Саба? жоспары: ?алды?пен ауызша б?лу


15.02.16ж.Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен ауызша бөлу Сабақтың мақсаты: а) көбейту және бөлудің кестелік жағдайы жәнеқалдықпен бөлу туралы білімдерін бекіту.көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру; ә) оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерінарттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру; б)ойындар арқылы балаларды ұйымшылдыққа, өз беттерімен жұмыстана білуге, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.Көрнекіліктер: қысқы ойындар суреттері , дидактикалық үлестірмелер, фигуралар.Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ .Қайырлы күн достым Тамаша болсын күн Сықырлаған аппақ қысТаңғажайып ойынға толсын Ойынымыз қызықты болып Көңіліміз шаттыққа толсын.Оқушылар 3 топқа бөлінген.Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны таңдайды.Оқушылардың топтары геометриялық фигуралардың атымен аталады. Фигуралармен бағалау.1-топ.Тік төртбұрыш 2-топ.Үшбұрыш 3-топ.ШаршыII..Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақтар шеңбері» әдісі1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)5. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)ІІІ. Жаңа сабақ: Қалдықпен ауызша бөлу. Көркем жазу. Ой қозғау:Оқушыларға ыдысқа салынған әр топқа тәттілер салынған ыдыс беріледі.Берілген тәттілерді екі-екіден бөліп алып,нәтижесінде не шыққанын топта талдайды.Қорытынды шығарады.
Мұғалім:-Берілген тәттілерді не істедіңдер? -Бөліп алдық. -Ыдыста тәтті қалды ма? -Қалды-Олай болса бүгінгі тақырыбыз да «Қалдықпен бөлу» болмақ.-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. -Балалар, біз сіздермен бірнеше қазақтың қысқы ойын түрлері туралы білеміз. Қане еске түсіріп жіберейікші:— Балалар,қандай қысқы ойындарды білесіңдер? (Оқушылар жауабы)Шаңғы тебу,коньки, шанамен сырғанау,аққала соғу,хоккей т.б. Қане,енді біз қысқы ойындарына саяхатқа шығайық.Әр ойынға бір тапсырма берілген.Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
Шаңғы ойыны.№1.Қалдықпен бөлуді орында.Коньки ойыны. №2 мысал. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.Тақтамен жұмыс.
.Шанамен сырғанау ойыны .Есеп 3.Шешуі:250:5= 50 Жауабы: шырынды гүлдің 50 түрі өседі. ә)Шешуі: 40*10= 400+470= 870 Жауабы? жеміс ағаштары өсетін жерден 870 бал алынды. «Аққала соғу» ойыны. №4. Тұрғызамыз аққала. Аққаланы айналып, Би билейміз шаттана. Топпен жұмыс. 1-топ:12 шарды 5 балаға бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына неше шардан тиеді?Неше шар қалады? 2-топ: 7 алманы 3 ыдысқа тең бөліп салу керек.Әр ыдыста қанша алмадан болады?Қанша алма қалады? 3-топ: 29 сәбізді 4 себетке тең бөліп салу керек.Әр себетте қанша сәбізден болды?Қанша сәбіз қалды?"Хоккей" ойыны. №5. Бос тор көзге тиісті санды тауып қой: Ауызша .Өз бетімен орындау.
"Қарлы қамал" жасау ойыны. Өрнектердің мәндерін тап:
IY. Сергіту. Ойын: «Кім жылдам?» ойыны 3 қатарға 3 сұрақтан қойылады.1-топ: 5-ті 3 есе арттыр ; 200 санында неше нөл бар? 6-дан 2 есе артық сан2-топ: 1 м-де неше см бар? 30 бен 50-дің қосындысы ; 3 -ті 2 есе арттыр3-топ:93-тің алдында келетін сан ;1 сағатта неше минут бар? 90 мен 40-тың қосындысы?
Y.Қорытындылау: Карточкамен жұмыс. Логикалық есептер.– Сабақ ұнады ма? Кері байланыс(рефлексия) стикерге жазып плакатқа жабыстыру— Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?— Өткен тақырыптарды қайталадық.— Ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.— Есептер шығардық.— Тақтамен жұмыс жасадық, сұрақтарға жауап бердік.
VІ. Білімді бағалау. Фигуралармен бағалау.-Ия, балалар, олай болса математика бізге керек деп мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнанМатематикаға орын берсең басыңнанБарлық ғылым соған үйір боладыДосың солар табылатын қасыңнан.
Үйге: №7.

Приложенные файлы


Добавить комментарий