Презентация на тему ?аза? музыкасы


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

 «Қазақ музыкасы»Электронды орта 10-12 жастағы балаларға қазақтың белгілі күйші композиторлары, халық күйшілері, әншілері, музыканттары туралы баяндалады. Сонымен қатар қазақ музыкасының дамуына үлес қосқан өнер қайраткерлері туралы айтылады. Мектеп оқушыларының музыкалық білімін жетілдіру, көркемдік талғамын дамыту мақсатында пайдаланылады. Орталықтың ғылыми - тәжірибелік кеңесінде қарастырылып, баспаға ұсынылдыАвтор-құрастырушы:Нағиева Сырлыгүл Сәрсенқызы – Темір ауданы, Қопа орта мектебінің музыка пәнінің мұғаліміПікір жазғандар:А.Б.Абдрахманова – Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау және тәрбие бөлімінің әдіскері Түсінік хат. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын ән өнері өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Әндер адамның ішкі сезім дүниесін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын, аңсаған арманын, қоршаған табиғат анасын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Біз ән айтуды байырғы ата-бабаларымыз салып кеткен ізбен, шынайы ұлттық өнеріміз дәстүрінде жалғастыруға бет түзедік. Мектеп оқушыларының адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында музыка пәнінен әдістемелік құрал ретінде әртүрлі тақырыпта ашық сабақтар жарияланған.  Күні: 2 қыркүйек 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Халқы ардақтаған екі алып –Жамбыл мен Дина.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Мақсаты: Музыкалық білімін жетілдіру, көркемдік талғамын дамыту.Жоспары:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Ән айту.4. Жаңа тақырып.5. Музыка тыңдау. Қазақ халқының мәдениетінде поэзия мен музыка өнері ерекше орын алады. Халықтың көшпелі тіршілігі поэзия мен музыка өнерінің дамуына ерекше әсер етті. Поэзия мен музыка – біртұтас өнер. ХХ ғасырда поэзия мен музыка өнерінің дәстүрін жаңа ғасырға жалғастырған қазақтың ұлы тұлғалары ақын Жамбыл мен күйші Дина болды. Ұлы Отан соғысында Жамбылдың «Ленинградтық өнерім» атты жыр жолдары жауынгерлердің рухын, халықтың еңсесін көтеріп, жігеріне жігер қосты. Ал күйші Дина болса, жеңіске куә болып, шаттықпен «Жеңіс» күйін күмбірлетті.Музыка тыңдау: «Жеңіс» күйі Дина Нұрпейісова. Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ақын, жырау. Жамбылдың бойына анасы Ұлданның ақындық қасиеті дарыған. Ол – атақты Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Жамбыл «Жыр алыбы» атанған. Ол көптеген жырларды да жатқа орындаған. Жамбыл өсиет, терме, өнегелі толғау, ұсақ дастандар шығарған. Оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» атты дастандары бар. Жамбылдың халыққа танымал атақты айтыстары сақталған. Олар: Жамбылдың Айкүміспен айтысы, Жамбылдың Сарыбаспен айтысы, Жамбылдың Досмағанбетпен айтысы, т.б. Дина Нұрпейісова (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина – атақты Құрманғазының ең дарынды шәкірттерінің бірі. Ұстазынан үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық мектебін жалғастырды. Өзі де көптеген күй шығарды. Оның «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Байжұма», «Жеңіс», «Тойбастар», т.б. күйлері бар. 1939 жылы Мәскеуде өткен Халық музыка аспаптарында орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Ленинградтық өренім! Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін...Қазақстан жерінен, Тұтанғандай ел кегі, Жолды кернеп қол кетті, Сендерге дем бергелі. Нева алабын қорыңдар, Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі!...Ленинград ұл, қызы, Қайыспаңдар, өренім!Ән орындау: «Дос туралы жыр» С. Бәйтереков Күні: 16 қыркүйек 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: «Құрманғазы жайлы бір толғау». Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі  Мақсаты: музыка өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу.