Алаш ?айраткерлеріні? тіл туралы ?анатты с?здері


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Ақылмен ойлап білген сөзБойыңа жұқпай сырғанар.Ынталы жүрек сезген сөзБар тамырды қуалар. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Шешеннің тіліШебердің бізі. Абай Құнанбайұлы Қазақтың тілі соншалықты мол.  Ләкін қазақтың тіліменен  қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.  Ыбырай Алтынсарин Қазақша жазу — қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес. ….Көген көз  қазағыма қаратып,  мінбе құрып, сол мінбеге  шығарып: “Ақырғы  діліңізді  айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында  жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан  мұра сөзімізді арзандатып алмайық. Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болады. Мұхтар Әуезов Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…   Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. Сәкен Сейфуллин  “Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің  айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін  мәңгі құламайтын бәйтерегі”.  Жүсіпбек Аймауытов “Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай  алмақ  емес,  ондай  ұлт  құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін  бірінші шарт — тілі  болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс,  мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы  біресе желсіз түндей  тымық,  біресе құйындай  екпінді тарихы, сары далада  үдере көшкен  тұрмысы,  асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі  — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің  ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары  күндерде  бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының  тілі біріксе,  ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса,  сөз жоқ, түрік тілінің  келешек тарихында  қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”.  Мағжан Жұмабаев  тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі  мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі  өнеге белгісі.  Бауыржан Момышұлы Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.                                                                                    Өз тілін  сезбеген бала — ана сүтін татпаған  жетіммен тең.                                          М.Әуезов Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші.  Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.                                                                                                                                                М.Жұмабаев)    Сүйемін туған тілді – анам тілін,Бесікте жатқанымда берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнім.  Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!         С.Торайғыров Тіл – мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз, ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз.                                                                                                                                              Т.Шонанұлы Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсәфәсін де меңгереді. Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған.Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.  Ж.Аймауытұлы Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі қор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек. Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.                                                 Х.Досмұхамедұлы  Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.  Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.                                                                                         Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.                                                 Ғ.Қараш Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.   Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі. Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?! Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.         А.Байтұрсынұлы  Жақсы ақынның тілі – бал.Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.Тіл – бұлбұл, сөз бұлақ. Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады. Шәкәрім Сөздің ең ұлысы – тарих!Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс. С.Сейфуллин Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.                                                                                  Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.                                                                                                                                                                           Х.Досмұхамедұлы                      Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенше!

Приложенные файлы


Добавить комментарий