Презентация информатикадан сайыс (7-8 сынып)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

«Үздік информатиктер» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Өткізген:Информатика пәні мұғалімі Хамина Жансая Қайратқызы Сайыстың мақсаты: Оқушылардың «XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру» жайында білімдерін тексеру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту. Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас таланттарға. І кезең «Таныстыру» Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,Достарым отырсың ба елеңдесіп.Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,Алайық біз әуелі сәлемдесіп. ІІ кезең «Құпия жәшік» Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,Асып, тасып, асықпа, қалыспа сенУақыт деген зымырап, зулап жатырШапшаңдық бұл сайыста керек екен. 10 10 10 20 20 20 30 30 30 ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда Ақпарат Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? Компьютерлік вирус Компьютермен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? 60 – 70 см Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі процессор Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютер Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл. архив Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? алгоритм 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. Г.Холлерит ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм Циклдық ІІІ кезең «Венгр сөзжұмбағы» Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.  мтплоттномиыпрртеидекшниеероммрқантрннитонтсөзетропнибайттезрмвпикмереоәиарсоүафцтрихедяйлеіувжлияицснсдаьфикасорабонент Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус ІV кезең «Кім жылдам?» Ең қиынын жарыстыңЖеңіп алда жарыссын, - дей келе келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Экранның бетінде оның тұрағыҚашан болсын жыпылықтап тұрады. Ұзынтұра Жалқаубек,Тұрмай ылғи жатады.Қозғала қалса артынан,Ешбір белгі қалмайды. Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын. Ақпарларды қағазға шығарады,Бұл құрылғы қалай деп аталады? Батырмасын басасың,Қажетті файлды ашасың. Биологияда бұл паразит,Көзге зорға көрінер,Информатикада өлшем бірлікАқпараттарды өлшер V кезең «Сіз білесіз бе?» Топтарға келесі кезең тапсырмаларын орындауға қажетті мағлұматтар!Есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат-сақтау , түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер. Ақпаратты біз әртүрлі нысандардан аламыз, мысалы: Кітап оқығанда Теледидар көргенде Затпен жанасқанда Асты ішіп жегенде Музейлерге барып суреттерді көргенде Әуен тындағанда Ақпаратты адамға оның сезім мүшелері жеткізеді: Ақпарат түрлері (оны қабылдауына қарай): Это интересно Ақпарат көздері Ақпарат түрі Есту Дыбыс арқылы Көру Көзбен көру арқылы Иіс Искеу арқылы Дәмді сезу Ауыз арқылы Сезу арқылы Қолмен ұстап көру Көру Дыбыстық Сезу Иіскеу арқылы Дәм сезу Қыз қандай ақпара алып тұр?: Бұл қызық Ақпарат алудың арналарға бөлінуі? ТАПСЫРМАЛАР Кестені толтырыңыз: жұмсақ ,тәтті, айқай, қызыл, ащы, тікенек, жай дыбыс, қатты, қышқыл, жұпар иісті, ақ-ала. Есту арқылы Көретін ақпарат Дәм сезу арқылы Иіскеу арқылы Сезу арқылы Это интересно Кестенің бос орнын толтыр: Зат Қасиеті Сезім мүшесі Дәл, анық болу үшін адамзат бұрыннан өлшеу құралдарын ойлап тапқан. Төмендегі өлшеуіш құралдарын айтып бер. VI кезең «Бәйге» Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.Ең жоғарғы ұпай-5. Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар. 1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын. 2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын. Осы атқарған жұмысымды үнемі дене шынықтыру сабағында жасап отырамын. 1. 1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы. 2. 1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы. 2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды. 3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз. 4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады. 5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал. 6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.  Компьютер - сенің көмекшің Қаламың әрі қағазың! Керек емес демессің, Аздаған болса хабардың. Үйрену керек бәрінде Ақпараттық заманның.

Приложенные файлы


Добавить комментарий