Жоспары: Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру. Ән айту. Жаңа тақырып. Музыка тыңдау. Жаңа тақырып: «Құрманғазы жайлы бір толғау» Құрманғазы – қазақ үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Оның есімі халықтың жоқшысы, ел мұңының жаршысы іспетті. Құрманғазының бүкіл өмірі сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасып, әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Халқы аңыз етіп, оны батырға балады. Ерлігін ақындар жырлады. Ақындардың өлең-толғауларына арқау болған ұлы тұлға өмірі, оның ғаламат күйлері аңыз болып тарады. Белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасы ұлы күйшінің шығармаларына тіл бітіріп, қайта сөйлетті. Қазақ даласын ақ патшаның әскері билеп-төстеген кез. Құрманғазы ел-жұртының зорлық-зомбылық көретінін біліп, бойын ашу кернеп, қолынан келер дәрмен жоқ, халқының күш-қайратын, намысы мен жігерін домбырамен жырлады. Ой түйін! Күй – белгілі бір ойға құрылған, мазмұндық желісі бар шығарма.Музыка тыңдау: «Балбырауын» Құрманғазы. Хамит Ерғалиев (1916-1997) – белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Атырау облысы Махамбет ауданы Аққыстау ауылында дүниеге келген. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Әлемдік әдебиеттегі Д. Байронның, В. Шекспирдің, А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, т.б. ақындардың озық туындыларын қазақ тіліне аударған. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Осындай еңбектері үшін 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Ақын – көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Х. Ерғалиевтің «Әке сыры», «Күй дастан», «Құрманғазы», «Жайық жырлары», т.б. көптеген өлеңдер, балладалары мен поэмалары бар. Күні: 23 қыркүйек 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Аңыз болған құлагер.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Паравоз ойыны арқылы оқушыларды екі топқа бөлу..тапсырма 1-топқа Құрманғазы 2- топқа Хамит Ерғалиев.тапсырма тыңдалған Құрманғазының күйінің атын білу. тапсырма екі топтың оқушылары кезекпе-кезек. Ақан сері туралы, Құлагер туралы, Ілияс Жансүгіров туралы өз ойларын жеткізу. Оқушыларды жұлдызша беру арқылы бағалау.Ән орындау : «Қараторғай» Ақан сері Аңыз болған Құлагер Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық,Не қою, не болмаса емес сұйық.Бұтының арасынан ел көшкендей,Жамбастың басы делдек,қуыс қолтық...  Жүрсе де жаздай құры, болмайды тоқ,Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ,Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ,-деп қазаққа аңыз болған Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» атты поэмасына арқау болды. Қазақ халқы қадірлеген Ақан серінің жан серігі Құлагер еді. Халықтың сүйіспеншілігіне айналған сері атағы мен Құлагеріне деген қызғанышын жасыра алмаған Батыраш бүкіл байлық, бақ- дәулет, атақ-даңқ, жүйрік ат менде ғана болу керек деген Батыраш Қүлагерді қастандықпен өлтіреді. Қазақ жері мен халқын әнімен баураған Ақанға тұлпары Құлагерден айырылу басына түскен ауыр әрі орны толмас қаза болды. Ақанның басына түскен ауыр қайғыны ақын Ілияс Жансүгіров өзінің «Құлагер» атты поэмасында кеңінен толғайды. Құлагердің қазасы Ақанның әнін туғызбай қоймайды. Ақан Құлагерім деп жоқтау әнін зарлады. Бұл ән естіген халықтың қабырғасын қайыстырды. Ел аузында Ақан мен аты Құлагер аңызға айналды. Ілияс Жансүгіров (1894- 1938) –ақын, жазушы. Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын бітіреді. Алғашында мектепте мұғалім болады , кейінен көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жыл жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. Шоқтығы биік ақын көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьесалар мен романдар жазып қалдырды. Ақан сері (1843- 1913)- әнші, композитор, сал- сері. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақанның шын аты –Ақжігіт Қорамсақұлы .