Математика ?ткенді пысы?тау 3 сынып


Математикадан сабақ жоспары
Пәні: Математика Өткізген: Сейпиева А.Х.
Сыныбы: 3 СЫНЫП.
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақ мақсаты: Оқушылар алған білімдерін еркін қолданып өз беттерінше есеп түрлерін шығарады.
Күтілетін нәтиже: Әр түрлі тәсілдермен есептер шығарады.Үлестерді ажыратады.көбейту таблицасын пысықтайды,логикалық тапсырмаларды өз деңгейінде меңгеріп толық жауап береді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сайыс сабақ..Сұрақ-жауап.
Сабақта қолданылатын ресурстар,көрнекіліктер. Тақта, бор, парақтар,кестелер.дидактикалық ойындар.
Миға шабуыл.Жұптық,топтық,жеке жұмыс.АКТ-мен жұмыстану.
Уақыты: Сабақ кезеңдері: Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Кіріспе.
(5 мин) Психология
лық тренинг
Амандасу,сыныпты түгендеу.психологиялық көңіл-күй туғызу.
Сыңғырлады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Табыс тілеп өзгеге
Таза білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
                     
Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей,қане бәріміз бір-бірімізге алақандарынды беріп бір-бірімізге жан жылуымызды сыйлайық.
Әрі қарай от шашу жасау.
Геометриялық пішіндер бойынша топқа бөлу, сол бойынша екі топқа бөлініп отырады.(Тұлпар,
Сұңқар).Сынып ережесі жазылады. Ынтымақ атмосферасын қалыптастырады
,топқа бөлінеді.
Бүгінгі күн терезеден,бізге күліп тұр қарап
Сондай жақсы көңіл –күймен басталады бұл сабақ.
Тұсау кесер.
(3мин) Үй тапсырмасы
№ 4 а және 7сандарының қосындысын өрнек түрінде жаз.Ауызша тексеріледі.
Қар лақтыру әдісі бойынша.
10+7 =17, 20+7=27, 50+7=57,40+7=47,60+7=67,70+7=77 30+7=37
600см=6м 800дм=80м
1000см=10м.. 705см=7м5см. 607см=60дм7см. Топ басшысы тексереді.
Ауызша жауаптарын айтады.
Негізгі бөлім. Мағынаны тану

