырымдылық деген не?», «Адам баласына қамқор болу, сүйіспеншілікпен қарау, тек жақсылық көру дегенді қалай түсінесіңдер?»
-Қайырымды болу адам бойындағы ең қымбат қасиет екенін, жақсылық жасау, жақсылықты көру адамның өзінен басталатынын айтып өтемін.
Байет ауылының тумасы Ахметова Р.И (жалғыз басты қарт ұстаз әженің үйіне бару) осы іс – шара бізге бақыт әкеле ме? Деген сұрақ қоямын. Балалардың ойын тыңдап, қорытындылаймын.
Мәлімет жинау:Тандап алған қарт ардагер ұстаз адам жайлы мәлімет жинау, мекен жайын, телефонын алып, алдын ала ол адаммен хабарласып қандай көмек керектігін, тұратын мекен-жайына барып көмек көрсетуге рұқсатын алу.
Дайындық кезеңі:Оқудын тыс іс-шараны өткізбес бұрын, оқушыларға алдын ала біздің не істейтінімізді, не үшін, неліктен және кімге көмек көрсететінімізді, ол адам туралы толық мәлімет беру үшін «Ардагер ұстазға бас иеміз» атты қамқорлық акциясын өткізу. Сонымен қатар, әжеге тарту ретінде жақсы лебіздер, тәтті қоржын, ән мен өлеңдер дайындау. Гүл шоғын да өзіміз жинау.Көмегімізді көрсететін қарт ардагер ұстаз адамға қойылатын сұрақтарды оқушылармен бірге дайындау.
3. Жұмыс құралдары мен жұмыс киімін анықтап алу, кім далада кім үйде жұмыс жасайттынын ақылдасу.
4. Кездесіп, жиналатын орынымызды анықтау.
Оқушылардың бойына жағымды әсер қалдыру мақсатымен сынып сағаты кезінде қамқорлық туралы, жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік туралы өмірден алынған мысалдар келтіру, аңыз-әңгімелерді айту.
«о кувшине» туралы бейнежазбадан үзінді көру Талдау
Әже туралы мәлімет жинау
Тәтті қоржын, гүл, ән және өлең дайындау
Қолғап, тырнақша, күрек тб.
Іс-шара барысында көрсетілетін қамқорлық.
1. Қарт ардагер ұстаз адамның үйін толықтай жинастырып беру арқылы көмегімізді көрсету.
2. Ардагер ұстазбен рухани-адамгершілік жылы қарым-қатынас құру мақсатында оқушылармен бірге дайындаған сұрақтарымызды қойып, әңгімелесу, ән айтып, өлең оқып құаныш сыйлау, әкелген сыйымызды ұсынып, бір жасап қалу.
Ардагер ұстазбен бірге естелікке суретке түсу.
3.Ардагер ұстаз әженің үйіне барып, ұл балалар -ауласын тазартып (күзгі жапырақтардан), ағаш бұтау, қыз балалар- үйді жинап беру сияқты көмек көрсету.
Мұғалім: ______________ Алпемаш Е.
Мектеп директорының м.а: _____________ Ахметова Г.Б.

Приложенные файлы


Добавить комментарий