Ол жасынан ауылда, сонан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Халықтың еркесіне айналып, сері атанған. Ақанның «Маңмаңгер»,»Құлагер», «Балқадиша», «Қараторғай», «Сырымбет» әндері бар.  Сағақ – жылқының тамағының астындағы жағы.Музыка тыңдау : «Балқадиша» Ақан Сері. Күні: 18 қараша 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Таңбалы тастар сыры.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Мақсаты: Тарих пәнімен, бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.Жоспары:Ұйымдастыру бөлімі.Үй тапсырмасын тексеру.Ән айту.Жаңа тақырып.Музыка тыңдау. Үй тапсырмасы: Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі дүниеге қалай келді?Тәттімбеттің басқа қандай күйлерін білесің?Не себепті Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» деген атпен танымал болды?Ақын Ж. Нәжімеденов Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін өлең жолдарымен қалай өрнектейді? Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен өнердің ең көне түрі – таңбалы тастардағы бейнелер. Ерте замандардағы аңшылар таңбалы тасқа арқар, бұқа, ат, құлан, бұғы және түйе малдарын бейнелеген. Сан ғасырлар бойы суретшілер ғұрыптық билердің қимылын, қолдарына түрлі қару ұстаған аңшылар мен жауынгерлердің шайқасын, ат үстіне, түйе мен бұқаға мінген жасақшылардың бейнесін, Күн басты құдайларды таңбалы тасқа қашап кеткен. Таңбалы тастағы суреттерді әуелде таспен, кейін темірден жасалған арнайы құралдармен салатын болған. Таңбалы тастардағы бейнелер жай ғана сурет емес. Ол – адамдар үшін киелі саналған аңдар мен жануарлардың, өмірдің ғажайып құбылыстары мен оның құрылымын бейнелейтін көріністер. Әлібай және Сәуле Бапановтар Қызылорда облысында дүниеге келген. Суретшілердің шығармашылығындағы басты бағыты – гобелен өнері. Олар өз туындыларында қазақ халқының дәстүріндегі алаша тоқу өнерін негізге алды. Әлібай және Сәуле Бапановтардың гобелендері тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал болды. Бапановтардың көптеген туындылары Қазақстанның және Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Польша, Франция мұражайларында орын алған. Қазақстан аймағындағы таңбалы тастағы бейнелер сақталған.Гобелен – жібек жіптерден немесе жүннен тоқылған кілем түрі. Музыка тыңдау:Тапсырма: Салынған түйенің суретін бояу.Бекіту сұрақтары: 1. Ертедегі аңшылар таңбалы таста нені бейнелеген? 2. Түйе малына арналған қандай аңыз-күйлерді білесің? Күні: 2 желтоқсан 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат бейнесі.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Мақсаты: Музыкалық білімін жетілдіру, көркемдік талғамын дамыту.Жоспары:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Ән айту.4. Жаңа тақырып.5. Музыка тыңдау. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ батырларының өнердегі көркемдік бейнесі. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрғұлы, Қарасай сынды қазақ батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан-байтақ туған атамекенімізді жаудан қорғап, халықтың рухын көтереді:1. Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?2. Әдебиеттегі батырлар есімін білесіз бе?Ән орындау. «Желтоқсан желі» Ә.. Тінәлиев. Музыкадағы табиғат бейнесі. Көшпелі халықтардың өмір тіршілігі табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты. Қазақтың көптеген күйші-композиторлары табиғатты музыка тілі арқылы бейнелейді. Күйді тыңдасаң, табиғатқа жан бітіргендей әсерде қаласың. Құрманғазының «Алатау» күйінде мыңдаған аттың дүбірін дәл беретін кең байтақ сары даласын суреттейді.