(3мин)
(5мин)
(7 мин)
(5 мин)
(5 мин)
Миға шабуыл әдісі: тез жауап айту.( Өткенді)
1топ.Тұлпар:-Қандай санды 7-ге
Көбейткенде 56 шығады?(8)ы
-8 шығу үшін 72-ні нешеге бөлеміз?(9)а
Ойланған санды 6 есе арттырғанда, 60 шықты Ойланған санды тап.(10)с
Ойлаған санды6-ға арттырғанда 60 шықты.
Ойлаған санды тап.(54)п
2топ.Сұңқар:-Көбейткіш 4 көбейткіш 9 көбейтіндіні тап.(36)ы
-63-ті 7 ге бөлгенде қандай сан шығады? (9)у
-8-дің квадраты қанша болады? (64)т
-54 санын 6 есе кеміт,Ол қандай сан. (9)қ
пысықтау деген сөз шығады
Керуеншілер ойыны:(5мин)
Оқулық беті-35 №1 Есепті әр түрлі тәсілмен шығар:
Жібек бау -7қызғылт және 3көкшіл
Әр жібек бау-3метрден
Барлығы-?
1тәсіл: (7+3)*3=30
2тәсіл:3*7+3*3=30 Жауабы:30м жібек бау
Тай жарысы:Логикалық тапсырмалар.7мин
1Бөлмеде әр бұрышта бір мысық отырса ,бөлмеде неше мысық бар? (4)
2.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр.Марат1стакан шиені жеп қойды .Неше стакан қалды?(3 стакан.)
3Екі бала шахматты 2сағат ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?(2сағ.)
4Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы 3 жеңіл машина және 1 камазды кезіктіреді. Ауылға неше машина бара жатыр? (1)
5.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (мұз болғанда.)
№2
70л сұйық май құйылған бөшкеден алдымен 3 литрлік 9 банка,артынан тағы да осындай 5банка май сатылды.Бөшкеде неше литр май қалды?
Барлығы-70л
сатылды-3л,9банка және 5 банка
Қалды-?
Ш:1 т:70-(3*9)+(3*5)=70-27+15=70-42=28
Ж:28л май қалды
№3 кесте толтыру (плакатпен жұмыс)
Тік төртбұрыш
тың ұзындығы Тік төртбұрыш
тың ені Тік төртбұрыш
тың ауданы Тік төртбұрыш
тың периметрі
? 3см 24см2 ?
8см 5см ? ?
Бір қорапшаның массасы Қорапшалар саны Жалпы массасы
200г 2 ?г
50г 2 ?г
Тиісті сандарды жаз.Ұзындық өлшем бірліктерін қайталау.
Қыз қуу ойыны:Әр топтан бір қыз бен бір ер бала шығады.(5мин)
Оқулық беті-35. №5 Амалдарды орындау.
Тақтамен жұмыс.
138+9*8 (100-44):8+48:6 72+(106-74):4
(75+25):5+200:4 36:6*7+206 (65-9):(24:3)
Баған түрінде есепте
454+299=753 459+391=850 258+499=757
1000-69=931 1000-49=941 1000-49=951 Өткен білімдерін еске түсіреді пысықтайды.
1.Керуеншілер ойынында Есепті әр түрлі тәсілмен шығарады: Оқулықпен жұмыстанады
2.Тай жарысына қатысып логикалық тапсырмаларды орындайды.тез ойланады.екі топқа ортақ сұрақ.
Оқулықпен жұмыстанады плакатқа жазады.
Оқушылар тақтамен жұмыс істейді
Сергіту сәті
(2мин) Ролик арқылы орындау.
Іс қимылмен жасайды.
Қорытынды: Ой толғаныс.
(4мин)
Бекіту тапсыр-
малары. Теңге алу.ойыны. Тақтаға теңге ілінеді .Теңгеге жету үшін топтың оқушылары кедергілерден өту керек.Кедергілер- тапсырма. Тиісті сандарды жаз.
68мм+32мм= ? 1дм. 8мм+2мм=?1см
96мм+904м=? 1км. 6дм+4дм=? 1м
29см+71см=? 1м 5дм+5дм=? 1м
№7 Шешуін және жауабын тап:
а)Бір қорапқа 7 қарындаш сыяды.Осындай 8 қорапқа неше қарындаш сыяды?7*8=56
ә)Мектеп асханасында 25кг қант бар еді.Әрқайсысында 10 килограмнан тағы 5 қап қант әкелінді.Асханада енді неше килограмм қант болды?10*5=50 50+25=75кг
б)18кг жидектерден 10л тосап дайындалды.20л тосап дайындау үшін неше килограмм жидек қажет?
18+18=36 20л=36кг жидек кетеді
в)Азық-түлік дүкеніне 350 үлкен және 230 кішкентай қорапшалардағы сүзбелер әкелінді.Бірінші күні сүзбелердің 490 қорабы сатылды.Дүкенде неше қорап сүзбе қалды (350+230)-490=90 Ойланады шешеді.. Дұрыс шешімін слайдтың
соңындағы жауаптарымен салыстырады.
Бекіту тапсырма
лары
(2мин) Ыдыстардың әрқайсысына неше литр сұйық құюға болады?
Олардың әрқайсысының көлемі неше куб сантиметр?
1905910505170019940451056010028638511557000 10см
385445171450010см
190563530480002864314051000
10см 10см
38558313066500
20601474454900 10см 20см
Ақ қоржынға сабақтағы ұнаған сәттерін жазады.
Қызыл қоржынға қандай есептер қиындық туғызды,
нені үйренгің келеді жазып ілу.
Рефлек
сия: Бағалау
(3мин) Ұлттық ойындардағы жетістіктеріне асықтар беріліп отырады.Сабақ соңында ұпай сандары асықпен саналады.Белсенді топты мадақтау.
(1мин) Үйге тапсырма
№6 теңдеулерді шеш. 35 бет.
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар
Не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Нені жақсартуға болады? Мен өз дағдымда нені дамыта алдым:Нені өзгеруге болады?

Приложенные файлы


Добавить комментарий