4 санын косу кестесі. 1 сынып


Пәннің аты Уақыты: Мұғалім
Сабақтың атауы 4 санын қосу кестесі. Санның құрамы
Мақсаты
4 санының қосу кестесімен таныстыру. Логикалық ойындар арқылы есептер шешу қабілеттерін арттыру
Түйінді идеялар 4 санының қосу кестесін құрып, үнемі сабақта қолдана алу
Күтілетін нәтиже Амал таңбаларын қолданады, 4санының құрамын есте сақтайды, топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа үйренеді.
Көрнекіліктер Математикалық жұмбақ, логикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, оқулық, дидактикалық материалдар
Ұйымдастыру Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан
1-ге 1-ді қосамыз,
Оған 1-ді қосамыз.
Шыққан санға тағы да
1-ді солай қосамыз
Жұмбақтар шешу арқылы санын табу. Сол санға байланысты топқа бөлу. Қолдарына парақша беру. Парақшада сан жазылып тұрады, сол сан бойынша сан жазылған топқа отырады. Әр топ өздері отырған топтың саны туралы санамақ айтады. Керекті оқу құралдарын алып, сабаққа дайындалады
4 саны
Қызығушылықты ояту Мен «4» деген цифрмын,
Екі-екіден тұрамын.
Болса екі жұп ортақ,
Төртеу болар сол уақыт.
Аттың бар төрт аяғы,
Жақын болар ұзағы.
1 жылда 4 мезгіл
Бір-бірінен әдемі.
Жазуға да жаттықтық
Бір аяқты сатыны.
Үш санынан соң келеді.
Бұрыш пайда болады. 4 саны туралы түсінік алады
Мағынаны тану Көрнекілікті пайдаланып, 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу, азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып, демонстрациялап көрсету.Дәптермен жұмыс. Санамақтар жарыса оқылады.1. Жақсы ұмытпай қайталаған оқушыларды шығарып қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындыларды жазып өрнектің мәнін тапқызу.1 + 4 = ---------- 3 + 4 = --------- 4 + 5 =5 – 4 = ---------- 7 – 4 = --------- 10 – 4 =2. Ауызша кестені толтыру.□ 4 5 6□ + 1 8 9 10
Қысқа кесіндіден ұзындығы 4 см артық кесінді сыз. Ұзын кесіндіден ұзындығы 5 см кем кесінді сыз Санамақты кезегімен айтып
Сергіту сәті «Саңырауқұлақ теру»
2 санын қосу кестесін және 3 санын қосу кестесін шығару Жылдам есептеуге үйренеді және сергіту сәті
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма
Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата
Математикалық диктант. Қол тақтамен жұмыс
4 пен 2 қосындысы, 5 пен3 қосындысы
8 бен 3 айырмасы, 10 мен 9 айырмасы
1-жұп: Азайту компоненттерін атау, мысал
2-жұп: Қосудың компоненттерін ата, мысал
Тиіндер жаңғақ жинайды
Қосымша есептер шығару
Үйге тапсырма Қосу мен азайтуға есептер шешу
Қосу кестесін жаттау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Есеп шығарған оқушыларды мадақтап, жиынтық баға шығару
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Топтастыру стратегиясы
=4
4-4
3-ті қосу кестесін айтып шығады

Приложенные файлы


Добавить комментарий