Күй тыңдаушысына күш- қайрат пен жігер бергендей. Бағданның «Жем суының тасқыны» атты күйінде Жем өзенігің бұйра толқындары мен иірімдерін көз алдыңа елестетесің. «Өмір- өзен» деп ақындар өлеңмен суреттесе, композитор адам өмірі мен қилы тағдырын күймен бейнелейді. Ал Мағауия Хамзин өзінің «Жайлау» атты күйінде сұлу табиғат пен көк шалғынды суреттеген. Күй тыңдаушыға қуаныш пен шаттықты көңіл күйді сездіреді. Әлемнің және қоршаған ортаның сұлулығын жасау бейнелеу өнерінде ең басты тақырыпқа айналып отыр. Әбілхан Қастеев «Қарлы Алатау» атты суретінде таудағы суретінде таудағы қыстың бір күнін көреміз. Қарға оранған тау шыңдары күн сәулесімен шағыласады. Әбілхан Кастеевтің таудағы жазғы жайлауды бейнелеген суреті дүниеге келді. Біз тағы да суретшімен бірге тау басына шығып, жазғы табиғаттың сұлулығын көре аламыз.Күйші Құрманғазы мен Ә.Қастеев әр дәуірде өмір сүрген. Олар өз шығармалары арқылы таудың әсем табиғатын суреттейді Күйші музыка тілімен бейнелесе, суретші ғажайып пейзажы арқылы жеткізе білген. Әбілхан Қастеев (19904- 1973)- кәсіби сурет өнеріне өмірін арнаған қазақтың шыққан алғашқы суретші. Алматы облысы Жаркент ауданында дүниеге келген. Ә.Қастеев – қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалаушы. Оның 1000-нан аса суреті бар. Пейзаж – бейнелеу өнеріндегі жанр. Табиғатты немесе бір аймақты бейнелеген сурет (дала,тау,ауыл,қала) Тұрмыстық жанр – адамның қоғамдағы және күнделікті өмірін бейнелейді. Музыка тыңдау.Құрманғазы «Алатау» күйі. Бекіту сұрақтары : Табиғатты бейнелейтін қандай күйлер мен өлеңдерді білесің ? 2. Ә.Қастеев тің «Қарлы Алатау» суретінде не бейнеленген ? Күні: 9 желтоқсан 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Қазақ вальсі.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Түрі: Саяхат сабақ.Мақсаты: Музыкалық білімін жетілдіру, көркемдік талғамын дамыту.Жоспары:Ұйымдастыру бөлімі.Үй тапсырмасы.Ән айту.Жаңа тақырып.Музыка тыңдау. Саяхатқа шығу.1. аялдама. Ой толғау.Үй тапсырмасы.2. аялдама. Музыка әлемінде.3. аялдама. Ноталар әлемінде.1-аялдамада оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.Тақырыбы : Ой толғау2-аялдамада. Тақырып бойынша сөздікпен жұмыс.Жанр, пейзаж, прелюдия – дегеніміз не ?3-аялдамада. Ноталар әлемінде .До мажор гаммасындағы тұрақты, тұрақсыз дыбыстарды ата.Ән орындау: «Ағаларым» Ә. Бейсеуов. Жаңа тақырып: Қазақ вальсі. Вальс біздің өмірімізбен етене араласып кетті. Мектеп бітіруші түлектердің «Қоштасу вальсі», жас жұбайлардың алғашқы «Махаббат вальсі», «Бал» аталатын арнайы ресми жиын мерекелердегі вальс, саябақ, алаң немесе әртүрлі сахналардан вальс билерін жиі көріп, тамашалауға болады. 1940 жылы Сәбит Мұқановтың «Екі мереке» атты радио қойылымына композитор Латиф Хамиди арнайы «Қазақ вальсі» атты әнін жазды. Бұл әннің алғашқы орындаушысы Күләш Байсейітова. Ал Шара Жиенқұлова болса, бұл әнге жаңа би қойылымын жасауға үлкен ықыласпен кіріседі. Вальс биі өз бастауын Австрияның «лендлер» және чехтың «матинин» атты халық билерінен алады. Белгілі қылқалам шебері Гүлфайрус Ысмайлова Шараның өнеріне тәнті болып, оған «Қазақ вальсі» деген суретін арнайды. Латиф Хамиди (1906-1983) – қазақ халқының белгілі дарынды композитор. Татарстан Республикасында дүниеге келген. Қазақстанның халық артисі. Ол алғаш рет вальс, романс,марш, симфониялар сияқты жаңа жанрларда еңбек етті. Композитор Ахмет Жубановпен бірге «Абай» операсын жазған. Бисенғали Ғизатовпен «Домбыра үйрену мектебі» және Хабидолла Тастановпен бірге «Диридерлік етудің негіздері» атты зерттеу еңбектерін қалдырды. Шара Жиенқұлова (1912-1991) – алғашқы билерін жасап, сахнаға шығарған қазақ бишісі.Қазақстанның халық артисі. Өзінің алғашқы шығармашылық жұмысын Қазақ драматеатрының актерлігіне бастайды. М. Әуезовтың «Еңлік- Кебек» және «Қарагөз» спектакльдерінде Еңлік пен Қарагөздің рөлін сомдаған. Ол М. Әуезовтың «Айман- Шолпан» және Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр»,»Ер Тарғын» сынды операларына би қояды. Сонымен қатар «Амангелді» кинофильмінде Балымның рөлінде ойнаған. Музыка тыңдау.Бибігүл Төлегенова «Қазақ вальсі». Күні: 13 қаңтар 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Қазақстанның скрипка мектебі.