Анатілі ?семпаз болма ?рнеге, Сегіз ая? (1 класс)


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әрнеге», «Сегіз аяқ»
Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға,  оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу. 
Міндеті: білімділік-өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; тәрбиелік- адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу. 
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Көрнекілігі: Абай суреті, сабақ кезеңдері (слайд).
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2) Оқушыларды сабаққа дайындау, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Санамақ» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту
«Есептер құпиясы» Кел, ойнайық! «Сөз құрастыр»
5+4 А
10-8 Й
5+2 Б

10-2 А

9 7 8 2
А Б А Й
Топтастыру әдісі
Семей облысы 1845-1904 ақын
 Абайдың суреті сазгер
Аудармашы ағартушы
 
Мағынаны тану.
- Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» , «Сегіз аяқ» өлеңдерімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге  баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады. 
ІV. Оқулықпен жұмыс.
«Әсемпаз болма әрнеге », «Сегіз аяқ» өлеңдерін мәнерлеп оқыту. 
Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау. 
1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?
5. «Сегіз аяқ»өлеңінде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?
V. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
VІ. Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Ой толғаныс.
Бес жолды өлең
Кім? - Абай
Қандай? - Ағартушы, дарынды,білімді.
Не істеді? - Оқуға шақырды, өлең жазды.
Төрт сөзден тұратын сөйлем айту.
Мағыналас сөз. – Ақын ( Сазгер)
А б а й Рефлексия
Сөзжұмбақ
1.Ақ мамық ,ұлпа (Қар)
2. Су жануары ( Балық)
3. Қазір қай ай (Желтоқсан)
4. Жылқы ( Тай)
VІІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.
VІІІ. Мадақтау.

Приложенные файлы


Добавить комментарий