По математике на тему Арифметикалык прогрессия (9-сынып)


Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық прогрессия» тақырыбына есептер шығару Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту және тиянақтап есептер шығару; Дамытушылық:Тақырыптық формуланы пайдаланып, есеп шығару дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қабілетін, логикасын, тілін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа,өздігінен еңбек етуге,ұқыптылық пен жауапкершілікке және топпен жұмыс істегенде әділдікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: бекіту сабағы 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, деңгейлеп – саралап оқыту, топпен жұмыс
Көрнекілігі: тақырыптық кесте, бағалау парағы, деңгейлік тест жұмыстары, үлестірме қима қағаздары,интерактивті тақта мен компьютер
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңіII. Үй тапсырмасын тексеру «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»  III. «Семантикалық карта» толтыру.(Кестедегі формулаға сәйкес дұрыс атауларды анықтау) IV. Оқулықпен жұмыс №189,191
V.«Кім жылдам»-деңгейлік тапсырма. 
VI.Тест жұмысыVII. Шығармашылық жұмыс. VIII. Үйге тапсырма.
Бағалау. 
Рефлексия. 
I. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың даярлығына көңіл бөлу, қатысуын тексеру. 2.Психологиялық дайындық (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) 3.Оқушыларға тілек:(слайд) - Сендердің өз білімдеріңнің көлемін 1,5 есеге артырғандарыңды қалаймын. - Сабақта қателесуге, күдіктенуге, бір-біріңнен көмек алуға болатынындығын хабарлаймын. - Есептер шығаруда шартын түсініп оқуға және әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдануларыңа болатындығын айтамын. - Есептерді шығарғанда және әрбір кезеңдерден өткенде, әрқашанда да алда болуларыңа тілектеспін, себебі «прогрессия» сөзінің өзі, грек тілінен аударғанда «өрлеу,ілгері қозғалыс» дегенді білдіреді. 4.Өтетін сабақтың мақсатымен таныстыру. 
II.«Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»- үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ кезекпен ұяшықтарды дайындайды
1 2 3
4
5 6
7
8 9
1. Сан тізбегі деген не? 2. Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдері бар? 
3.Сан тізбегінің түрлері
4. Арифметикалық прогрессия анықтамасын тұжырымдаңдар. 5. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды? 6. Арифметикалық прогрессияның қасиеті
7.Арифметикалық прогрессияның алғашқы n- мүшесінің қосындысының формуласы. 
8.Арифметикалық прогрессияның n- мүшесінің формуласы. 9. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n- мүшесінің қосындысының формуласы. 

III. «Семантикалық карта» толтыру. 
Атаулары 
an=an-1+an+12d=an+1 - an Sn=a1+an2∙nSn=2a1+n-1d2nan=a1+(n-1)d
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы  Арифметикалық прогрессияның әрбір мүшелерінің қасиеті  Арифметикалық прогрессия n-ші мүшесінің қосындысы  Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы  IV. Оқулықпен жұмыс
№189
сn - арифметикалық пргрессия
с1=25, d= - 4,5
Табу керек: S16 - ? S40 - ?Шешуі:Sn =2c1+n-1d2∙n S16 =2*25+15*(-4.5)2*16=-140S40 =2*25+39*(-4.5)2*40=-2510Жауабы: -140; -2510
№191
2;5;8;... арифметикалық прогрессияның он бесінші мүшесін және алғашқы он бес мүшесінің қосындысын табыңдар.
d=5-2=3 a15= a1+14d=2+14*3=44
S15 = a1+a15215= 2+44215=345Жауабы: 44; 345
V. «Кім жылдам?» -деңгейлік есептер шығару. 
І деңгей (1 ұпай)
1.Арифметикалық прогрессияда а1= - 3,4, d=3. Табыңдар: а11
а) a11=4,6; в) a11=26,6; c ) a11=-26,6; д) a11=-10,2;
ІІ деңгей( 3 ұпай)
1) -22,5;-21;... арифметикалық прогрессия берілген.Арифметикалық прогрессияның 11-ші мүшесін және айырымын табыңдар.
a)a11=-7,5 d=1,5 b) a11=8 d=1,5 a11=-7,5 d=-1,5 a11=8,5 d=3
ІІІ деңгей(5 ұпай)1)Арифметикалық прогрессия сп=11п-78 формуласымен берілген. Прогрессияның бірінші оң мәнді мүшесін табыңыз
А)10; в)11; с)1; д)12
VI. Тест жұмысы
І нұсқа
1.Тізбектердің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады?
1) 3;6;9;12;... 2) -1;-1;-1;-1;... 3) 0;13;1;14;... 4) -5;-1;3;7;...
а)1,2 в)1,4 с)2,3 д)барлығы
2. Арифметикалық прогрессияның а1=1, d=3 екені белгілі. Осы прогрес- сияның алғашқы 4 мүшесін табыңдар.
а) 1;4;7;10,13 в) 1;3;9;27,25 с) 1;-2;-5;-810 д) 1;-3;-7;-10
3. 19;15;11;... арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңыз
а) 7 в)15 с)3 д)5
4.-9;-5;-1;... арифметикалық прогрессияның айырмасы неге тең?
а)-4; в)4; с)3 д)8
5. а15=131, а17=153 а16 мүшесі неге тең?
а)284; в)142; с)215; д)152
ІІнұсқа
1.Тізбектердің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады?
1) 4;6;9;12;... 2) -4;-1;-1;5;... 3) 2;5;8;11;... 4) -9;-4;1;6;...
а)1,3 в)3,4 с)2,3 д)барлығы
2. Арифметикалық прогрессияның а1=5, d=2 екені белгілі. Осы прогрес- сияның алғашқы 5 мүшесін табыңдар.
а) 3;4;7;10 в) 5;7;9;11 с) 3;-5;-5;-8 д) 0;-3;-7;-10
3. 17;13;9;... арифметикалық прогрессияның он бесінші мүшесін табыңыз
а) 63 в)-39 с)73 д)39
4.-18;-15;-12;... арифметикалық прогрессияның айырмасы неге тең?
а)-3; в)4; с)3 д)8
5. а21=129, а23=193 а22 мүшесі неге тең?
А)322; в)162; с)215; д)161
VII. Шығармашылық жұмыс. Саматтың ата-анасы баласының туған күніне жаңадан телефон сатып әпермекші болды. Ол үшін олар банкке, бірінші айда 3000 тенге, ал әрбір ай сайын алдындағыдан 1000 тенге артық ақша салып отырған. 10 ай өткен соң, Саматтың ата-анасының ақшасы қанша болды? Шешімі: а1 =3000 d=1000 n=10 S =? Жауабы: 75000 тг VIII. Үйге тапсырма. №191 (ә),№ 193(а) Бағалау. Рефлексия. ( Керек сөздің астын сызыңдар) 1. Мен көмектестім, маған көмектесті. 2. Есептер оңай, қиын, қызықты болды. 3. Бүгін сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті.

Приложенные файлы

Добавить комментарий