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Жалпы ІІ- тоқсанда өткен тақырыптарға тоқталу. Таңбалы тастар сыры. Қазақ батырларының өнердегі көркемдік бейнесі. Музыкадағы табиғат бейнесі. Ой толғау. Қазақ вальсі.Музыка және бейнелеу өнеріндегі өнерпаз бейнесі.Оқушылар мұғалімнің әрбір сұрағына жауап береді.Ән орындау. Ақ көгершін А. Жұбанов. Жаңа тақырып: Қазақстанның скрипка мектебі. Қазақстандағы кәсіби өнердің дамуының өзіндік тарихы бар. Алғаш рет еліміздің 1932 жылы музыкалық-драмалық техникум ашылды. Айман Мұсаходжаева 1998 жылы Астана қаласында Қазақ ұлттық музыка академиясын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университеті) құрып, оның ректоры болды. Қазақстандағы бұл оқу орнында мектеп табалдырығынан бастап, арнаулы орта (колледж) және жоғары білімді кәсіби музыканттар даярланады. Қазақстанның музыка академиясы әлемдегі ең беделді музыкалық білім ордаларының арасынан абыройлы орынға ие болды. Лауреат- музыка сайысының жеңімпазы. «Лауреат» атауы Ежелгі Грекияда пайда болған. Осы атаққа ие болған түрлі сайыстардың жеңімпаздарын лавр жапырақтарынан жасалған тәж кигізіп, марапаттайтын болған. Дипломант – сайысқа қатысушыларға берілетін атақ. Бұл атақ жрғары деңгейде орындаған сайыскерлердің шеберлігі үшін беріледі. Музыка тыңдау : С. Джоплин «Ректайм»Бекіту сұрақтары : Қазақстандағы кәсіби музыка музыка мәдениеті қалай дамыды ? 2. Айман Мұсаходжаева әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты ? Күні: 17 ақпан 2015 жыл.Сыныбы: 6Пәні: МузыкаСабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер.Пән мұғалімі: Нағиева С.С.Қопа орта мектебі Мақсаты: Музыка тарихымен таныстыру.Жоспары:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Ән айту.4. Жаңа тақырып.5. Музыка тыңдау. Үй тапсырмасы: Бақтағы бұлбұл дауыс.Нұржамал Үсенбаева – әлемдік деңгейдегі опера әншісі. Қазақстанның кәсіби өнеріне қосқан өзіндік үлесі бар.Не себепті Н. Үсенбаеваны әлемдек деңгейдегі опера әншісі деп атаймыз?Н. Үсенбаева қандай шет мемлекеттерде өнер көрсетті ?Қандай опера әншілерін білесіңдер ? Ән орындайық. «Ана туралы жыр» Ш. Қалдаяқов. Жаңа тақырып : Оркестрмен тілдескен дирижер. Бүкіл әлемде дирижерге аса құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа жеткізетін –дирижер. Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып, оған дирижерлік еткен әйгілі композитор, ел мақтанышы Ахмет Жұбанов болды. Ахмет Жұбанов (1906-1968) – композитор, музыкатанушы-ғалым, дирижер ерекше дарын иесі. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Ол ел ішіндегі орындаушылардың басын қосып, оркестр ұйымдастырды. Осы оркестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақ дәстүрлі музыка мәдениеті мен Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Қазақ елінде тұңғыш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов болды. Алан Бөрібаев жас дирижер Еуропа елдеріне қазақ халқының да өнері мен мәдениетін дәріптеп келеді. Ол А. Жұбановтың «Тәжік билерін», сондай –ақ композитор Латиф Хамиди мен Ахмет Жубановтың бірігіп жазған «Абай» операсынан «Симфрниялық сюита» жасап, оны оркестрге өңдеп түсіріп, Германия тыңдармандарына ұсынды. Ата дәстүрін жалғастырған жас дирижер Алан Бөрібаев қазақ музыка мәдениетіне өз үлесін қосуда.Музыка тыңдау : «Тәжік биі № 1» А. Жұбанов Пайдаланылған әдебиеттер : 1. Қайда да біргесің, туған ел. Ә. Бейсеуов. Алматы «Өнер» 1984 ж.2. Ән өнері және уақыт. М. Ахметова. Алматы «Өнер» 1993 ж.3. Өнер. Қ. Болатбаев. Е. Қосбармақов. А. Еркебай.. Алматы «Мектеп»2006 ж. Алаштың ардағы. Астана «Руханият» 2010 ж. Музыка 6 класс. А.Райымбергенов. С.Райымбергенова. Ұ. Байбосынова Алматы «Атамұра» 2015 ж. Музыкалық тәрбиелік рөлі. А.Сохор. Музыка - 1978ж. Құстар әні. Н.Тілендиев «Жалын» баспасы - 1976ж.Күйшілер мен күйлер. Х. Қыдырбайұлы Ақтөбе - 1992ж. Айгөлек. Н.Арынова Алматы «Өнер» - 1986ж. Балдәурен. Г.Қ.Жұмашева Алматы «Білім» - 2002ж.

Приложенные файлы

Добавить комментарий